Андрология – клиникалық медицинаның ерлердің жыныс жүйесінің құрылымын зерттейтін бөлімі. Андролог дәрігер ер адамдарда жыныс мүшелерінің ауруларын алдын алу, диагностикалау және емдеу, жыныстық функциялардың бұзылуымен айналысады. Андрология венерология, урология, нефрология, сексология және репродуктология секілді салалармен тығыз байланысты.
Диагностика. Андролог науқасты қарап, сұхбаттасып, саусақпен тексереді, УДЗ-диагностика, флораға жағынды, ПСА үшін қан талдауы (простатаспецификалық антиген), бактериологиялық себінді, иммунферментті талдау (ИФТ) немесе ПТР (полимеразды тізбекті реакция) тағайындай алады.
Емдеу. Әдетте қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, гормоналды препараттар тағайындалады. Жыныс мүшесін протездеу немесе хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін.
Симптомдар. Андрологқа жүгіну үшін себеп:
Аурулар: ерлер бедеулігі, андропауза (ерлердің климаксы), эректильді дисфункция, приапизм, жыныс мүшелерінің жарақаттары, простатит, баланит, баланопостит, орхит, уретрит, фимоз, эпидидимит, варикоцеле, сперматоцеле, уреаплазмоз, хламидиоз, простата аденомасы, вазит, везикулит, гидроцеле, ерлердегі семіздік, жыныс мүшесінің қисаюы, ер адамдардағы қартаю мәселелері, простата рагы, аталық бездің рагы.