2020 жылы Қазақстанда дәрігерлердің рецептілеріне арналған электрондық база құру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОСК-дағы брифингте айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
- Жаңа заң жобасын ескере отырып, кім препараттар жазады және кім оларды сататыны үшін жауапкершілікті арттырғымыз келеді. 2020 жылға қарай рецепт жазуды электрондық форматқа ауыстырғымыз келеді, осылайша базада кім қандай тағайындау алғанын және қандай дәріханада сатып алғанын көруге болады, - деді Людмила Бюрабекова.
Төрайымның айтуынша, ата-аналар жиі балаларға тиісті рецептсіз дәрі-дәрмектер сатып алады. Әдетте, жанама әсерлерді антимикробтық, вирусқа қарсы препараттар тудырады. Дәрігерлер наркозға арналған «Пропофол» және «Кетамин» препараттарына да жанама реакциялар тіркеді.
Бюрабекованың айтуынша, 2018 жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жанама әсерлері туралы 2780-ден астам кездейсоқ карталар тіркелген. Оның ішінде 70-тен астам жағдай – ауыр жанама реакциялар.
Ережеге сәйкес, дәрігерлер әр пациент үшін арнайы сары картаны толтырады, онда аллергия болған және пациенттің жеке төзімсіздігі бар препараттарды жазады.
- Кездейсоқ сары карталар Ұлттық дәрі-дәрмек сараптамасы орталығына және кейіннен Фармаконадзор орталығына түседі. Препараттар бағаланып, талданады. Содан кейін сарапшылар препаратпен не істеу керектігін шешеді - оны алып тастау немесе сатуға қайтару керек, - деді Бюрабекова.
Сонымен қатар Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық қызметтің талаптарына сәйкестігі бойынша фармацевтикалық нарықтың 898 субъектісін (дәріхана ережелері, дәрі-дәрмектерді сақтау тәртібі, рецептісіз сату және т.б.) тексерді.