• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері 26 расталған қызылша жағдайы тіркелді

    Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері 26 расталған қызылша жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    - 2018 жылдың өткен кезеңінде Қазақстан Республикасында қызылшаның 26 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 20 жағдай (76,9%) - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

    Министрліктің мәліметінше, қызылша жағдайлары Алматы қаласында - 15, Ақмола және Жамбыл облыстарында - екіден, Солтүстік Қазақстан облысында - бір және Астана қаласында - алты жағдай тіркелді.

    - Аурушаңдық негізінен екпе алмаған балалар арасында тіркеледі. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылып, қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларды анықтап, вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде - делінген хабарламада.

    Қызылша - жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы, тамақтағы ауырсынулар және бөртпелермен сипатталатын жедел вирустық жұқпалы ауру.

    - Қызылша өкпе қабынуы (пневмония), бронхит, энцефалит (ми қабықтарының қабынуы) сияқты қауіпті асқынулармен сипатталады, олар медициналық көмекке кеш қаралған жағдайда және қатар жүретін ауыр аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаны тиімді және ерекше емдеу әдісі жоқ - деп еске салды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

    Министрлік қызылшадан ең тиімді қорғаныс вакцинациялау екенін атап өтті.

    - Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация екі мәрте жүргізіледі: бірінші рет бір жаста және екінші рет алты жаста. Вакцинация үшін қауіпсіз және тиімді қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина қолданылады - делінген хабарламада.

    Министрлік ата-аналарға қызылшаға қарсы вакцинация мәртебесін тексеруді, вакцинацияланбаған жағдайда - профилактикалық екпе алуды; түрлі мәдени-көпшілік шараларға, ойын алаңдарына қатысуды шектеуді; аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда (дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) дәрігерге жүгінуді, қызылшаға тексерілуді және барлық ұсыныстарды орындауды ұсынады.

    - 2017 жылдан бастап еуразиялық континентте эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) статистикасы бойынша, 2018 жылдың басынан бастап қызылшамен 40 мыңнан астам адам ауырды (2017 жылы ДДҰ қызылшаның 24 мыңнан астам жағдайын тіркеді, 2016 жылы - 5 мыңнан сәл артық) - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

    2018 жылы қызылша бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық жеті елде тіркелді, мұнда қызылшамен мыңнан астам адам ауырды: Украина (38 мыңнан астам жағдай), Сербия (5 мыңға жуық жағдай), Франция (2579), Италия (2020), Ресей (1396), Грузия (1128) және Греция (2476).

    - ДДҰ мамандары вакцинацияны төмендету және нәтижесінде халықтың иммундық қабатының төмендеуіне байланысты аурудың таралуын байланыстырады - деп толықтырылды министрлікте.