16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Түсік (Аборт қазақша)

    Түсік (аборт) – жүктілікті жасанды жолмен тоқтату. Түсік  өздігінен (әйел ағзасына еш әсер етпей өздігінен дамитын) және жасанды (дәрілік заттар немесе хирургиялық манипуляциялар көмегімен болатын) деп екі түрге бөлінеді. 

    Қазақстанда жүктілікті жасанды жолмен тоқтату әйелдің өз еркімен жүктіліктің 12-ші аптасына дейінгі мерзімде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша 22-ші аптаға дейін, ал жүкті әйелдің өміріне қауіп туғызатын медициналық көрсеткіштер және оның келісімі бойынша жүктіліктің мерзіміне байланыссыз  жасалады.  

    Аурулар

    Жүктілікті үзуге көрсеткіш болып табылатын аурулар:

    • қатерлі ісіктер (рак)
    • жүректің органикалық аурулары
    • психикалық аурулар
    • өкпе туберкулезінің белсенді түрлері
    • тиреотоксикалық зоб
    • емге көнбейтін ауыр токсикоздар және т.б.

    Симптомдар

    Өздігінен дамыған түсіктің клиникалық белгілері:

    • қанды бөліністер,
    • қынаптан қан кету,
    • ұйындылардың бөлінуі,
    • бел аймағындағы ауру сезімі,
    • іштің төменгі жағындағы ауру сезімі,
    • іштегі түйілулер,
    • дене қызуының жоғарылауы,
    • қалтырау, қызу, безгек.

    Алғашқы көмек

    Түсік тастауға күдіктенгенде ауру сезімін басатын дәрілерді қабылдамаған жөн. Әйел дереу дәрігер-гинекологқа қаралуы қажет. Қан кету мен қатты ауру сезімі жағдайында жедел жәрдемді шақырту керек.  

    Емі

    Ерте  (12 аптаға дейін) және кеш (12 аптадан  21 апта 6 күнге дейін) түсік деп ажыратылады.

    Дәрілік түсік - дәрілік заттардың (мифепристон, мизопростол және олардың баламалары) көмегімен жатырдың жиырылуы арқылы ұрықты шығарып тастау әдісі. Орындау мерзімі - соңғы етеккірдің алғашқы күнінен бастап 63 күнге дейін  (8 апта). Процедура 2-6  сағатқа созылады. Ауру сезімі жатырдың жиырылуы кезіндегі түйілулерге байланысты болады. Әдістің тиімділігі 95-97%, асқынулар (толық емес түсік, қан кетулер) 3-5% құрайды. Мұндай жағдайда хирургиялық түсік жасатуға жүгінеді. Жанама әсерлер — лоқсу, құсу, бас ауруы, қан қысымының жоғарылауы. Емдеу мекемесінде ғана жүргізіледі. 

    Түсіктің хирургиялық әдістері

    1. Вакуум-аспирация («мини-аборт») жүктіліктің 5-ші аптасына дейінгі мерзімде (етеккірдің кідіруі 21 күн) жасалады. Жатыр қуысынан ұрық жұмыртқасын алып тастау вакуумдық сорғыш (электрлік немесе арнайы  шприц) көмегімен жүзеге асырылады. Әдістің тиімділігі 99,8% құрайды. Қазақстанда вакуум-аспирация жүктіліктің 12-ші аптасына дейін рұқсат етілген, алайда оны кеш мерзімде жасау жатырды зақымдаумен және толық емес түсікпен қауіпті болады;

    2. Дилатация және кюретаж (қырып тазарту) жүктіліктің 12-ші аптасына дейінгі мерзімде жасалады. Хирургиялық аспаптар көмегімен жатыр мойны кеңейтіліп, оған жатырдың шырышты қабатын қырып тазалайтын кюретка (жиектері үшкір қасық тәрізді құрал) енгізіледі. Көп жағдайда жалпы наркоз қолданылады. Оның өзі адам ағзасы үшін  әр түрлі асқынуларды туғызады. Түсіктің мұндай әдісі көптеген асқынулардың дамуымен қауіпті. Мысалы, жатырдың зақымдануы, қабынулық аурулар, жатыр түтігінің бітелуі, эндометриоз, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, белсіздік, көп қан жоғалту. Статистика бойынша қырып тазалау кезінде дамыған асқынулар 13% құрайды.  

    3. Дилатация мен эвакуация — ұрықты түсіктік қысқаштар көмегімен алып тастау. Жүктіліктің 13-ші аптасынан бастап қолданылады. 

    4. Жасанды босандыру. Жүктіліктің 22 аптасынан асқан мерзімде жасалады. Жасанды босандырудың себебі әр түрлі болуы мүмrін. Мысалы, физикалық тұрғыда жүктілікті соңына дейін жеткізуге мүмкіндік бермейтін аурулар, ұрықтың жетілмеуі немесе даму ақаулары, ұрықтың жатыр ішінде өлуі, жүкті әйелдің әсері күшті дәрілерді қабылдауды, химиотерапия немесе сәулелендіруді жүргізуді  қажет ететін жүрек-қан тамыр немесе онкологиялық аурулары, туберкулез, қант диабеті, қан аурулары, қызамық, мерез, психиканың бұзылыстары, маскүнемдік немесе нашақорлық, жүкті әйелдің жасы 16-дан кіші, ұрық өсуінің тоқтауы, жүктіліктің мерзімінен асуы (жүктілік мерзімі 41 аптадан артық); бала серігінің дисфункциясы; жатырішілік қан кету; преэклампсия, босану үрдісінің әлсіздігі.

    Әдістің белгілі бір түрін таңдау  жүктілік мерзіміне, медициналық көрсеткіштерге және нақты медициналық ұйымның мүмкіндіктеріне байланысты болады.  

    Қарсы көрсеткіштер:

    • жыныс мүшелерінің қабыну үрдістері (орналасу орнына байланыссыз іріңді ошақтардың болуы; жедел жұқпалы аурулар);
    • жүктіліктің кеш мерзімі (егер жүктілікті үзудің денсаулық пен өмірге төндіретін қаупі жүктіліктің жалғасуы мен босанудың қаупінен артық болса);
    • алдыңғы жүктілікті үзуден кейінгі өткен уақыт 6 айдан аз болған жағдайда.

    Дәрілік әдіске қарсы көрсеткіштер:

    • жатыр миомасы
    • жатырдағы отадан кейінгі тыртықтар
    • анемия
    • жатырдан тыс жүктілікке күдік 
    • қабынулық өзгерістердің болуы
    • асқазан мен ішектегі қабынулық үрдістер.

    Түсіктің кез келген түріне дейін және одан кейін міндетті түрде кіші жамбас қуысы ағзаларының УДЗ жасау қажет!

    Түсік тек медициналық мекемеде жасалады! Медициналық мекемеден тыс жерде жүкті әйелдің өзімен, медициналық білімі жоқ немесе керісінше медициналық білімі бар адаммен жасалатын қылмыстық түсік  қылмыстық іс (ҚР ҚК 319 бабы, 7 жылға бас бостандығынан айырылу) болып табылады. Ауруханадан тыс жерде жасалған түсік кезіндегі асқынулар, тіпті өліммен аяқталатын жағдайлар үлесі медициналық түсік кезіндегі асқынулардан 10 есе жоғары. 

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен акушер-гинекологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.