16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • EL Lab PCR, зертхана, клиника

    EL Lab PCR, зертхана, клиника

    Зертхана, Клиника
    Кенесары хан, 61а, Алматы Картадан қарау
    дс-сенбі: 08:00-21:00
    5.0 Рейтинг

    Төлем әдістері:

    • Пластикалық карталар
    • Қолма-қол төлеу

    Жалпы мәліметтер

    EL Lab PCR зертханасы 14 жыл бойы зертханалық диагностика саласында сапалы қызмет көрсетуде.

    Зертхана жеке тұрған ғимаратта орналасқан және заманауи әрі жоғары технологиялық жабдықтармен толық жабдықталған, бұл зертханалық зерттеулерді жоғары деңгейде және қысқа мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді. Біз тек сертификатталған реагенттерді қолданамыз, қатаң сапаны бақылаймыз және медициналық қызметкерлеріміздің біліктілігін үнемі арттыруға қамқорлық жасаймыз.

    Біздің мақсатымыз – инновациялық технологияларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасында сенімді және нақты диагностикалық зерттеулер жүргізу.

    EL Lab PCR зертханасымен ынтымақтастықтың артықшылықтары:

    1. Зертханалық зерттеулердің кең спектрі және нәтиже алу мерзімінің қысқалығы;
    2. Қолжетімді бағалар;
    3. Пациенттер үшін жайлы жағдайлар;
    4. Биоматериалдар алу үшін бір рет қолданылатын стерильді жүйелерді, соңғы буынның тест-жүйелерін пайдалану;
    5. Науқастардың қан сарысуын 7 күн бойы, ал зерттеу нәтижелерін 5 жыл бойы сақтау;
    6. Анализ нәтижелерін мобильді байланыс құралдары және электронды пошта арқылы жедел жеткізу;
    7. Зертханашы дәрігермен кеңес алу мүмкіндігі;
    8. Жеке менеджердің қызметтері және әрбір Пациентке жеке көзқарас;

    EL Lab PCR зертханасы сізге көмек көрсетуге қуанышты!!! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!!!

     

    99 Компанияны ұсынады
    320 пікір
    5.0 Рейтинг