• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Жатыр денесінің миомасы (Миома денесінің казакша)

    Жатыр денесінің миомасы (немесе фибромиомалейомиома) әйелдер мүшелерінің кең тараған ісігі және белгілі гормондардың жоғары деңгейінің нәтижесінде болуы мүмкін. Қазіргі таңда  бұл мәселеге қатысты  беріліп отырған баға бірмәнді емес. Бірақ аурудың пайда болу интенсивтілігін бөліп қарастырады, яғни 30 жастан асқан әр екінші немесе төртінші әйел осы ауруға шалдығады.

    Жатыр денесінің миомасы – әйелдердің репродуктивті мүшелеріндегі қатерсіз ісік. Миома кең тараған ісік түрі болып табылады және 20-40% репродуктивті жастағы әйелдерде кездеседі. Жатыр миомасы дұрыс емес шиеленіскен,  бір немесе бірнеше жұмыр нүктелері бар бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары болып табылады. Миома жалпыланған термин және құрылымы бойынша лейомиома (бұлшықет талшықтарынан түзілген ісік), фиброма (дәнекер тіннен түзілген және таза дәнекер тін түрінде сирек кездеседі), рабдомиома (көлденең салалы бұлшықет тінінен түзілетін ісік), ангиомиома (қан тамыр торы жақсы дамыған ісік) деп ажыратылады. 

    СЕБЕПТЕРІ

    Қазіргі таңда жатыр миомасы дамуының нақты себебі туралы бірыңғай пікір жоқ. Алайда ғалымдар миома гормонтәуелді ісік және оның дамуының негізгі себебі ағзадағы эстроген мен прогестерон гормондар қатынасының өзгеруі деген ортақ пікірге келуде.

    КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

    Көп жағдайда ауру ешқандай белгісіз өтеді. Әсіресе бұлшықет арасында немесе іш астында орналасқан бір немесе көп миома кезінде айқын белгілер болмайды.

    Бірақ миоманың дамуын көрсететін бірнеше белгілер бар:

    • ұзақ көп мөлшердегі етеккір;
    • жыныстық қатынас кезінде ауру сезімі;
    • жиі зәр шығару, қуықтың толық босамау сезімі, сирек жағдайда зәрді ұстай алмау;
    • ішек қызметінің бұзылысы (егер өсіп келе жатқан миома жақын маңдағы ағзаларды қыса бастаса);
    • ауру сезімі немесе іштің төменгі бөлімінде жағымсыз сезімнің болуы;
    • бедеулік, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі;
    • іштің ұлғаюы, ентігу, жүректің жиі соғуы  (үлкен миоматозды түйіндер кезінде).

    ДИАГНОСТИКАСЫ

    Жатыр миомасы диагностикасының негізгі әдістері:

    • гинекологиялық қарап тексеру;
    • микрофлораға, цитологияға, жұқпаларға стандартты гинекологиялық зерттеулер;
    • гормондарға қан талдауы;
    • УДЗ
    • магниттік-резонанстық томография;
    • биопсия.

    ЕМІ

    Миоманы емдеу әдісі түйіндердің көлемі мен санына, сонымен бірге симптомдар көрінісінің дәрежесіне байланысты.  Кіші көлемді симптомсыз миома кезінде жиі күту әдісі қолданылады.

    Жиі медикаментозды ем тағайындалады. Ол ісіктің өсуін тоқтатуға немесе оның көлемін азайтуға, сонымен қатар асқынулардың алдын алуға бағытталады. Бірақ емнің бұл түрі уақытша ғана болып табылады және миомадан толық құтылуға мүмкіндік бермейді.

    Бұдан басқа хирургиялық емдеу нұсқалары да бар. 

    АСҚЫНУЛАРЫ

    Жатыр миомасын емдемесе, ол жылдар бойы өсе беруі мүмкін және қауіпті асқынулар шақырады. Ол әйелдің репродуктивті қызметіне және жалпы жағдайына әсер етеді. 

    Мүмкін болатын асқынуларына жатады: анемия, түсіктер, уақытынан ерте босану немесе бала жолдасының ажырауы, ісіктің метастаздануы. 

    АЛДЫН АЛУ

    Жатыр миомасын алдын алудың арнайы шаралары жоқ. Ауруды дер кезінде анықтау үшін гинекологқа тұрақты қаралу және кіші жамбас қуысы ағзаларының УДЗ жасау ұсынылады. 

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен гинекологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.