• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2025
  • Алматыдағы пародонтолог

    Пародонтолог — тісті қоршап тұрған тіндердің (тіс еттері, байлам аппараты, сүйек тіні) ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелерімен айналысатын дәрігер. Оның мақсаты — тіс-қызыл иек қосылыстың бүлінуіне және тістердің түсіп қалуына әкелеттін қабыну процестерінің алдын алу.

    Пародонтолог қандай ауруларды емдейді

    Пародонтолог тіс еттері мен айналасындағы тіндерді зақымдайтын патологияларды анықтау және емдеумен айналысады, олардың ішінде:

    • Гингивит — тіс еттінің қан кетуімен және ісінуімен жүретін қабынуы.
    • Пародонтит — тіс байлам аппаратының бұзылуына әкелеттін инфекциялық-қабыну ауруы.
    • Пародонтоз — тіс еттің деңгейінің төмендеуіне және түбірлердің ашылуына әкелеттін дистрофиялық процесс.
    • Тіс етінің рецессиясы— тіс етінің шекарасының патологиялық төмендеуі, ал бұл тістердің сезімталдығын жоғарлатады.
    • Периимплантит — тіс импланттарының айналасындағы тіндердің қабынуы.
    • Тіс етіндегі абсцестер және кисталар — қоршаған құрылымдарды бұзатын іріңнің жиналуы.

    Пародонт ауруларын диагностикалау қалай жүргізіледі

    Тіс еттері мен сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін пародонтолог келесі диагностикалық әдістерді пайдаланады:

    • ауыз қуысының қаралуы — қабынуларды, ісінуді, тіс еттерінің қан кетуін анықтау;
    • пародонтальды қалталар зондтау — тіс еттесіндегі шұңқырлардың тереңдігін өлшеу;
    • рентгендік суреттер (ОПТГ, КТ) — сүйек тінінің бүліну дәрежесін анықтау;
    • микрофлора анализі — қабыну тудыратын патогенді микроорганизмдерді анықтау;
    • гистологиялық зерттеу — жаңа түзінділерге күмән туындаған кезде тіндерді зерттеу.

    Пародонтологқа көріну қажет симптомдар

    Келесі белгілер пайда болғанда пародонтолог дәрігермен кеңесу қажет:

    1. Тіс тазалау немесе тамақтану кезінде тіс еттің қан кетуі.
    2. Тіс еттерінің ісінуі, қызаруы және ауырсынуы.
    3. Ауыз қуысынан гигиеналық процедуралармен жойылмайтын жағымсыз күшті иіс.
    4. Тістердің мойны мен түбірлерінің ашылуы, олардың сезімталдығының артуы.
    5. Тістердің қозғалуы, олардың арасында аралықтардың пайда болуы.
    6. Тіс етінде іріңді ағымдар, жағымсыз сезімдер.
    7. Тісті бляшка мен тастың шамадан тыс жиналуы.
    8. Қондырылған импланттар немесе протездер айналасындағы жайсыздық.

    Пародонтологқа тұрақты бару күрделі қабыну процестерін алдын алады, сонымен қатар тіс еттері мен тістердің денсаулығын сақтауға көмектеседі.

    TopDoc сервисінде Алматы қаласы бойынша

    Ең үздік пародонтологтар: 1 дәрігер

    Нақты пікірлер: 0 пікір пародонтологтарға

    Маңызды!

    Беттегі ақпаратты өздігіңізден диагноз қоюға және емдеуге қолдануға болмайды. Егер сізді қандай да бір аурулар немесе симптомдар алаңдатса, дәрігерге жүгініңіз.

    Корукпасова Эльмира Абаевна
    Жоғары санатты дәрігер
    4.0 Рейтинг
    Балалар мен ересектерге арналған
    Самал 2 ықшам ауданы, 95/4 (Open Clinic медициналық орталығы), 2-қабат, 13-кабинет, Алматы Картадан қарау
    дс-Ж: 09:00-18:00
    5 000 тг
    TopDoc.kz