Жалпы мәліметтер
Ең жақсы дәрігер пациенттердің пікірлері бойынша (2021 жылдың қазаны). Гинекологиялық эндокринология, жатыр патологиясын зерттеу, оперативтік акушерлік және гинекология бойынша үнемі біліктілігін арттыру курстарына қатысады.
«Ламаз» мектебінің әдістемесі бойынша жүктілікті жүргізу, барлық патологияларды емдеу, кольпоскопия әдісін игеру.
15 жастан асқан балаларды қабылдау.
Қабылдау қазақ және орыс тілдерінде.
Қайта қабылдау 3 ай ішінде - 8500тг.
Жүктілікті дұрыс жоспарлау жолдары, қандай дәрумендерді қабылдау, қандай талдауларды тапсыру, екпе жасау қажет пе, бедеуліктің себептері туралы Ляззат Есентаевнаның сұхбатын оқыңыз.
Жұмыс тәжірибесі
- 1990-1991 жж. Балқаш аудандық ауруханасы (Бақанас ауылы);
- 1991-2003 жж. №1 Перзентхана (Алматы);
- 2003-2005 жж. «Достар Мед» медициналық орталығы;
- 2005-2017 жж. «Асмед» медициналық орталығы;
- 2018-2022 жж. «Дади» медициналық орталығы;
- 2022 ж.- осы уақытқа дейін «Жастармед» медициналық орталығы.
Аурулар
- бедеулік;
- созылмалы кіші жамбас аурулары;
- медикаментозды аборт;
- жатыр мойны патологиялары;
- гинекологиялық массаж (декомпрессия);
- әйел жыныс мүшелерінің инфекциялық және қабыну ауруларын анықтау және емдеу;
- жатыр миомасы мен эндометриозды диагностикалау және емдеу;
- жатыр мойнының бастапқы кезеңдегі зақымдануын анықтау және жою;
- контрацепция құралдарын таңдау;
- етеккір циклының бұзылуын емдеу;
- пременопауза кезеңіндегі науқастарды қабылдау;
- жүктілікті жоспарлау;
- іріңді қабынуларды емдеу;
- бала тууға дайындық, түсік және мезгілсіз босануды алдын-алу;
- бедеулікті консервативті және хирургиялық емдеудің заманауи әдістері.
Білім
- 1989 ж. Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Емдеу ісі» факультеті;
- 1990 ж. ҚазМУ, интернатура, «Акушерлік және гинекология» мамандығы.