16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • TopDoc.me сервисінің нұсқасы бойынша 2020 жылдың үздік дәрігері анықталды.

    Жылдың басында TopDoc.me дәрігерді іздеу және қабылдауға жазылу сервисі төртінші рет үздік дәрігер, үздік бала дәрігері және үздік медициналық орталық байқауының қорытындысын шығарды. Алдыңғы жылдары дәрігерлер арасында ер адамдар, атап өтсек, эндокринолог Михаил Зельцер, Алексей Вакуленко және реабилитолог Игорь Ким жеңіске жетсе, коронавирустық 2020 жыл бірінші орынға мамандандырылуы бір дәрігер-әйелдерді қойды. Бас жүлдені невропатолог Алия Сагиндыкова жеңіп алды,  ал үздік бала дәрігері атағы невролог-эпилептолог Ирина Чулковаға берілді. Екеуі де Алматыда жұмыс істейді.   

    Алия Сагиндыкова өзінің жеңісіне үш жылда қол жеткізді. Ол 2018 жылы  үшінші орын, 2019 жылы екінші орынды иеленген. Дәрігердің жұмысы туралы пікірлердің бірі: «Өте керемет дәрігер, мен оған тәнтімін. Қаншама невропатолог пен неврологқа барсам да, ешқайсысы маған көмектесе алмаған. Ал Алия Абхановна  маған дәрілер жазып берді, содан кейін емнің екінші күнінде менің жағдайым жақсара бастады. Шексіз алғысымды білдіремін!».

    Шын мәнінде, көптеген науқастар дәрігер Сагиндыковаға соңғы үміті ретінде  созылмалы көпжылдық ауру сезімімен, қарт адамдардың ағзасындағы бұзылыстардың салдарымен барып қаралады. Сонымен қатар ол балалар мен жасөспірімдерге тек ауруларына қатысты емес, тәртібін түзетуге де көмектеседі. TopDoc.me сайтында Алия Абхановна 900-ге жуық оң пікірлер жинады.  

    Эпидемияның басынан бастап дәрігер Сагиндыкова халықаралық хаттамалар көмегімен COVID-19-бен науқастарға онлайн кеңес жүргізді.  Қазіргі уақытта осы аурумен сырқаттанып өткен адамдарға оңалту бағдарламасын жасап жатыр.

    «Ковидтан кейін көптеген науқастарда қорқыныш сезімі қалған. Көп жағдайда үрейлік бұзылыстармен, кейде ошақтық неврологиялық белгілермен, психоэмоционалдық бұзылыстармен, әлсіздік, астенизациямен: науқас жата береді, тұруға шамасы жоқ сияқты шағымдармен келеді. Сонымен қатар физикалық бұзылыстар да бар, - деп түсіндірді Алия Сагиндыкова. - Вирус сан қырлы. Ковидке дейін дәрігерге қаралу дегенді білмеген адам, ковидтен кейін қаусаған адамға айналып, тыныс алуы қиындайды, оның бір нәрсе істеуге зауқы болмайды. Мен мынаны нақты айта аламын: ковид әлсіз жерлерге соққы береді – ота жасалған жүрек, трансплантацияланған бүйрек немесе созылмалы гастрит, бас ауруы».

    Барлығынан хабардар болыңыз.

    Біздің https://t.me/TopDocKz Telegram каналымызға жазылыңыз.

    Сервис пайдаланушылары үздік бала дәрігері деп таңдаған Ирина Чулкова неврология, эпилептология және психотерапия саласында мамандандырылған. Бұл оған өз науқастарына көмек беру үшін ерекше құрал болып табылады. Дәрігер Чулкова денсаулық бұзылысының органикалық және психикалық себептерін көріп, сәйкесінше ем тағайындайды. Ирина Федоровнаның айтуы бойынша эпидемия кезінде неврологиялық бұзылыстары бар балалар қатты зардап шекті. «Дені сау баланың өзі қамауда отыра алмайды, оған белсенділік таныту үшін кеңістік керек.  Ал неврологиялық бұзылыстары бар балаларға бұдан екі есе ауыр тиді. Балаларға саябақ, алаңқай, басқа балалармен ойын керек. Бірақ олар қатаң локдаун кезінде осының барлығынан айырылды. Невротикалық бұзылыстар саны күрт жоғарылады. Ата-аналары мен қоғамның жалпы үрейі де әсер етті. Менің ойымша, кейбір шаралар тым артық болды. Мысалы, тауларды, саябақтарды, қыдыру аймақтарын жауып тастады. Өкінішке орай сол күндері дәрігер-педиатрлардың үні мүлде шықпады», - деп өкінішімен бөлісті.

    Жылдың үздік медициналық орталығы ретінде «MedLine Сервис» (Алматы) көпбейінді медициналық орталығы таңдалды. Науқастар өздеріне деген жақсы қарым-қатынасты, жылдам және тиімді медициналық көмекті, ыңғайлы орналасуын бағалады. Орталықтың қызметкерлері — өз ісін жақсы білетін, тәжірибелі дәрігерлер. Олар бұл орталықта оның негізі қаланған уақыттан бері, яғни 11 жыл жұмыс істейді. «MedLine Сервис»  принципі – артық ешнәрсе, тек көмек көрсету. «Біздің орталықта артық ешнәрсе тағайындалмайды, егер әр түрлі сараптамалар керек болса, алдын ала науқастан бұрын осы талдауларды жасады ма, жоқ па сұраймыз. Әр зерттеудің не үшін керек екендігін түсіндіреміз.  Науқастарды  тек біздің зертханамызда ғана  сараптама жасасын деп қолқаламаймыз. Тағайындау жасаған кезде, егер дәрілік затты алуға мүмкіндігі болмаса, оның аналогымен ауыстыруды ұсынамыз», - дейді клиниканың дәрігерлері.

    Еске сала кетейік, TopDoc.me дәрігерлерді іздеу сервисі жыл сайын «Жылдың үздік дәрігері» байқауын өткізеді. Байқау үш санат бойынша өтеді: «Үздік дәрігер», «Үздік бала дәрігері» мен «Үздік медициналық орталық». Сайттың жеке парақшасында арнайы есептеуіш жұмыс істеп тұр. Ол ең көп жиналған оң пікірлердің негізінде жеңімпазды анықтайды. Пікірді дәрігерге жазылған, оның қабылдауында немесе клиникада болған  науқастар ғана қалдыра алады. Осылайша, TopDoc.me рейтингі «накрутка» және әділетсіздіктен кепілдендірілген.

    TopDoc.me Miami Aquapark & SPA кешеніне жыл бойы «Айдың үздік дәрігері» және «Жылдың үздік дәрігері» байқауларына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді! Майами СПА - бұл біздің республикамыздағы ең ірі СПА, ол әлемдегі түрлі сауналар кешенін, массаж бөлмелерін, фиш-пилингтерді  біріктіреді, кез-келген талғамға сай келетін көптеген СПА бағдарламаларды ұсынады!

    ALTA Медициналық орталығы үздік дәрігерлерге арналған ең жақсы клиника деп өздерін ұсынады, сол себепті, клиника жеңімпазға бағалы сыйлық беріп, біздің байқауды қолдауда. ALTA клиникасы медициналық мамандықтың құндылығын және дәрігерлер үшін ең жақсы жағдай жасау керектігін біледі.

    Байқаудың тағы бір серіктесі, Labor Medical компаниясының RayMed түрік медициналық киім брендінің жеткізушісі біздің жеңімпаздарды ең қажетті сыйлықтармен қамтамасыз етті - ол өте сапалы медициналық формалар, арнайы матадан жасалған, ыңғайлы, жайлы және сонымен қатар сәнді киім үлгілері. Қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіреміз!

    28.01.2021