• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • ЖРВИ (жедел респираторлы-вирустық инфекция)

    ЖРВИ (жедел респираторлы-вирустық инфекция) немесе ЖРА (жедел респираторлы ауру) — тыныс алу ағзаларының қабынулық зақымдалуы. Вирустар мен бактериялар шақырады. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді суық тию немесе грипп деп атайды. Тұрғындардың барлық санаты бұл аурумен жиі суық кезеңде ауырады.  

    Диагностикасы

    ЖРВИ мен ЖРА салыстырмалы түрде жеңіл ауру деп санауға болады, бірақ нақты диагностикасы өте маңызды.   Өйткені негізгі симптомдары (безгек, қызу, сырқырап ауыру, тұмау) қауіпті аурулар, мысалы аллергия, гепатит, ауыр жұқпалар туралы айғақтауы мүмкін. ЖРА симптомдары кезінде ауыр дерттің бар-жоғын анықтау үшін дәрігер-терапевт, отбасылық дәрігер немесе отоларингологқа қаралу қажет. Диагностикалық мақсатта жалпы қан талдауын, мұрын бөлінділері немесе қақырықтың бактериологиялық себіндісін жасау ұсынылады. 

    Клиникалық белгілері:

    • тұмау
    • жөтел
    • тамақтың жыбырлауы немесе ауыруы
    • көзден жас ағу
    • дене қызуының 38-38,5 градусқа дейін көтерілуі
    • әлсіздік, дімкәстік, сырқырау
    • тәбеттің төмендеуі
    • лоқсу
    • лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

    Алғашқы көмек

    Аурудың алғашқы күндері төсектік режим, жанындағы адамдарды жұқтырмау мақсатында бетперде тағу ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық (дәрумендік компот, шырын, шәй, қайнатпалар) ішу, емдәмді ұстану (ауыр емес, дәрумендерге бай, нәрлі тағам) ұсынылады.  

    Емі

    Симптомдарды жою мақсатында дене қызуын түсіретін препараттар, қабынуға қарсы спрей немесе тамаққа арналған мұз кәмпиттер, мұрынға тамшылар немесе спрейлер, аллергияға қарсы дәрілер, дәрумендер тағайындалады. Антибиотиктердің вирустық жұқпаға ешқандай әсер етпейтінін және жұқпадан кейінгі асқынулар кезінде ғана дәрігер-терапевт, отбасылық дәрігер немесе отоларингологпен тағайындалатынын есте сақтаған жөн. 

    Себептері

    Әртүрлі вирустар (риновирустар, аденовирустар, энтеровирустар), сонымен қатар бактериялар (пневмококк, стрептококк, менингококк, гемофильді таяқша) бұл аурудың себепшісі болуы мүмкін.

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен дәрігердің кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.