Жедел жәрдем (жедел медициналық жәрдем, шұғыл көмек, төтенше медициналық көмек) — шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек: жедел аурулар, жазатайым оқиғалар, апаттар, уланулар және т.б.
Жедел медициналық жәрдем шақыру орнына, медициналық мекемеге барар жолда және емдеу мекемесінің өзінде көрсетіледі.
Кейбір елдерде шұғыл (созылмалы аурулардың асқынуында) және жедел (өмірге қауіпті жағдайларда) көмек салалары ажыратылған. Қазақстанда екі көмек түрі біріктірілген.
Шақыру орнына жедел жету үшін қаланың әртүрлі бөліктерінде жедел жәрдем станциялары ұйымдастырылады. Медициналық бригадалар жедел жағдайлардың диагностикасы мен емдеу үшін арнайы жабдықталған көліктермен жүреді.
Ірі қалаларда әдетте келесі мамандандырылған бригадалар жұмыс істейді:
Диагностика. Жедел жәрдем дәрігерінің уақыты мен диагностикалық әдістері шектеулі, сондықтан көп жағдайда:
сыртқы қарау және ауруды немесе оның туыстарын сұрау
ішті пальпациялау;
жүрек пен өкпені стетоскоппен тыңдау;
артериялық қысымды және дене температурасын өлшеу;
электрокардиограмма.
Емдеу науқастың жағдайына байланысты. Негізінен жедел жәрдем дәрігері:
Симптомдары, жедел жәрдем шақыру қажет болғанда:
Аурулары: