«ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР» ЖЕКЕ КӨПСАЛАЛЫ КЛИНИКАСЫ - жоғары технологиялар клиникасы, консервативтік және оперативтік емдеудің заманауи әдістері, жетекші еуропалық мамандармен халықаралық ынтымақтастық.
«ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР» КЛИНИКАСЫ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘНІ БАР КЛИНИКА
Бізге халықаралық мәртебе 2001 жылы Ресей, Беларусь, Австрия және Словакияның үздік дәрігерлерімен тығыз ынтымақтастыққа байланысты берілді. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен мамандар мен пациенттердің мойындауына ие болғанымыз үшін мақтан тұтамыз.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Ярославль, Германия, Словакияның жетекші отоларингология мамандары тарапынан жоғары баға мен мойындауға ие болып, біз олармен ынтымақтастықта кеңес беру мен есту қабілетін қалпына келтіру бойынша күрделі хирургиялық операциялар жасауға мүмкіндік алдық.
Оториноларингология бөлімінде эндоскопиялық микрохирургия әдісімен құлақ, тамақ және мұрынның әртүрлі патологияларын емдеу жүргізіледі. Біз әрқайсыңызға көмектесуге дайынбыз.