16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Эндоскопия

    Эндоскопия– арнайы құрал – эндоскоп арқылы жүргізілетін ішкі ағзаларды диагностикалау әдісі. Бұл кезде эндоскоп табиғи тесік арқылы да, тесік немесе кесік арқылы (лапароскопия) да енгізіледі.

    Эндоскопты, тексеру үшін ғана емес, сонымен қатар биопсия және басқа өңдеу операцияларын жүргізуге де қолданады. Атап айтқанда, аппендикстің, өт қуысының, қуысты орган полиптерін алып тастау кезінде, қан кетуді тоқтату, қуыстардан бөтен денелерді шығару, сондай-ақ дәрілік препараттарды енгізу кезінде.

    Эндоскопияның түрлері:

    • бронхоскопия (бронхтарды тексеру);
    • эзофагогастродуоденоскопия (ФГДС, асқорыту жүйесінің шырышты қабатын тексеру);
    • колоноскопия (тоқ ішекті тексеру);
    • кольпоскопия (жатыр мойнының қынаптық бөлігін тексеру);
    • цисто-, уретроскопия (қуық пен уретраны тексеру);
    • холангиопанкреатография (өт қуысы, өт шығару жолдары және ұйқы безін тексеру);
    • ретроманоскопия (тік ішекті тексеру);
    • назофарингоскопия (мұрын мен тамақты тексеру), отоскопия (құлақ қуысын тексеру);
    • ангиоскопия (қан тамырларын тексеру);
    • артроскопия (буындарды тексеру) және т.б.

    Эндоскопия бағыты берілетін симптомдар:

    • ұзақ уақыт бойы жөтелу, кеудедегі аурулар;
    • жиі ангина, тамақтағы аурулар;
    • мұрынның бітелуі, мұрыннан ірің шығу;
    • іш аумағындағы аурулар, күйдіру, метеоризм, жүрек айну;
    • анус және тік ішек аумағындағы қышу, ауру, қызару, нәжістегі қан мен шырыш қоспалары;
    • іштің төменгі аумағындағы аурулар;
    • іштің ауыруы, несепті ұстай алмау немесе ұстап қалу, несептегі қан;
    • буындардағы аурулар.

    эндоскопия тақырыптағы мақалалар

    Эндоскопия ерте кезеңде қатерлі ісікті қалай анықтауға көмектеседі
    18.01.2022
    Эндоскопия ерте кезеңде қатерлі ісікті қалай анықтауға көмектеседі
    Өңеш, асқазан және ұлтабардың эндоскопиясы (ӨАҰЭ) Өңеш, асқазан және ұлтабардың эндоскопиясы (ӨАҰЭ)