«БЕТА» МО жоғары деңгейдегі мамандар: медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар, медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғары категориядағы мамандар жұмыс істейді. Олардың 4 маманы ҚазҰМУ урология, андрология және сексопатология кафедрасының оқытушылары (профессор, доценттер) болып табылады.
«БЕТА» МО кең ауқымды медициналық қызметтерді ұсынады. Көпжылдық жұмыс тәжірибесі, заманауи медициналық технологияларды пайдалану, жоғары сапалы қызмет көрсету және жайлы жағдайлар пациенттерді сапалы емдеуге кепілдік береді. «БЕТА» МО гинекология, андрология, педиатрия, ортопедия, неврология, нефрология, терапия, гастроэнтерология, пульмонология және урология салаларында тексеру және емдеу жұмыстарын жүргізеді.
«БЕТА» МО да урологиялық және гинекологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін қажетті жабдықтары бар. Медициналық орталық УДЗ аппараты, тұзды шахта, АМОК, тері мен денені қалпына келтіру аппараттары, барлық типтегі ауырсынуды емдеуге арналған бірегей Dornier Aries соққы-толқынды терапия аппаратымен жабдықталған.
«БЕТА» МО медициналық және сервис қызметтерінің құны емдеудің сапасына сәйкес келеді, сонымен қатар Алматы қаласындағы ұқсас медициналық орталықтармен салыстырғанда бағасы төменірек.