16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Цистит (қазақша)

    Цистит — қуықтың қабынуы. Дербес ауру және урологиялық жұқпаның клиникалық белгісі ретінде де болуы мүмкін. Әдетте циститпен зәр шығару каналының қабынуы, яғни уретрит қатар жүреді.

    Цистит ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі. Бұл анатомиялық ерекшелікке байланысты (зәр шығару каналының қысқа болуы). Ерлерде цистит қуықасты безінің аденомасы, простатит және басқа да қабынулық үдерістерге байланысты дамиды. 

    Біріншілік және екіншілік (басқа ауруға байланысты дамыған), жедел және созылмалы цистит деп ажыратылады. 

    Диагностикасы

    "Цистит" диагнозын қою үшін дәрігер-урологтерапевтотбасылық дәрігер  ең алдымен жалпы зәр талдауын, Нечипоренко бойынша зәр талдауын, зәр шығару мүшелерінің (кіші жамбас, бүйректер) УДЗ тағайындайды. Егер қажеттілік туындаса, зәрдің бактериологиялық себіндісі,  цитоскопия, биопсия тағайындалады.

    Циститтің клиникалық белгілері:

    • жиі және ауру сезімімен зәр шығару
    • зәр шығару каналында күйдіру сезімінің болуы
    • іштің төменгі аймағында ауру сезімі
    • қуықтың толық емес босау сезімі
    • зәрдің лайлануы
    • жалпы дімкәстік, әлсіздік
    • дене қызуының сәл жоғарылауы

    Алғашқы көмек

    Жедел цистит кезінде науқасқа төсектік режимді қамтамасыз ету керек. Көп мөлшерде сұйықтық, зәр айдайтын әсері бар сусындар ішу өте маңызды. Ауру сезімін азайту үшін жылытқыш немесе ыстық суы бар бөтелкені қолдануға болады. Егер клиникалық белгілері екі-үш күн ішінде жойылмаса, онда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

    Емі

    Цистит кезінде дәрілік препараттар немесе фитотерапияны тек қана дәрігер тағайындай алады. Бұл жағдайда өз бетімен емделудің қауіптілігі өте жоғары. Өйткені цистит созылмалы түріне ауысып кетуі немесе асқынуы мүмкін,  сонымен қатар қауіпті аурулардың белгісі ретінде де болуы мүмкін. Ал мұны тек білікті маман ғана анықтай алады.  

    Циститтің асқынулары:

    • интерстициальды цистит – қуықтың шырышты қабатындағы қабыну үдерісінің бұлшықет қабатына таралуы. Уақыт өте келе бұл қуықтың кішіреюіне әкелуі мүмкін. Кішірейген қуық өз қызметін толық орындай алмайды;
    • гематурия немесе зәрде қанның болуы;
    • пиелонефрит.

    Циститтің себептері

    Көп жағдайда циститтің себебі ішек таяқшасы болып табылады. Жыныс жолдары арқылы берілетін бактериялар да циститті шақыруы мүмкін. Ерлерде қуықтың қабынуы жиі қуықасты безінің ұлғаюы немесе жұқпалы ауруларға байланысты дамиды. 

    Қуық қабынуын шақыратын ең негізгі факторға суықтану жатады. Сонымен қатар циститтің дамуына әкеледі:

    • қуықтың аурулары: тонусының төмендеуі,ісіктер, тастар және т.б.;
    • гинекологиялық және урологиялық аурулар;
    • жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар, жұқпалы аурулар;
    • егде және қарттық жас;
    • иммунитеттің төмендеуі; 
    • жүктілік;
    • жиі дұрыс емес, тар, синтетикалық киімді, колготкаларды кию;
    • жеке гигиенаны сақтамау.

    Циститтің алдын алу

    Циститтің алдын алу үшін қуықты дер кезінде босату керек. Зәрді ұстап жүру жиі циститтің дамуына әкеледі. Циститтің алдын алу үшін көп мөлшерде сұйықтық (тәтті газдалған сусындардан басқа) ішу қажет. Жеке гигиенаны сақтау, әсіресе жыныстық қатынастан кейін гигиенаға мән беру өте маңызды.

    Тар синтетикалық киімдерді кимеген дұрыс. Аяқты жылы ұстау керек, ауа-райына қарай киіну қажет. Әсіресе 45 жастан асқан әйелдер қуық қабырғасын нығайту үшін арнайы жаттығулар жасау қажет. Мысалы, санның ішкі жағымен допты қысу жаттығуын жасауға болады. Кеңседе немесе үйде отырғанда бұлшықетті зәр шығару кезіндегідей қысып, оны қайта босатуға болады.

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен уролог немесе нефрологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.