16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • МРТ мен КТ арасындағы айырмашылық неде?

    Жиі біздің кеңесшілерімізден КТ мен МРТ арасындағы айырмашылықты сұрайды.

    Көбінесе аурудың толық көрінісін түсіну үшін дәрігерге тек талдау нәтижелерін алу жеткіліксіз, сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография және магниттік-резонанстық томография сияқты қосымша тексерулер жүргізу қажет.

    Дәрігерлерде ішкі ағзалардың суретін алуға мүмкіндік берген рентген аппараты алғаш пайда болған кезде, қандай мүмкіндіктер пайда болғанын елестетіңіздер. Бірақ бұл сурет жазық, екі өлшемді болды. Әртүрлі ағзалардың суреттері бір-біріне қабаттасып, мұндай суреттерді шешу мамандардың ерекше тәжірбиесін талап етті.

    Кәдімгі рентгеннің орнын қазіргі заманғы КТ және МРТ әдістері басты. Қандай зерттеуді өту керектігін дәрігер, қай органды немесе жүйені тексеру қажет екендігіне байланысты, шешеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз. Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз https://t.me/TopDocKz.

    КТ – компьютерлік томография, бұл әртүрлі мүшелер ауруларын жанаспайтын диагностика жасаудың ең заманауи әдістерінің бірі. КТ рентген сәулелерін пайдаланады. Тексеру кезінде әр түрлі бұрыштардан және әр түрлі нүктелерден біртұтас рентген суреттер сериясы жасалады. Содан кейін компьютер бұл суреттердің бәрін өңдеп, қабат-қабат кескін береді. Дәрігер зерттелетін аймақты әртүрлі жазықтықтарда қарастыра алады, сондай-ақ мүшелердің кесінділерін көре алады, және бұл кесінділердің қалыңдығын 1 мм-ге дейін реттеуге болады! Әрине, бұл дәлірек диагностика жасауға мүмкіндік береді.

    МРТ – магниттік-резонанстық томография, электромагниттік толқындар арқылы жүргізілетін зерттеу. Бұл толқындардың әсерінен әр түрлі тін учаскелері әртүрлі жауап береді, бұл ядерлік магниттік резонанс немесе сутегі атомдарының ядролық жауабы деп аталады. Бұл жауаптар өңделіп, зерттелетін учаскелердің қабаттық бейнесін жасауға мүмкіндік береді.

    Осылайша, екі зерттеу әдісі де әртүрлі жазықтықтарда және қажетті проекцияда тіндер мен органдардың қабатты кескіндерін көруге мүмкіндік береді деп айтуға болады. Әдістердің айырмашылығы, қандай патологиялардың жақсы диагностикаланатындығында және генерирленген сәулелердің табиғатында.

    МРТ әртүрлі ағзалар, сүйек тіндерінің құрылымындағы ұсақ өзгерістерді көруге мүмкіндік береді. Бұл әдіс ми жарақаттары мен патологияларын, ісіктерді, қан айналымы бұзылыстарын дәл диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар МРТ жұлын мен буындардың қабатты суреттерін алуда таптырмас құрал болып табылады. 

    Компьютерлік томография құрсақ қуысы мүшелерін, бүйректерді, тыныс алу жүйесін, сүйек жүйесін, несеп-жыныс жүйесін зерттеу үшін жүргізіледі. Көбінесе КТ контрастты затты қолдану арқылы орындалады.

    Зерттеуге қарсы көрсетілімдер.

    КТ – жүргізілмейді:

    1. Жүктілік;
    2. Гипс тағылған кезде;
    3. Ұқсас тексерулерді жиі жүргізу;
    4. Лактация кезінде;
    5. Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында.

    МРТ – қарсы көрсетілімдер:

    1. Зерттелетін ағзаларда металл имплантаттары мен электрондық құрылғылардың бар болуы;
    2. Салмақтың артық болуы, пациенттің МРТ аппаратына сыймауы.
    3. Жүрекке операциядан кейінгі кезеңде.

    Енді КТ қай жағдайларда, ал МРТ қай жағдайларда орынды болатынын қарастырайық.

    Компьютерлік томография негізінен сүйек тіндерінің зақымдалуында тағайындалады. Жиі тексеру қауіпсіз емес, өйткені бұл ағзаға күшті сәулелену, емізетін әйелдерге және жүкті әйелдерге, сонымен қатар балаларға қарсы көрсетілген.

    Магнитті-резонанстық томография жұмсақ тіндерді жақсырақ зерттейді, сондықтан МРТ неврология мен нейрохирургиядағы патологияларды анықтау үшін жиі қолданылады. Толығымен қауіпсіз тексеру шексіз мөлшерде жүргізілуі мүмкін.

    Процедураларға жазылуыңызды веб-сайтымызда жүзеге асыра аласыз немесе тәулік бойы өтініш қалдыра аласыз біздің кеңесшілерімізге, сонымен қатар бізде чат жұмыс істейді Whats’App.

    Біздің Call-орталығымызға қоңырау шалу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласыңыз: +7 (707) 22 55 009, +7 (727) 22 55 009.