16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Герпес (қазақша)

    Герпес — жиі тері және шырышты қабаттарда бөртпелермен көрінетін вирустық ауру.

    Жер шары тұрғындарының 90-95% вирустың тасымалдаушысы, ал 20% жуығы осы вирустармен байланысты дамитын аурулармен сырқаттанады деп есептеледі.  

    Герпестің бірнеше түрлері белгілі:

    • жай (ерін, жыныс мүшелерінде бөртпелердің дамуын шақырады);
    • желшешек вирусы (желшешек пен herpes zoster белдемелі теміреткіні қоздырады)
    • Эпштейн - Барр вирусы (мононуклеоз себепшісі);
    • цитомегаловирус.

    Диагностикасы

    Герпетикалық жұқпа иммундыферменттік талдау (ИФТ) арқылы анық расталады. Себебі бұл әдіс арқылы осы вирусқа қарсы антиденелер (иммуноглобулиндер) анықталады. ИФТ-ның екі түрі болады: сапалық (иммуноглобулиндердің бар екендігін анықтайды) және сандық (титрді, яғни қандағы иммуноглобулиндердің санын анықтайды; неғұрлым титр жоғары болса, соғұрлым аурудың түрі ауыр болады).

    Дерматологдерматовенерологурологгинекологинфекционистневролог сияқты дәрігерлер герпес вирусымен байланысты ауруларды анықтайды және емдейді.

    Клиникалық белгілері

    Жай герпес белгілері жалпы дімкәстіктен басталып, одан әрі бөртпе болатын аймақта қышу мен күйдіру сезімі дамиды. Бөртпе ерінде, ауыз бұрыштарында, бет терісінде, қызыл иекте, сыртық жыныс мүшелерінің бетінде, бөкседе, санда майда көпіршіктердің жиналуы ретінде көрініс табады.  

    Белдемелі теміреткі жүйке жолдары бойымен жүретін ауру сезімімен (невралгия) сипатталады.  Бұған қоса, терідегі бөртпелер бірнеше күннен кейін пайда болады.  Қосымша белгілері — қалтырау, бас ауруы.

    Балалар мен ересектерде желшешек дене қызуының толқын тәрізді көтерілуімен және бөртпелермен ерекшеленеді. Бөртпелер апта ішінде бірнеше рет шығуы мүмкін. Бөртпе шығар алдында болатын клиникалық белгілер барлық жұқпалы ауруларға тән, яғни әлсіздік, құрысу, қалтырау, бас ауруы, жоғары дене қызуы байқалады. Бөртпе ішінде мөлдір сұйықтығы бар майда немесе ірі көпіршіктер түрінде болады.

    Мононуклеоз — тамақ, бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндерінің зақымдануымен жүретін жедел вирустық ауру. Клиникалық белгілер баспа кезіндегі белгілерге ұқсас болады. Оған қоса оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі және лимфа түйіндерінің ауыруы байқалады. Мононуклеоз кезінде жиі герпестік бөртпелер болуы мүмкін. Қан талдауы атиптік мононуклеарлардың болуымен сипатталады. 

    Цитомегаловирус кезінде симптомдар ЖРВИ белгілерін қайталайды. Бірақ бұл жұқпаның асқынуы (бронхит, пневмония, пиелонефрит) дәстүрлі антибиотиктермен қиын емделеді. 

    Алғашқы көмек

    Науқасты оңашаландыру басқа адамдарға вирустың жұғуын алдын алуға көмектеседі. Себебі герпес вирусы өте жұқпалы болып табылады. Жай герпес кезінде герпеске қарсы крем және жақпа майды қолдануға болады.  Вирустың басқа түрлерімен шақырылған симптомдар дәрігерге қаралуды қажет етеді.   

    Емдеу

    Герпес вирусын басып тастау сыртқы және ішкі сипаттағы дәрілермен жүзеге асырылуы мүмкін. Ағзада вирусты толық жою қазіргі уақытта медицинаға қолжетімсіз болып тұр. Қосымша ауру сезімін басатын, қабынуға қарсы, иммунитетті жоғарылататын препараттар, интерферондар тағайындалады.   

    Асқынулары:

    • бөртпелердің жиі қайталануы;
    • әйелдерде жатыр мойнының эрозиясы, жатыр мойнының рагы;
    • ерлерде қуықасты безінің рагы;
    • жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, үйреншікті түсік;
    • бедеулік;
    • жатырішілік немесе босану кезінде ұрықтың инфицирленуі, ұрықтың кемтарлығы;
    • тұрақты невриттер;
    • энцефалит;
    • бронхит, пневмония,

    Себептері

    Герпес вирусы жұқпалы бола тұра, ауа-тамшылы жолмен, сүйісу, ортақ тұрмыстық заттарды пайдалану, жыныстық қатынас кезінде таралады. Иммунитеттің төмендеуі, күйзелістер, басқа да жұқпалар, гормоналды өзгерістер, жарақаттар, салқын тию герпестік жұқпаның дамуына жағдай жасайды.

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен инфекционисттың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.