Шілде айында біздің онлайн сервисіміз Алматының бір қолайлы кафесінде клиникалардың топ-менеджерлерімен кездесті.
Іс-шара әдеттегідей кешке емес, таңертең, жаңа және дәмді таңғы ас кезінде өтті, бұл уақытта адам сергек және күш-қуатқа толы.
Кездесу кезінде TopDoc-тың қызметкерлері қонақтарға сервисіміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтары, клиникаларды дамыту үшін интернет-маркетинг туралы айтты.
Сонымен қатар, олардың тілектерін білуге және маңызды сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
Қонақтардың достық жауап реакцияларына қарағанда, TopDoc командасының тағамдары мен кеңестері оларды бей-жай қалдырмады. Сондықтан, біз қызметімізді таңертеңгі кездесулер форматында үнемі өткізуге шешім қабылдадық. Өйткені, сергітетін таңғы шай үстінде серіктестер арасындағы сенімді диалог пен қатынастарды дамытудан жақсы нәрсе жоқ.