TopDoc.me қызметі Алматы және Астананың ең үздік дәрігерлерінің қатысуымен үшінші рет балаларға тегін кеңес беру мен диагностикалық тексерулер марафонын өткізеді
«Сіздің балаларыңызға денсаулық» қайырымдылық жобасының басталуы балаларды қорғау күні қарсаңында, бейсенбі, 31 мамырда болды. Бұл TopDoc.me дәрігерлерді іздеу қызметі арқылы өткізілетін үшінші қайырымдылық акция. Жобаның мақсаты – медициналық қызметтерге қаржысы жетпейтін отбасының балаларына жоғары білікті медициналық көмек көрсету.
Іс-шараны аша отырып, TopDoc.me сервисінің жетекшісі Ерлан Бажеков жоба жоспарланғандай жалғасып жатқанын атап өтті.
- Бұл біздің үшінші қайырымдылық акциямыз. Жоба жұмыс істеп, көмек көрсетіп жатқаны өте керемет. Құрметті ата-аналар мен балалар! Біз сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Ертең, 1 маусым, Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Және сау балалардан жақсы не болуы мүмкін? - деді Ерлан Бажеков.
Қабылдаушы ата-аналар қауымдастығының үйлестірушісі Жанна Кимнің айтуынша, оған жиі бала үшін тек қабылдаушы ата-аналар ғана жауап беруге тиіс екені туралы естуге тура келеді, және көмекке сенуді қажет етпейді.
- Мен жиі естимін: егер сен баланы қолға алсаң, оны өзің төлейсің. Неге сендер үшін қайырымдылық іс-шаралары өткізілуі керек? Сеніңіздер, мен үш жыл жұмысымда балаларды көп ақшасы барлар емес, жүрегі мейірімді адамдар асырап алатынына көз жеткіздім. Әдетте бұл адамдар өздері де бір кездері мұқтаждық пен ауырсынуды бастан өткерген. Әлбетте, мұндай адамдар көмекке мұқтаж.
Жаннаның өзінде үш туған және жеті асыранды бала бар. Сондықтан ол сәбилерге арналған тегін медициналық көмектің не екенін жақсы түсінеді.
- Балаларды асырап алғанда бізге диагноздар мен аурулар туралы айтады, бірақ толық көріністі біз білмейміз. Сіз сенбейтін шығарсыз, өткен жылы бірнеше жағдайлар болды, егер тағы 1-2 ай уақытында диагноз қойылмаса және емделмесе - бала жай ғана мүгедек болып қалатын еді, - өткен акциялардың нәтижелері туралы Жанна Ким еске салды.
Анастасия Наумова - 6 жасар Варя мен 4 жасар Ваняның анасы. Өкінішке орай, қыз балада ВИЧ анықталды. Алайда, Анастасия қолын түсірмейді және керісінше, өзінің өмірлік мақсатын тапты.
- Иә, біздің қызымызда АИТВ анықталды. Вирус анасының емізуі кезінде жұққан. 10 айлық кезінде анасы баладан бас тартып, қызымыз 3 жасқа дейін балалар үйінде болды. Біз антиретровирустық терапиядан өтуге мәжбүрміз, сондықтан иммунитет пен барлық ішкі органдардың жұмысын мұқият бақылау қажет. Сіз білесіз бе, менің күйеуіммен бірге өміріміз төңкеріліп кетті. Ол соншалықты мағыналы болды! Әр күн күлкі мен көз жасына толы. Мен не үшін және кім үшін өмір сүретінімді түсіндім.
«Рахат» клиникасының дәрігерлері әр науқасқа жеке қарайды, сондықтан медициналық орталық өкілі диагноздың ауырлығына байланысты кейбір балаларды емдеу міндеттерін өз мойнына алуы мүмкін екенін атап өтті.
Акция соңында TopDoc.me қызметкерлері балаларға сыйлықтар табыстап, жаңа піскен жемістер мен шырындар ұсынды.
Алматыда акцияға пациенттердің пікірлері бойынша 2017 жылдың «Үздік дәрігері» конкурсының жеңімпазы эндокринолог Алексей Вакуленко, сондай-ақ «айдың үздік дәрігері» невропатолог Алия Сагиндыкова және гепатолог Руслан Куспанов қатысып жатыр. Жобада алғаш рет астаналық жеке медициналық орталықтардың дәрігерлері де қосылды.
Барлығы 400-ге жуық сертификат беріледі. Балаларды тегін кеңес беру және диагностикадан өткізу 2018 жылдың 1-30 маусымы аралығында өтеді. Қабылдауды педиатрлар, лор дәрігерлері, офтальмологтар, нефрологтар, кардиологтар және басқа да мамандықтағы дәрігерлер жүргізеді.
Біз барлық акцияға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық медорталықтарды мен жеке дәрігерлерді қайырымдылық акциясына «Балаларыңызға денсаулық» қатысуға шақырамыз!