16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Дәрігерлер пневмонияны жай суық тиюден қалай ажыратуға болатынын айтты

    Астана қ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері өлім-жітім мен салдардың алдын алу үшін пневмонияның жай суық тиюден қандай белгілері бойынша ажыратуға болатынын айтты.

    Өте жиі өкпенің қабынуы ЖРЗ, ЖРВИ аясында дамиды, олар тұмауға ұқсас белгілермен жүреді. Өйткені қалтырау, жоғары температура, жөтел, шаршаңқылық қорғанысынан айырылған. Өкпенің қабынуын тудыратын жөтел – бәрі де тұмауға тән белгілер. Сондықтан адамдар өздігімен тұмауды, пневмонияны шатастырып алады.

    ДДСҰ мәліметтері бойынша, пневмония дүние жүзі бойынша 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітімнің 15% себебі болып табылады. Астана филиалының директоры Н.Кабдыкапаровтың айтуынша, кез келген аурудың алдын алу үшін амбулаторлы-поликлиникалық көмек шеңберінде үнемі профилактикалық тексеруден өтіп, тұмауға қарсы вакцинация алу қажет. Бұл шаралар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Астана қаласы бойынша осы жылдың 11 айында пневмониядан 13074 адам емделді.

    Пневмония дегеніміз не

    Пневмония немесе өкпенің қабынуы - бұл бронх, бронхиол және альвеол төменгі тыныс жолдарының қабынуы кезінде болатын жедел инфекциялық ауру. Пневмонияны вирустар, бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздыруы мүмкін. Бактериялық пневмония жоғарғы тыныс жолдары инфекциясынан кейін дами алады. Пневмонияның шамамен жартысында қоздырғыш вирустар болып табылады. Қысқы уақытта адамдар вирустық пневмонияға жиі шалдығады және ол бактериялық пневмонияға қарағанда аса ауыр болмайды. Пневмонияның асқынған түрі плеврит, өкпе ісінуі, өкпе абцессі, тыныс алудың бұзылуына әкелуі мүмкін.

    Пневмония белгілері

    Пневмония белгілері әдетте тұмау немесе суық тию белгілеріне ұқсайды. Олар жедел де, біртіндеп те көрінуі мүмкін. Пневмония кезінде тұрақты, негізінен жасыл қақырықты, ылғалды жөтел, кеуде ауыруы, қалтырау, әлсіздік, парацетамол және сол сияқты препараттармен түсірілмейтін температура, ентігу, терінің, әсіресе ерін мен тырнақтардың көгеруі, бұлшықет және бас ауруы байқалады.

    Пневмониямен кімдер жиі ауырады

    Пневмониямен жастарға қарағанда 65 жастан асқандар жиі ауырады. Қауіп тобына жүкті әйелдер, балалар, жасөспірімдер, созылмалы аурулары бар ересектер жатады, мысалы, қант диабеті, жүрек, өкпе, бүйрек немесе бауыр аурулары. Және де иммунитет тапшылығымен ауыратындар, алкогольді асыра пайдаланушылар мен темекі тартушылар.

    Пневмонияны емдеу

    Кеуде қуысы рентгенографиясының, қан және қақырық анализдерінің нәтижелері бойынша бактериялы немесе саңырауқұлақты инфекция пайымдалса, антибиотиктік терапия тағайындалады. Ауыр жағдайларда ауруханаға жатқызу ұсынылады. Есіңізде болсын, кез келген дәрі-дәрмектерді тек профильді мамандармен кеңескеннен кейін ғана қабылдау қажет.

    Пневмонияның алдын алу

    Маусымдық тұмауға қарсы вакцинация ағза үшін жақсы қорғаныс береді. Дені сау өмір салты, физикалық белсенділік және теңдестірілген тамақтану қорғаныш күштерді күшейтіп, пневмония қоздырғыштарымен күресуге қабілетті ете алатынын есте сақтау қажет. Қолдың тазалығын үнемі қадағалап отыру қажет. Жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін қолды сабынмен жуу керек, құрамында спирт бар құралдармен өңдеу қажет. Зиянды әдеттерден бас тарту жазылу мүмкіндігін арттырады. Белгілі болғандай, алкоголь иммунитетті айтарлықтай төмендетіп, оны көптеген вирустар мен бактерияларға осал етеді.