16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Дисбактериоз (қазақша)

    Дисбактериоз (дисбиоз) – ағзада табиғи микробтық баланстың бұзылысы. Бұл бұзылыс ауру болып саналмайды, белгілі бір аурудың салдары болып табылады. Дисбактериоз қалыпты метаболизмнің бұзылысын шақырады, дәрумендер мен микроэлементтердің сіңірілуін нашарлатады, бауыр мен ұйқы безінің ауруларын тудырады. Дисбактериоз емшектегі және кішкентай балаларда  жиі кездеседі. Өйткені ішек әлі даму барысында болғандықтан, кез келген жағымсыз факторлар микробтық флораның бұзылысына әкеледі.   

    СЕБЕПТЕРІ

    Дисбактериоз дамуының себептері:

    • асқазан-ішек жолдарының аурулары, ішек жұқпалары;
    • ішек тітіркендіру синдромы;
    • тісжегі, ауыз немесе тамақтағы қабыну үдерісі;
    • глистік инвазия;
    • антибиотиктер немесе гормоналды препараттарды ұзақ қолдану;
    • күйзеліс;
    • аллергиялық серпілістер;
    • сәулелік және химиотерапия;
    • қант диабеті;
    • эндокринді аурулар;
    • климат немесе рационды кенет ауыстыру;
    • микрофлораның бұзылысымен ішектің біріншілік патологиясы;

    Балаларда дисбактериоз дисвагиноз, анасының дисбактериозы, жүктілік кезінде антибиотиктер немесе гормондар қабылдау, ішек инфекциялары, емшекпен кеш емізу, жасанды тамақтандыру, жасырын жатырішілік жұқпа, токсикоз немесе жүктіліктің қолайсыз ағымы нәтижесінде дамуы мүмкін. 

    КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

    Дисбактериоз симптомдары:

    • метеоризм, іш өту немесе іш қату;
    • қыжыл, кекіру;
    • іштегі ауру сезімі;
    • бас ауруы;
    • жалпы дімкәстік;
    • тәбеттің төмендеуі;
    • тісжегі, ауыздан жағымсыз иістің шығуы;
    • созылмалы стоматит.

    Кейбір жағдайда дисбактериоз ешқандай белгісіз өтуі мүмкін.  

    ДИАГНОСТИКА

    Дәрігер-гастроэнтеролог дисбактериозды анықтау үшін  клиникалық және зертханалық талдаулар тағайындалады. Соның ішінде:

    • нәжісті зерттеу;
    • қанның жалпы және биохимиялық талдауы, зәр талдауы;
    • бактериологиялық зерттеу;
    • ішек биоптатын морфологиялық зерттеу;
    • хромато-масс-спектрометрия;
    • ішектің контрастық рентгені;
    • іш қуысы ағзаларының УДЗ;
    • тыныс алу сынамалары.

    ЕМІ

    Ішек дисбактериозын емдеу патологиялық синдромның дамуына әкелген себептерді жоюға бағытталады. Емдеу кезінде медикаментозды терапия, тірі бактериалды препараттарды енгізу, пробиотиктер немесе пребиотиктерді қолдану, арнайы емдәмді сақтау, дәрумендік кешен, күйзелісті аластату қолданылады. 

    АСҚЫНУЛАРЫ

    Дисбактериоз ағза иммунитетінің төмендеуіне, герпес пен саңырауқұлақтық аурулардың дамуына әкеледі. Бұдан басқа дисбактериоз кезінде дәрумендер сіңірілуінің нашарлауына байланысты стоматологиялық аурулардан бастап жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларымен аяқталатын  әр түрлі аурулар дамуы мүмкін.

    АЛДЫН АЛУ

    Қалыпты флораны сақтау үшін тамақтану мен ұйқының дұрыс режимін ұстану, стрестік жағдайларды аластату қажет.  Рационда ашымалы сүт өнімі, бифидобактериялар бар тамақтар мен сусындар болу керек. 

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен гастроэнтерологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.