Жалпы мәліметтер
Жалпы жұмыс өтілі 19 жыл, УДЗ бойынша – 12 жыл. Қазақ (ана тілі), орыс, ағылшын, неміс (сөздікпен) тілдерін меңгерген.
Іш қуысы мен ретроперитонеалдық кеңістікті, кіші жамбас ағзаларын, қалқанша және сүт бездерін, ұма мен жыныс мүшесінің ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу, простатаның трансректалды зерттеуі, ми тамырларының, төменгі және жоғарғы аяқ-қол тамырларының, бүйрек, простата және жыныс мүшесі тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясын жүргізеді.
20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы, үш зияткерлік меншік құқығының куәліктері бар.
Жұмыс тәжірибесі
- 2003-2011 жж. – Б.У. Джарбусынов атындағы урология ғылыми орталығы;
- 2010 ж. – Б.У. Джарбусынов атындағы урология ғылыми орталығы, Кандидаттық диссертация «Нефрогенді гипертониямен асқынған созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқастарда ультрадыбыстық допплерография әдісімен бүйрекішілік гемодинамиканы зерттеу»;
- 2011 ж. - қазіргі уақытқа дейін – «Приват клиника Алматы» ЖШС, УДЗ дәрігері.
Білім
- 1996 ж. – Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, педиатрия факультеті.
Квалификациясын арттыру:
- 2015 ж. – Алтай мемлекеттік медициналық университеті, «Тамыр ауруларының ультрадыбыстық диагностикасы» (Барнаул, РФ).
Ассоциацияларға қатысу
- ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу.