• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • TopDoc.me пациенттердің дауыс беруі арқылы ең үздік медициналық орталықты таңдайды

    Дәрігерлер мен медициналық қызметтерді іздеуге арналған тегін онлайн-сервис TopDoc.me жаңа ауқымды байқауын – «ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ПІКІРЛЕРІ БОЙЫНША АЙДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК КЛИНИКАСЫ» іске қосады, деп хабарлайды arnapress.kz.

    Акция не үшін өткізіледі?

    •  Пациенттердің денсаулығын сақтауға көмектесетін үздік дәрігерлер мен медициналық орталық менеджерлеріне алғыс айту;
    •  TopDoc.me пайдаланушыларына клиникалар туралы толық ақпарат беру және оңтайлы таңдау жасауына көмектесу;
    •  Сервистің серіктестері – белсенді ынтымақтастық жасайтын медициналық орталықтарды ынталандыру.

    Саралау қалай өтеді?

    Көптеген адамдар белгілі бір дәрігерді ғана емес, сонымен бірге клиниканы да таңдайды: қызмет көрсету деңгейі, орналасқан жерінің ыңғайлылығы, персоналдың сыпайылығы, техникалық жабдықталуы. Бірақ ең бастысы бірнеше тексеру түрлерін өтіп, білікті мамандардың ұсыныстарын алу мүмкіндігі.

    Клиника және оның дәрігерлері туралы пациенттердің пікірлері жеңімпазды таңдауда шешуші рөл атқарады. TopDoc.me пайдаланушылары медициналық орталықтағы болудың ыңғайлылығын, тіркеу бөлімінің жұмысын, қабылдау уақытын және т.б. бағалайды.

    Сервис клиника пациенттеріне арналған қосымша шарттарды да ескеретін болады: автотұрақтың бар-жоғы; төлем әдістерінің ыңғайлылығы; акциялар мен жеңілдіктер; адалдық бағдарламалары және тағы басқа.

    Сондай-ақ сервистің ынтымақтастығының тәжірибесі де ескерілетін болады. Егер клиника TopDoc.me сервисімен ұзақ уақыт жұмыс жасап келе жатса, ол арнайы шарттар ұсынса, жеңілдіктер мен акциялар өткізсе, бұл оларға байқауда қосымша артықшылықтар береді.

    Жеңімпазды қандай сыйлықтар күтеді?

    • Golden PRO компаниясынан Алматы қаласындағы сауда үйлерінде бір ай тегін аудиореклама және екінші айда 50% жеңілдік
    • Сервис серіктесі – Medonica компаниясынан медициналық жабдықтар сатып алуға 30% дейін жеңілдік
    • Liftboard компаниясынан лифтілерде жарнама орналастыруға 30% жеңілдік
    • Mega Trend дүкенінен сәнді медициналық киім сатып алуға 20% жеңілдік
    • Medical Dress серіктесімізден қолмен жасалған жеке принттермен медициналық киім сатып алуға 15% жеңілдік + фирмалық стиль киімін тегін әзірлеу

    TopDoc.me сайтында 140 клиниканың профилдері орналастырылған. Порталда тіркелген 800-ден астам түрлі мамандықтағы дәрігер пациенттерге қызмет көрсетеді.

    Сервис пайдаланушылары ай сайын өздері ең жақсы деп санайтын дәрігерге дауыс береді. Сонымен қатар, жылдың қорытындысы бойынша ең жақсы дәрігерлер мен клиникалардың рейтингі жасалған.

     Дереккөз: https://www.arnapress.kz/almaty/health/109006/?dt=mp