16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • On Clinic енді TopDoc.me-де

    On Clinic

    Қазіргі заманғы дәрігерлерді іздеу порталы үшін жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді басты міндеттерінің бірі етіп қойған үздік жекеменшік клиникалармен серіктестікте болу маңызды.

    Сіздерге, TopDoc.me порталында халықаралық мәртебесі бар санаулы жекеменшік медициналық орталықтардың бірі - On Clinic ұсынылғанын қуана хабарлаймыз.

    On Clinic медициналық орталығы еліміздегі урогинекология және проктология бағыттарында үздік он клиниканың қатарына кіреді.

    дәрігерлер On Clinic

    Урологиялық бөлімшенің дәрігерлері On Clinic еркектердегі жыныстық дисфункция, несеп ұстамау, жамбас аймағындағы ауырсынулар, ерлер бедеулігі және простата ауруларын диагностикалау және жан-жақты емдеумен айналысады.

    Гинекологиялық бөлімшенің дәрігерлері On Clinic әйелдердің жыныс саласындағы ауруларды: жыныс мүшелерінің қабыну процесстерін, әйелдер бедеулігін, жатыр мойны эрозиясын, жатырдың миомасы және эндометриозды диагностикалау және емдеу жұмыстарын жүргізеді.

    Клиниканың проктология бөлімшесі геморрой, анальды жарықтарды емдеудің заманауи аз инвазиялық процедураларымен, полиптерді алып тастаумен белгілі.

    On Clinic флебологтары тек заманауи және әлемдік медициналық қоғаммен мақұлданған әдістемелермен жұмыс істейді. Солайша, клиникада варикозбен 90 минут ішінде қоштасуға болады, ал қант диабетінің қауіпті асқынуы - диабеттік аяқ синдромын (ДАС) емдеу екінші айда айтарлықтай нәтиже береді!

    17 жыл ішінде 200 мыңнан астам пациент өз денсаулығын осы клиникаға сеніп тапсырды. Алматыда On Clinic бренді үш филиалмен және республикалық деңгейде екі филиалмен - Нұр-Сұлтан мен Өскеменде ұсынылған.

    On Clinic-тің 5 алтын сапа стандарты:

    1. Эксперттік дәрігер құрамы;
    2. Эксклюзивті препараттарды қолданумен кешенді емдеу әдісі;
    3. Жоғары технологиялық жабдықтар;
    4. Персоналдың мінсіз сыпайылығы және назаршылдығы;
    5. Әрбір пациентке жеке көзқарас.

    On Clinic жұмыс кестесі:

    • Дүйсенбі - жұма күндері 08:00-ден 20:00-ге дейін.
    • Сенбі 08:00-ден 15:00-ге дейін
    • Жексенбі - демалыс күні.

    On Clinic дәрігерлеріне қабылдауға жазылудың үш әдісі бар:

    1. Біздің сайтымызда өтініш қалдыру;
    2. Whats'App арқылы бізге хат жазу;
    3. Қоңырау шалу біздің Call-орталығымызға: +7 (727) 22 55 009+7 (707) 22 55 009.