Осы Пайдалану келісімі (бұдан әрі – «Келісім») «ADVT» ЖШС және Интернет желісінде https://www.topdoc.me/ мекенжайы бойынша орналасқан сайттарды немесе мобильдік құрылғыларға арналған TopDoc қосымшасын Пайдалануға ниеттенген және/немесе қолданатын кез келген тұлға арасында жасалады.
1.1 Әкімшілік – «ADVT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, (БСН: 130440012608, мекенжайы: 050004, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 8, «Коба» БЦ, 1 қабат).
1.2 Сервис – Интернет желісінде https://www.topdoc.me/ мекенжайы бойынша орналасқан сайттан және мобильдік құрылғыларға арналған TopDoc қосымшасынан тұратын бағдарламалық- аппараттық кешені. Сервистің құқық иесі болып жалпы Әкімшілік келеді, Сервистің жекелеген компоненттерінің құқық иелері болып Әкімшілікке Сервис құрамында тиісті компоненттерді Пайдалану құқығын берген үшінші тұлғалар келуі мүмкін.
1.3 Пайдалаушы – Сервисті Пайдалануға ниеттенген және/немесе қолданатын тұлға.
1.4 Маман – өз қызметтері туралы ақпарат Сервисте орналастырылған Серіктестің медициналық жұмысшысы немее басқа маман. Егер Маман медициналық жұмысшы болмаған жағдайда, сол туралы мәліметтер Сервисте орналастырылған тиісті Маманның қызметтері медициналық болып саналмайды (профилактикаға, диагностикаға және ауруларды емдеуге, медициналық оңалтуға жіберілмеген).
1.5 Қызметтер – Сервисті пайдалануды қоса алғанда солар туралы мәліметтер Сервисте орналастырылған Пайдаланушыларға Клиникалармен және басқа ұйымдармен көрсетілуге тиіс медициналық және басқа да қызметтер. Әкімшілік қызметтерді көрсетпейді, ол тек қана Пайдаланушыларға Сервисті қолдана отырып Қызметтер туралы ақпаратты ұсынады.
1.6. Оферта - шарт – Әкімшіліктің ниет білдірген кез келген адамға жасаған және барлық елеулі талаптары көрсетілген осы ұсыныс. Бұл ұсынысқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен елеулі болып танылған немесе Қызметтерді көрсету үшін, сондай-ақ Орындаушының мәлімдемесі бойынша келісімге келу үшін қажетті талаптар енгізілді.
1.7. Акцепт – Пайдаланушының Оферта - шарт талаптарын толық және сөзсіз қабылдауын куәландыратын Пайдаланушының кез келген құрылғысында Сервистің кез келген бетін бірінші рет ашуын қоса алғанда, Сервисті пайдалану бойынша Пайдаланушының кез келген әрекеттері.
1.8. Серіктес – өздері туралы мәліметтер Сервисте орналастырылған ұйым немесе жеке кәсіпкер. Серіктестермен Сервисті пайдалана отырып ұсынылатын медициналық қызметтерді тек қана медициналық қызметті іске асыруға берілген қолданыстағы лицензиялары бар Серіктестер көрсетулеріне болады.
1.9. Дербес деректер – электрондық, қағаз және (немесе) басқа материалдық жеткізгіште бекітілген белгіленген жеке тұлғаға қатысты, Оферта – шартпен реттелген мәліметтер.
1.10. Дербес деректерді жинау – Дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер.
1.11. Дербес деректерді өңдеу – Дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер бағытталған іс-әрекеттер.
1.12. Үшiншi тұлғалар – дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау бойынша олармен (онымен) мән-жайлар немесе құқық қатынастары арқылы қазіргі уақытта да, болашақта да байланысты болатын тұлғалар.
2.1 Пайдаланушы Әкімшілікпен өз дербес деректерін өңдеуге мобильдік қосымшаға кірген кезде онлайн-жазылу нысанында «Жазылу» түйінін немесе «Кіру» түйінін басу жолымен, немесе Әкімшіліктің колл-орталығына жүгінген кезде қоңырауға жауап алғаннан және сәлемдесу хабарламасынан кейін оператормен әңгімені жалғастыру жолымен, немесе Әкімшіліктің колл-орталығына WhatsApp мессенджерімен жүгінгеннен кейін оператормен чатты жалғастыру жолымен келісімін береді.
2.2 Сайтқа кіруді іске асырып, сонымен осы Келісімді жасаса отырып Пайдаланушы Келісімді жасасуға және орындауға қажетті барлық құқықтар мен өкілдіктері, оның ішінде кәмелетке толғандығына және толық әрекет қабілеттілігі бар екендігіне кепілдік береді. Әкімшілік Пайдаланушыдан кез келген уақытта құқықтары мен өкілдіктерін растайтын ақпарат пен құжаттарды талап етуге құқылы.
2.3 Сервисті және оның кез келген компоненттерін, оның ішінде оны қарау, ақпаратты іздеу, кез келген сервистерді пайдалану (әрі қарай - Сервисті пайдалану) тек қана осы Келісіммен белгіленген нысанда осы оферта (акцепт) талаптарын толық және сөзсіз қабылдау талабын орындай отырып пайдалану мүмкін.
2.4 Осы Келісім талаптарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Сервисті пайдалануды дереу тоқтатуа міндетті.
3.1 Осы Келісім бойынша Әкімшілік Пайдаланушыға Сервисті пайда табумен байланыстырылмаған жеке мақсаттарда, Мамандарды, ұйымды, нақты Маман немесе Серіктеске жазылуды іздеуді іске асыру, бар Серіктестер туралы ақпараттандырылу және Мамандар туралы ақпаратпен танысу, сондай-ақ телемедициналық технологияларды қолдана отырып Мамандардың кеңестерін алу үшін тегін пайдалануға мүмкіндік береді.
3.2 Мамандардың қабылдауына жазылу және Қызметтерді қабылдау кезінде Мамандармен байланыс орнату үшін арналған Сервистің функционалы тегін болады. Солар туралы мәліметтер Сервисте орналастырылған Мамандармен көрсетілетін қызметтер ақысы Пайдаланушымен тиісті Серіктестерге төленуге жатады.
3.3 Әкімшілік медициналық ұйым немесе медициналық ұйымның өкілі болып табылмайды, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес қандай да болса медициналық қызметтерді көрсетпейді.
3.4 Пайдаланушы Сайтты пайдаланудың төмендегі келесі ережелерін сақтауға міндеттенеді:
3.4.1 Тіркелу немесе қабылдауға жазылуды рәсімдеу сәтіне дейін Пайдаланушы Оферта – шарт талаптарымен танысуға міндетті, егер Оферта – шартта мазмұндалған талаптармен келіспеген жағдайда ол Әкімшілік Сайтында тіркеуден өтпеуге (немесе) Әкімшілікпен көрсетілетін кез келген қызметтерді алмауға міндетті
3.4.2 Сайтты пайдаланған кезде Пайдаланушының Әкімшілік сервері ресурстарына, Дербес есептік және өзге Пайдаланушылардың басқа деректеріне, сондай-ақ Интернет желісі арқылы қолжетімді басқа да кез келген деректерге рұқсатсыз қол жеткізуге бағытталған кез келген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.
3.4.3 Пайдаланушы Әкімшіліктің Оферта – шарт талаптарына енгізілетін өзгерістерді өз бетінше қадағалайды;
3.4.4 Пайдаланушының Сервиске қандай да болса өзгерістерді енгізуге талап ету құқығы жоқ. Әкімшілік Сервистің коммерциялық жарамдылығына жауапты болмайды, Сервистің Пайдаланушылардың арнаулы талаптарына сәйкестігіне және Сервис тараптарын Пайдаланушы ілтипаттарына сәйкес баптауға, сондай-ақ Сервистің бағдарламалық жасақтамасы ақаулар мен қателерден толық түрде бос екендігіне және үздіксіз және міндетті тәртіпте жұмыс істейтіндігіне кепілдік бермейді.
3.4.5 Пайдаланушы Сервисті пайдалануды тек қана өз жауапкершілігі мен қауіп-қатеріне жүзеге асырады. Әкімшілік Сервистің лайықты қызмет етуіне кепілдік бермейді және Пайдаланушыға Сервисті Пайдалану нәтижесінде келтірілген зиян үшін жауапты болмайды. Әкімшілік Пайдаланушының пайдаланған жабдықтың, басқа да бағдарламалық жасақтаудың немесе байланыс арналарының үшінші тұлғалардың рұқсатсыз (құқыққа қарсы) озбырлығынан дербес деректерді қорғау бойынша белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан өзiне қолайсыз салдардың туындайтын немесе туындауы мүмкін тәуекелі үшін жауапты болмайды.
3.4.6 Пайдаланушының Сервисті жарнамалық сипаттағы хабарламаларды тарату және Сервисті тікелей пайдалануға қатысы жоқ іс-әрекетерді жасау үшін пайдалану құқығы жоқ. Пайдаланушының Сервистің бағдарламалық кодын, Сервистің қандай да болса контентін (оның ішінде осылар, бірақ шектеусіз: деректер базасын, мәтін, дизайн элементтерін, графикалық бейнелеулер) Әкімшіліктің жазбалы рұқсатынсыз пайдалануға (оның ішінде жаңғыртуға, көшіруге, өңдеуге, кез келген түрде таратуға) құқығы жоқ.
3.4.7 Сервисті пайдалана отырып Серіктестердің қызметтерін алған кезде Пайдаланушы Мамандарға әдептілік пен құрметпен қарауға тиіс, көпшілік мақұлдаған мораль және этика нормаларын бұзбауға міндетті. Пайдаланушының алкогольдік, уытты немесе есірткілік жағдайда бола тұра Қызметтерді алуға жүгінуге құқығы жоқ.
3.4.8 Осы Келісіммен белгіленген Сервисті пайдалану ережелерін бұзған жағдайда Әкімшілік бұзушылыққа жол берген Пайдаланушымен осы Келісімді соттан тыс тәртіпте бұзуға және Пайдаланушының Сервиске қолжетімділігін тоқтатуға құқылы.
4.1 Сервис қажетті мамандандыру, біліктілік, жұмыс тәжірибесі бар Мамандарды немесе Қызметтерді іздеуге, қабылдауға жазылу үшін қолжетімді уақыт интервалдары туралы ақпаратты алу және сондай жазылуды ұйымдастыру, сондай-ақ Қызметтерді телемедициналық технологияларды пайдалана отырып алу үшін арналған. Сервисте орналастырылатын Мамандар туралы ақпарат Әкімшілікпен тікелей Серіктестерден, Мамандардан немесе жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінен алынады. Жалпыға қолжетімді ақпаратқа басқасымен қоса медициналық ұйымның веб-сайтында орналастырылған медициналық жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты, мамандандыруы, білімі мен тәжірибесі туралы мәліметтер жатады. Әкімшілік медициналық ұйымдардың сайттарынан алынған мәліметтердің нақтылығын тексермейді және ол үшін жауап бермейді.
4.2 Әкімшілік Серіктестер мен Мамандармен Сервисте орналастыру үшін ұсынған ақпаратты, оның ішінде лицензиялар мен рұқсаттамаларды тексеру үшін барлық орынды шараларды қолданады.
4.3 Сонымен бірге, Әкімшілік аталған мәліметтерді өзектілік пәніне тұрақты тексермейді. Осыған байланысты Пайдаланушы белгілі Маманға жүгінген кезде оның қажетті білімі, біліктілігі, аттестациясы және лицензиясы (рұқсаттамалары) бар екендігіне өз бетімен көз жеткізуге міндеттенеді.
4.4 Сервис сонымен қатар Пайдаланушыларға бар медициналық ұйымдар туралы ақпарат беру мен дәрігерлер туралы ақпаратпен танысу үшін арналған. Әкімшілікпен Сервисті пайдалану туралы шарт жасамаған ондай медициналық ұйымдарға немесе ондай медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне қабылдауға жазылу мүмкіндігі болмайды.
4.5 Сервисте Мамандардың - Серіктестердің медициналық жұмысшыларының дербес деректері жарияланған. Серіктестер - Әкімшілікпен Сервисті пайдалану туралы лицензиялық шарт жасаған медициналық ұйымдар, Маманнан оның дербес деректерін Сервисте жариялау жолымен таратуға келісімін алғаннан кейін Маманның дербес деректерін Сервисте ораналастырады. Әкімшілік деректер өрістерінің толтыру дұрыстығын тексереді де, оларды Сервисте жариялайды. Әкімшілік кез келген сәтте Серіктестен оның Маманының дербес деректерін Сервисте таратуға келісімінің расталуын сұрауға құқылы. Егер Серіктес Мамандардың өздері туралы ақпаратты Сервисте орналастыруға келісімдерінің расталуын бермесе, Әкімшілік Серіктестің Мамандары туралы ақпаратты Сервистен алып тастауға құқылы.
4.6 Әкімшілік Пайдаланушылардың біле тұра дәйексіз және заңнамаға сәйкес келмейтін ақпараты бар комментарийлерін жарияланалуын жол бермеу немесе жою үшін барлық парасатты шараларды қабылдайды, бірақ Пайдаланушылардың комментарийлеріндегі ақпараттың шындығына кепілдік бермейді. Әкімшілік Серіктестердің, Мамандардың немесе Пайдаланушылардың талаптары бойынша комментарийлерді тек олардың айқын дәйексіздігі немесе заңнамаға қарама қайшылығына дәлелдемелер берілген жағдайда ғана жояды. Әкімшілік құзыретті мемлекеттік органдардың заңмен белгіленген тәртіпте қойылған талаптары бойынша комментарийлерді жояды. Әкімшілік кез келген уақытта кез келген комментарийлер мен басқа да кез келген ақпаратты Сервистен өз бастамасы бойынша жоюға құқылы.
4.6 Әкімшілік Интернет-сервистің беттерінде орналастырылған барлық комментарийлердің тиісті дәрігерлер немесе медициналық ұйымдардың қызметтерін пайдаланған Пайдаланушылардан алынғандығына кепілдік береді. Әкімшілік біле тұра дәйексіз және заңнамаға сәйкес келмейтін ақпараты бар комментарийлердің жарияланалуына жол бермеу үшін барлық парасатты шараларды қабылдайды.
4.7 Мамандардың рейтингі Әкімшілікпен белгіленген критерийлер негізінде Әкімшілікпен қалыптастырылады. Әкімшілік оны істеуге құқылы бола тұра, Мамандар рейтингінің есептеу қағидалары мен критерийлерін Пайдаланушыларға толық түрде немесе ішінара жариялауға міндеттенбейді.
4.8 Медициналық қызметтер, дәрігерлердің мамандандырылуы, аурулар, диагностика тәсілдері мен емдеу әдістері туралы ақпарат анықтамалық сипатта болады. Әкімшілік оның шындығына және заманауи ғылыми жетістіктерге сәйкестігіне кепілдік бермейді. Әкімшілік білікті медициналық көмек алу үшін тікелей қажетті мамандандыруы бар, соның ішінде бейіндері Сервисте ұсынылған дәрігерлерге жүгінуді міндетті түрде ұсынады.
4.9 «Дәрігер» термині сайтта медициналық жұмысшыларға, сондай-ақ жоғары кәсіби білімдері бар басқа да тұлғаларға: психологтарға, логопедтерге, дефектологтарға қатысты қолданылады, бұл ретте «Дәрігер» терминін жоғары кәсіби білімдері бар басқа да тұлғаларға қатысты қолдану аталған тұлғаларда медициналық білімдері бар екендігін көрсетпейді, аталған тұлғалармен қандай да болса медициналық қызмет көрсетілуін жорамалдамайды және сайт бойынша навигацияның ыңғайлылығы үшін арналады.
5.1 Әкімшілікпен ақпаратты Интернет желісінде еркін қол жетімді жариялайтын көздерден алынған зияткерлік меншік нысандарын санамағанда, Сервиске немесе Сервистің жекелеген компоненттерін пайдалану лицензияларына, оның ішінде зияткерлік қызмет нәтижелеріне, бағдарламалық кодты, Сервисте орналастырылған деректер базаларына (Серіктестер мен Мамандар туралы мәліметтер), дизайн шығармалырына, мәтіндерге, сондай-ақ дараландыру құралдарына (фирмалық атау, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, коммерциялық таңбалар) қоса алғанда Әкімшіліктің ерекше құқықтары бар. Сервисті пайдалану Сервиске немесе оның кез келген компоненттеріне құқытарды беруді көздемейді. Пайдаланушыға Келісім талаптарына сәйкес Сервисті шектеулі пайдалану құқығы беріледі. Ондай құқық Келісім талаптарына және тараптар арасындағы басқа да келісімдерге сәйкес кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін.
5.2 Сервистің барлық компоненттері осы Келісім талаптары бойынша тегін және «қалай бар солай» жағдайында пайдалануға ұсынылады. Әкімшілік Сервистің кез келген сәттегі қолжетімділігіне кепілдік бермейді. Әкімшілік Ережелерді бұзған жағдайда кез келген Пайдаланушыға Сервисті пайдалану мүмкіндігінен бас тартуға құқылы.
5.3 Әкімшілік Сервистің қызметіндегі жаңылулар мен кемшіліктерді болдырмайтын барлық парасатты әрекеттерді етеді, бірақ оның үздіксіз жұмысына кепілдік бермейді, ол үшін жауаптылықта болмайды және шалыс істеулер туралы Пайдаланушыларды хабардар етуге міндеттенбейді.
6.1 Сервисті пайдалану кезінде Пайдаланушы келесі амалдар: жинақтау, жазу, жүйелендіру, жинау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алып шығу, пайдалану арқылы тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, электрондық пошта мекенжайын, жынысын, жасын қоса алғанда өз дербес деректерін өңдеуге, дербес деректерді (оның ішінде жағдайға қатысты Серіктестерге және Мамандарға) беруге, жіберуге (оның ішінде тарату, қол жеткізу жолдарымен), дара біліктен айыруға, оқшалауға, алып тастауға және жоюға келісімін береді. Пайдаланушы өз дербес деректерін жинауға, сақтауға және Әкімшілікпен жасалған шарт бойынша Пайдаланушылардың өтінімдері мен қоңырауларын өңдеу бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға жіберуге келісімін береді.
6.2 Пайдаланушы аталған ақпаратты жинауға, сақтауға және өңдеуге, сонымен бірге Пайдаланушы Қызмет алу үшін жүгінген Клиника немесе Маманға беруге рұқсатын береді.
6.3 Әкімшілік Пайдаланушылардан алынған ақпараттың құпиялылығын қорғау бойынша шараларды қолдануға, және оны Келісім мен заңнамада аталған жағдайларды санамағанда үшінші тұлғаларға жарияламауға міндеттенеді.
6.4 Әкімшілік «куки» (cookies) жалпысалалық технологиясын пайдалануға құқылы. Куки дегеніміз – веб-сервермен жіберілген және компьютерде сақталатын, Әкімшілікке Пайдаланушының дербес баптаулары мен ілтипаттарын сақтауға, сондай-ақ ол туралы жеке басылық емес ақпаратты жинауға мүмкіндік беретін деректердің кішкентай фрагменті.
6.5 Әкімшілік жазылу үшін бос уақытты анықтау үшін ғана, сол немесе басқа Маманда болған нақты қабылдаулар туралы мәліметтерді жинайды, бұл ретте нақты Пайдаланушының Қызмет көрсету үшін нақты жүгіну фактісін анықтау үшін талдау жүргізбейді және ондай мәліметтерді ашпайды.
6.6 Интернет-сервистің кейбір сервистерін пайдаланған кезде Пайдаланушы Әкімшілікке белгілі мамандандыруы бар дәрігерге медициналық көмекке жүгіну (оның ішінде жүгінуге ниеттенуі туралы) фактісі туралы мәліметтерді хабарлайды. Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында Әкімшіліктің Пайдаланушы мен Әкімшіліктің call-орталығы қызметкерлерінің арасындағы телефон арқылы сөйлесулерін жазып алу құқығы бар.
6.7 Интернет-сервисті қолданып дәрігерге жазылу кезінде Пайдаланушы Әкімшіліктің (немесе call-орталығының) қызметкерлеріне өзінің толық атынан, байланыс телефон нөмірінен, ЖСН, туған күнінен басқа қандай да болса қосымша мәліметтерді немесе ақпаратты бермеуге құқылы.
6.8 Әкімшілік Пайдаланушылардың денсаулық жағдайы мен сырластық өміріне (арнайы дербес деректер) қатысты дербес деректерді қандай да болсын өңдеуді жүзеге асырмайды. Ондай деректерді Пайдаланушылар тікелей және тек қана солардың дәрігерлік құпия шеңберінде құпиялылығын сақтауға міндетті дәрігерлер мен медициналық ұйымдарға береді.
6.9 Әкімшілік алынған дербес деректерді келесі мақсаттарда:
6.9.1 Сервистің сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін;
6.9.2 Сервистің жұмысын жақсарту үшін оған өзгерістерді енгізу үшін;
6.9.3 Сервисті пайдалануға қатысты, оның ішінде өткізілетін науқандар мен арнайы ұсыныстар туралы хабарламаларды Пайдаланушыларға жіберу үшін;
6.9.4 Пайдаланушыда Сервисті пайдалану кезінде, нақты Маманды немесе Серіктесті таңдау кезіндегі қоса алғанда қиыншылықтар туындаған кезде оған қолдау көрсету үшін;
6.9.5 егер Пайдаланушылар соған келісімін берген жағдайда соларға жарнамалық материалдарды жіберу және арнайы ұсыныстар туралы хабарлау үшін;
6.9.6 Пайдаланушылардың Сервис жұмысы бойынша, соның ішінде электрондық пошта бойынша және телефондық сұрауларды өткізу жолдарымен пікірлері мен тілектерін алу үшін пайдалана алады.
6.10 Пайдаланушы келесі әдістер арқылы:
7.1 Осы Келісім бойынша Әкімшілікпен Пайдаланушыға ешқандай ақылы қызметтер көрсетілмеуіне байланысты Әкімшілік пен Пайдаланушы арасындағы қарым-қатынасқа тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама қолданылмайды.
7.2 Әкімшілік қандай да болсын мән-жайлар болса да, оның ішінде бейіндері Сервисте орналастырылған дәрігерлер мен медициналық ұйымдармен көрсетілетін қызметтер сапасы, сондай-ақ соларға байланысты тексерулер, тағайындаулар, процедуралар, емдеу, олардың көрсетуден кейін мерзімге қарамастан тікелей немесе жанама салдары, дұрыс немесе дұрыс емес қолданулынуы үшін жауапты болмайды.
7.3.Әкімшілік Сервисте орналастырылған бейіндерде көрсетілген ақпараттың шындылығына және дәлдігіне жауапты болмайды. Бірақ Әкімшілік ондай ақпараттың расталған және дәл болуына барлық күшін салады.
7.4 Егер Пайдаланушы Сервистен алынған кез келген ақпарат пен материалдарды пайдалануды; Сервистен кетіп үшінші түлғалардың сайттарына ауысуды; Сервисте Мамандармен ұсынылған медициналық және солармен байланысты қызметтерді пайдалануды; Сервистен алынған ақпарат пен материалдарды пайдалана отырып басқа да әрекет етуді ұйғарса, ол сондай әрекеттердің қауіпсіздігі мен нәтижелеріне қатысты Сервис ешқандай кепілдік бермейтінін және солар үшін ешқандай жауаптылықта болмайтынын сезіне отырып ондай әрекеттерді өз тәуекеліне жасайды.
7.5. Әкімшілік авторизациядан кейін Пайдаланушы кіру үшін өз деректерін жоғалту салдарынан өз аккаунтына кіру мүмкіндігін жоғалтқаны үшін жауапты болмайды (егер ондай опция Сервисте болса).
7.6. Пайдаланушы Сервисті пайдалануына байланысты, оның ішінде егер ондай әрекеттер үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеліп соғатын болса, өз әрекеттері үшін үшінші тұлғалар алдында, сондай-ақ Сервисті пайдалану кезінде ҚР заңнамасының сақталуы үшін өз алдына жауапты болады.
8.1 Әкімшілік Пайдаланушыларға, соған тіркелу рәсімінен өткеннен және бірегей сәйкестендіргіш (логин) мен құпиясөз берілгеннен кейін қолжетімдік берілетін Сервистің арнайы тарауын – Жеке кабинетті пайдалануға мүмкіндік береді. Оның ішінде сәйкестендіргіш ретінде, бірақ сонымен шектелмей электрондық пошта мен мобильдік телефон нөмірі пайдаланыла алады.
8.2 Пайдаланушының Жеке кабинетінің бірегей сәйкестендіргіші (логин) мен құпиясөздің тіркестігі тиісті Пайдаланушының қарапайым электрондық қолтаңбасы болып саналады. Пайдаланушылардың электрондық өзара әрекеттестігінің тәртібі осы Келісіммен реттеледі.
8.3 Тіркелмеген Пайдаланушылар үшін қарапайым электрондық қолтаңба құралдары болып бірегей электрондық пошта мекен-жайы мен сондай Пайдаланушының Сервисті пайдаланған кезде көрсетілген мобильдік телефон нөмірі танылады.
8.4 Пайдаланушы Сервисте орналастырылған және Пайдаланушымен, оның ішінде арнайы белгіні («түртіп қою») қою немесе сондай құжаттармен белгіленген талаптарды орындау жолымен қоса алғанда Жеке кабинетте келісілген кез келген құжаттар, сондай-ақ Пайдаланушымен Жеке кабинетті немесе Сервисте тіркелген кезде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайларын пайдалана жіберілген хабарламалар Пайдаланушының қарапайым электрондық қолтаңбасымен қол қойылған және Пайдаланушының өзі қолын қойған қағаздық тасымалдағыштағы құжаттарға баламалы болып саналатындығына келіседі. Тараптар соның ішінде, осы тармақ үшінші тұлғалардан шыққан, талаптары Пайдаланушыға Жеке кабинетте мәлімделуі мүмкін Серіктестермен жасалған шарттарды қоса алғандағы құжаттарға да қолданылады деп келісті.
9.1 Оферта – шарт Пайдаланушы Оферта – шартқа қосылған сәтте, яғни Оферта – шартпен реттелген тәртіпте Пайдаланушы Акцептті жасаған кезде күшіне енеді, және Пайдаланушымен Сервисті бүкіл пайдалану кезеңі ағымында қолданыста болады.
9.2 Әкімшілік кез келген уақытта Сервисте жаңа мазмұнын жариялай отырып, осы Келісім талаптарын өзгертуге құқылы. Келісімнің көкейтесті нұсқасы Сервисте жарияланады және жарияланған сәттен бастап Пайдаланушы үшін міндетті болады. Пайдаланушы Сервисте жарияланған Келісім мәтінін өзгерістермен танысу мақсатында үнемі түрде қарауға міндеттенеді.
9.3. Оферта – шарт, сонымен қоса Оферта – шартты орындауға байланысты туындайтын құқықтық қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсініледі.
«ADVT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН: 130440012608
ЖСК: KZ778560000006515843
Мекен-жайы: 050004, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 8, БЦ «Коба», 1 қабат.