Гематология – медицина саласы, ол қан жүйесінің және қан түзеуші органдардың (көкбауыр, сүйек кемігі және бауыр) ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеумен айналысады. Гематология онкологиямен, токсикологиямен және хирургиямен тығыз байланысты.
Гематологияда басты диагностикалық әдістер - қанның зертханалық талдаулары: жалпы клиникалық, биохимиялық, қанның ұюын тексеру, қан тобын анықтау (қан құю үшін), коагулограмма және т.б., сондай-ақ цитогенетикалық және иммунологиялық зерттеулер. Радионуклидтік әдістермен эритроциттер мен тромбоциттердің массасы және өмір сүру мерзімі анықталады.
Сонымен қатар, гематолог дәрігерлер сүйек кемігін пункция жасау, ультрадыбыстық зерттеу, рентген, компьютерлік, магниттік-резонанстық және позитронды-эмиссионды томография тәсілдерін қолданады.
Емдеу қан қызметінің қалыпты жұмысын қалпына келтіруге, қатерлі жасушалардың өсуі мен көбеюін тоқтатуға бағытталған.