• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Ең жақсы клиниканы таңдаймыз!

    TopDoc.me конкурсының жеңімпазын сервистің серіктестерінен толып жатқан сыйлықтар мен бонустар күтеді

    Бізде өте тамаша жаңалық бар! TopDoc.me сервисі жаңа ауқымды конкурс – «ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ПІКІРЛЕРІ БОЙЫНША АЙДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК КЛИНИКАСЫ» байқауын бастайды.

    Сервистің қолданушылары бір жарым жыл бойы ай сайын ең жақсы дәрігерді таңдап келеді және тіпті жылдың қорытындылары бойынша ең жақсы дәрігерлер мен клиниканы таңдады. Қазіргі уақытта сайтта әртүрлі мамандықтағы 800-ден астам дәрігер жұмыс істейтін 140 клиниканың профилдері орналасқан. Енді келесі қадам – ең жақсы медициналық орталықты таңдау уақыты келді.

    Мұны не үшін қолға алдық?

    Біз мынаны қалаймыз:

    • ауруханаларда еңбекқорлық танытатын ең жақсы дәрігерлер мен менеджерлерге алғыс білдіру;
    • TopDoc.me сервисінің қолданушыларына клиникалар туралы толық ақпарат беру және оларға дұрыс таңдау жасауға көмектесу;
    • біздің сервиспен өзара тиімді ынтымақтастық жасайтын медициналық орталықтарды ынталандыру.

    Айдың ең жақсы медициналық орталығын қалай таңдаймыз?

    Ең алдымен пациенттердің оң пікірлері бойынша. Көптеген адамдар тек қана нақты дәрігерді емес, сонымен қатар клиниканы да таңдайтыны жасырын емес: қызмет көрсету деңгейіне, орналасудың ыңғайлылығына, персоналдың сыпайылығына, техникалық жабдықтануына қарай. Ең бастысы – бірден бірнеше тексеруден өту және жоғары білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігі. Дәл сіздердің клиника мен оның мамандары туралы пікірлеріңіз, құрметті қолданушыларымыз, таңдау негізі болады.

    TopDoc.me сервисінің қолданушылары медициналық орталықта болудың ыңғайлылығын, тіркеу бөлімінің жұмысын, қабылдауды күту уақытын және т.б. бағалайтын болады.

    Екіншіден, біз клиниканың науқастар үшін қосымша жағдайларын қарастырамыз: автотұрақтың болуы; төлемнің әртүрлі тәсілдері; акциялар мен жеңілдіктер; адалдық бағдарламалары және т.б.

    Үшіншіден, медициналық орталықтың TopDoc.me сервисімен ынтымақтастық форматы да ескеріледі. Егер клиника TopDoc.me сервисімен көптен бері жұмыс істеп, сервистің қолданушыларына арнайы шарттар ұсынса, жеңілдіктер мен акцияларды белсенді түрде өткізсе, бұл оған байқауда жеңіске жетуге қосымша мүмкіндіктер береді.

    Енді – ең бастысы.

    Сыйлықтар!

    Конкурс жеңімпазы - медициналық орталық келесілерді алады:

    • Алматы қаласының сауда үйлерінде бір ай бойы тегін және екінші айда 50% жеңілдікпен жарнама орналастыруды Golden PRO компаниясынан;
    • серіктесіміз Medonica компаниясынан медициналық жабдықтарды сатып алуға 30%-ға дейін жеңілдік;
    • Liftboard компаниясынан лифтілерде жарнама орналастыруға 40% жеңілдік
    • Mega Trend дүкенінен сәнді медициналық киімдер сатып алуға 20% жеңілдік
    • Біздің Medical Dress серіктесімізден жеке жұмыс жасалған принттері бар медициналық киімдерді сатып алуға 15% жеңілдік + фирмалық киім үлгісін тегін әзірлеу.

    Есте сақтадыңыз ба? Қайталап айтамыз! БЕС түрлі жеңілдік және 1 ай тегін жарнама! Бұған таласуға тұрарлық!

    Ал, енді, іске сәт! Құрметті қолданушыларымыз, қабылдауға және диагностикалық процедураларға TopDoc.me арқылы жазылыңыздар және клиникалардың жұмысына баға беріңіздер. Сізге ұнайтын медициналық орталыққа дауыс беріңіздер!

    Құрметті серіктестеріміз! Пациенттеріңізді жылдам, сапалы және қолжетімді бағамен емдеңіздер және «Ең үздік клиника» атағы мен көптеген сыйлықтарға ие болыңыздар!