Жалпы мәліметтер
Стандартты (абдоминалды, вагиналды, лапароскопиялық) және радикалды гинекологиялық операциялар.
Консультация қабылдау, шұғыл шақыруларға консультант/бас дәрігер ретінде шығу.
Онкогинекологиялық науқастарға консультациялық көмек көрсету (сәулелік терапия, химиотерапия, хирургиялық емдеу).
Преинвазивтік диагностика, кольпоскопия, гистероскопия/резектоскопия.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі медалімен марапатталған.
Екі апта ішінде қайта қабылдау - 6 500тг.
Жұмыс тәжірибесі
- 1999-2001 жж. – №1 Қалалық клиникалық перзентхана, акушер-гинеколог;
- 2001 ж. – Н.Н. Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығы, хирургиялық гинекология бөлімі;
- 2001-2003 жж. – Қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы, жедел гинекология бөлімі, акушер-гинеколог;
- 2002-2003 жж. – Қазақстан ғылыми-зерттеу онкология және радиология институты, онкогинекология бөлімі, ғылыми қызметкер;
- 2003-2008 жж. – Қазақстан ғылыми-зерттеу онкология және радиология институты, онкогинекология бөлімі, аға ғылыми қызметкер;
- 2010 ж. – Лейпциг радикалды жамбас хирургия мектебі, Лейпциг университетінің әйелдер және балалар денсаулық орталығы (Германия);
- 2010 ж. – HSK Dr. Horst Schmidt Klinik клиникасы, гинекология және онкогинекология бөлімі, AGO Study Group (Висбаден, Германия);
- 2011-2017 жж. – Республикалық ғылыми-әдістемелік онкогинекология орталығы, жетекшісі;
- 2008-2011 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, акушерлік және гинекология кафедрасының доценті, онкогинекология бөлімінің меңгерушісі (қосымша жұмыстар);
- 2011-2012 жж. – Онкогинекология орталығы – Негізгі әйелдер ауруханасы (Жаңа Оңтүстік Уэльс, Австралия);
- 2014 ж. – Гарвард медицина мектебі (АҚШ), дипломнан кейінгі білім беру бөлімі, «Клиникалық зерттеу принциптері және практикасы»;
- 2015 ж. – Курасики медициналық орталығы (Жапония), гинекология және онкогинекология бөлімі, «Күрделі лапароскопиялық хирургия және онкогинекология»;
- 2017 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Almaty SEMA Hospital, «Бурч Медикал» ЖШС, онкогинеколог дәрігер.
Білім
- 1991-1997 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, «Емдеу ісі» факультеті, қызыл диплом;
- 1995-1997 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, акушер және гинекология кафедрасы, клиникалық ординатура;
- 1999-2002 жж. – Семей мемлекеттік медициналық академиясы (СММА), акушерлік және гинекология кафедрасы, аспирантура.
Біліктілікті арттыру:
- 2012 ж. – Қазақстан ғылыми-зерттеу онкология және радиология институты, «Зиянды ісіктермен ауыратын науқастарды сәулелік терапияның таңдаулы сұрақтары», 234 сағат;
- 2013 ж. – Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, «Гинекологиядағы эндовидеохирургия (лапароскопия)», 216 сағат.
Ассоциацияларға қатысу
- Қазақстан эндоскопиялық гинекологтар қауымдастығының басқарма мүшесі;
- Қазақстан Онкологтар Қоғамының мүшесі;
- Еуропа Гинеколог-онкологтар Қоғамының мүшесі;
- Еуропалық жас гинеколог-онкологтар желісінің мүшесі (ENYGO);
- Халықаралық Гинекологиялық Қатерлі Ісік Қоғамының мүшесі (IGCS);
- Азиялық Гинекологиялық Онкология Қоғамының мүшесі (ASGO).