“Карудо” педиатриялық орталығы 2007 жылы құрылған. "Карудо" Қазақстан Республикасында алғашқы болып амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін мамандандырылған балалар медициналық орталығы ретінде есігін ашты. Жыл сайын біздің мамандар семинарлардан өтеді, әр бес жыл сайын мемлекеттік аттестация арқылы өз мәртебелерін сәтті растайды. Бізде жоғары санатты дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары, медицина саласының докторлары қызмет атқарады. Көпшілігі - екінші буын дәрігерлер. Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен марапатталған дәрігерлер де бар. Біздің мамандардың орташа еңбек өтілі 28 жыл. Бізге ең қымбаттыңызды сеніп тапсыруға болады!
Заманауи диагностикалық база "Карудо" балалар дәрігерлеріне қауіпсіз және жоғары сенімді диагностикалық әдістерді тағайындауға, нәтижелерді қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Орталықтың өз зертханасы мен УДЗ кабинеті, сондай-ақ мамандандырылған балалар стоматологиясы бар.
Дәрігердің қабылдауы жайлы жағдайда өтеді: балалар сүйікті мультфильмдерін қарап немесе адмнистратордың қарауымен дамытушы ойындар ойнай алады, ал ата-аналар емдеуші дәрігерлермен тыныш сөйлесе алады.
AA-4 сериялы лицензия № 0106427.