Жүрек хирургиясы – жүрекке және жақын маңдағы қан тамырларына операция жасауды қалпына келтіру мақсатында жасайтын хирургия бағыттарының бірі. Жүрек хирургиясына жақын салалар кардиология, трансплантология және ангиология (қан тамырлары мен лимфа тамырларын зерттейді).
Диагностика. Операция алдында кардиологияға тән диагностикалық әдістер қолданылады: зертханалық анализдер, электрокардиография (ЭКГ), эхокардиография, УДЗ, УЗДГ, коронароангиография және т.б.).
Емдеу. Операция кезінде жүрек хирургі аурудың патологиялық факторларын жоюы керек, мысалы, қосымша құрылғыны орнату (қан тамырларының стенттері, шунттар, кардиостимулятор, ырғақ реттегіші және т.б.). Аурудың ауыр жағдайларында, науқастың өміріне қауіп төнгенде, трансплантация (жүректің ауыстыруы) жасалады. Қазақстанда 2016 жылдың күзінде 25 сәтті жүрек ауыстыру операциясы жасалды.
Симптомдары:
Аурулар. Жүрек кемістігі, кең инфаркт, ауыр аритмия, аорта аневризмасы, ауыр стенокардия нысандары, жүрек ісіктерінде хирургиялық араласу қажет.