«КИДО» отбасылық-психологиялық орталығы 2005 жылы құрылған. Бұл Қазақстандағы білікті психологиялық көмек алуға болатын алғашқы орталықтардың бірі. 2008 жылдан бері орталық Мәскеу психотерапия және клиникалық психология институтының аймақтық өкілі болып табылады.
«Ки до» жапон тілінен аударғанда «энергия жолы» дегенді білдіреді. Біз қиын жағдайға тап болған әрбір адамға өзінің жолын тауып, қабілеттерін ашуға, сау, табысты, бақытты және дамып келе жатқан адам болуға көмектесуге тырысамыз. Өмірдің толыққанды қуанышын сезінуге көмектесеміз!
Сонымен қатар, орталық атауымен көрсетілгендей, біздің назарымызда ОТБАСЫ: балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы психологиялық климат тұр.
Біздің мамандар әртүрлі психологиялық әдістемелерді меңгерген, терең білімдер мен кәсіби тәжірибеге ие, ең маңыздысы - жанашырлық танытып, түрлі мәселелерді шешуде білікті психологиялық көмек көрсетуге дайын. Барлығы «отбасылық психолог» біліктілігіне ие.
Сонымен қатар, біздің мамандарымыздың авторлық бағдарламалары бойынша орталықта келесі клубтар жұмыс жасайды:
Біздің орталықта келесі қызметтерді ала аласыз: