Балалар аяқтарының түндегі ауырсыну синдромы, оның себебі неде, қандай белгілері бар және балаға қалай көмектесуге болады
Балалардан түнде аяқтарының ауыратыны сияқты шағымдарды естіген шығарсыздар немесе бұл сезім сіздердің балалық шағыңыздан есте қалған болар. Өсу кезіндегі ауырсыну мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар ата-аналардың жиі кездесетін мәселелерінің бірі екенін педиатрлар растайды.
Аяқтар мен тізелер жиі ауырады, алайда ауырсыну қолдарда да болуы мүмкін. Бірақ өсу кезіндегі ауырсыну шын мәнінде өсумен байланысты емес.
Бұрынғы уақытта баланың сіңірлері сүйектеріне қарағанда тез өскен жағдайда өсу кезіндегі ауырсыну дамиды деп есептелген. Алайда қазір бұл гипотеза жоққа шығарылды. Бұл ауырсынулар тез өсу кезеңінде дамымайтыны анықталды. Сонымен қатар олар белсенді өсу аймақтарына әсер етпейді. Дәрігерлер осы күнге дейін өсу кезіндегі ауырсынудың негізгі себептерін анықтамады деп айтсақ болады. Педиатрлар ауру сезімі шаршағыштықпен, дененің орналасуымен, физикалық белсенділіктің өзгеруімен және психологиялық күйзеліспен байланысты деп болжамдайды.
Дәрігерлер өсу кезіндегі ауырсыну туралы нақты не біледі:
Зертханалық тексерулер мен рентген дәрігерге өсу кезіндегі ауырсынуды анықтауға көмектеспейді, алайда олар басқа да қауіпті ауруларды жоққа шығаруға көмектеседі. Әдетте диагноз дәрігердің баламен, оның ата-анасымен әңгімелескен соң және қарап тексеруден кейін нақты қойылады.
Өсу кезіндегі ауру сезімінің қарқындылығы мен жиілігі әр түрлі, олар жеңіл ауру сезімінен бастап бұлшықеттік спазмға дейін өзгеруі мүмкін. Бірақ жалпы белгілері бар:
Ауру сезімі 5 минуттан 20 минутқа дейін созылуы мүмкін. Ауру сезімінің эпизодтары бірнеше күнде бір рет, кейде бірнеше түн қатарынан болуы мүмкін.
Өсу кезіндегі ауырсыну барысында кейбір белгілер мүлде болмауы қажет. Оларды атап өтсек:
Егер сіз жоғарыда аталған белгілердің бірін байқасаңыз, міндетті түрде дереу педиатрға қаралып, баланы тексеруден өткізу керек.
Ауру сезімін басатын дәрілермен абай болыңыз
Балаңыз ауырсынудан оянған кезде ауру сезімін басатын дәрі беру туралы ой туындайды. Бірақ педиатрлар дәрілерді қабылдау кезінде абай болуға кеңес береді. Көп жағдайда ауру сезімін басатын дәрілер өсу кезіндегі ауырсыну белгілері байқалғанда жылдам әсер етпейді.
Егер балаңызды жиі, бірнеше түн қатарынан ауру сезімі мазаласа, онда ауру сезімін басатын дәрілер көмектесуі мүмкін. Алайда препаратты және оның мөлшерін тек педиатр тағайындау керек.
Массаж
Аяқтардағы ауру сезімі кезінде оны уқалау және сылау қажет.Бұл ең жақсы ем болып табылады. Бұл әдістер ауру сезімін жеңілдетуге, баланы тыныштандыруға, ұйқының қалпына келуіне көмектеседі.
Егер түнде балаңыздың аяқтары ауырса, онда ұйқысыздықтың әсерінен бала күндіз ашушаң, әлсіз болуы мүмкін. Бұл баланың қарапайым жұмыстармен айналыса алмайды дегенді білдірмейді. Өсу барысындағы ауырсынуды болдырмау үшін баланың белсенділігін шектемеңіз. Бұл көмектеспейді, ал мәжбүрлі әрекетсіздік балаңыздың денсаулығына зиян келтіреді.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - -
TopDoc.me-дің дәрігерлерді таңдау және дәрігердің қабылдауына жазу бойынша қызметі сізге дұрыс педиатрды табуға көмектеседі. Сіз педиатрды еңбек өтілі, орналасқан жері, қабылдау құны және рейтингі бойынша таңдай аласыз. Ал нақты пациенттердің сенімді пікірлері нәрестеңіз үшін дәрігерді дұрыс таңдауға көмектеседі.
TopDoc.me сайтында жарияланған ақпаратты өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу үшін пайдалануға болмайды. Егер сізді мазалайтын қандай да бір аурулар немесе белгілер болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. TopDoc.me сайтындағы ақпарат дәрігермен бетпе-бет кеңес беруді алмастырмайды және тек ақпараттық-анықтамалық мақсаттарға арналған.
Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар: