Бас ауруы (цефалгия) — бұл ауру емес, әр түрлі сырқаттар мен жағдайлардың клиникалық белгісі және ол адам сезінетін ауру сезімінің ең жиі тараған түрі. Жер шары тұрғындарының 90%-да жылына 1 рет басы ауырады.
Бас ауруының 200 жуық түрі бар. Көп жағдайда бас сақинасы және ширығуға байланысты бас ауруы кездеседі. Бұл – бас ауруының біріншілік түрі. Бас ауруының екіншілік түрі бас немесе мойынның белгілі бір ауруы (остеохондроз, ісіктер, қан құйылу, менингит және т.б.) туралы хабар береді.
Ең алдымен дәрігер-невролог (невропатолог) немесе терапевт бас ауруының себебін анықтау керек. Осыған байланысты науқасты қарап тексеру, сұрастыру, артериалды қан қысымын өлшеу жүргізіледі. Диагностикаға бас ауруы бар науқастардың ауру ұстамасы бойынша күнделік жүргізуі көмектеседі. Онда бас ауруының уақыты, ұзақтығы, интенсивтілігі, азық-түлікке, күн тәртібіне, айлардың күндеріне байланысты дамуы туралы ақпарат жазылады.
Сонымен қатар қосымша белгілер (лоқсу, құсу, көру және есту бұзылыстары, әлсіздік, бас айналу, жүрек қағуы, жарыққа, шуға сезімталдық, дене қызуының жоғарылауы және т.б.) де өте маңызды.
Бас ауруының себепшісі болып табылатын ауруларды анықтау үшін келесі зерттеу әдістері қолданылады:
Бас ауруы келесідей болуы мүмкін:
Бас ауруы инсульт, менингит, бас миының ісігі, депрессия сияқты қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге дер кезінде қаралу өте маңызды.
Егер бас ауруы кенеттен басталып ("баста бір нәрсе жарылғандай немесе атылғандай"), құсу, әлсіздік, сананың шатасуы, жоғары қан қысымымен қатар жүрсе, жедел жәрдемді шақырту немесе науқасты медициналық мекемеге жеткізу керек.
Егер бас ауруы айына екі реттен жиі анықталса, онда мұндай жағдайда да дәрігерге қаралған жөн.
Бас ауруын дұрыс емдеу осы симптомды дамытқан себептерді анықтауға тікелей байланысты. Дәрігердің тағайындауынсыз ауру сезімін басатын немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдау асқынулармен қауіпті болуы мүмкін.
Бас ауруын емдеуде медикаментозды емнен басқа массаж, физиотерапия, инемен емдеу, емдәм кеңінен қолданылады.
Бас ауруының алдын алудың негізгі әдісі салауатты өмір салты болып табылады:
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен неврологтың кеңесіне жазылыңыз:
- сайтта өтінім қалдыру,
- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.