16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • «МЕНІҢ ДӘРІГЕРІМ - ЕҢ ЖАҚСЫ!»

    Бүгін TopDoc.me сервисі «Пациенттердің пікірлері бойынша жылдың үздік дәрігері» байқауын іске қосқанына дәл бір ай болды. Ең үздік дәрігерді өз пациенттері - қабылдауда болған, кеңес алған және пікір қалдырғандар таңдайды. Байқау үш номинациядан тұрады: «Үздік дәрігер», «Үздік балалар дәрігері» және «Үздік медициналық орталық». Жеңімпаздар 2018 жылдың басында жарияланады.

    Күн сайын бізден байқауға қалай қатысуға болады, жақсы дәрігер туралы қалай хабарлауға немесе өз дәрігеріңіз туралы пікір қалдыруға болатындығы туралы сұрайды. Ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

    Сұрақ: Мен өз дәрігеріме қалай дауыс бере аламын?

    Жауап: Сізге қажет:

    1. Өз дәрігеріңізді табу www.TopDoc.me,
    2. 8(727)22-55-009, +7(707)22-55-009 телефондары арқылы немесе TopDoc.me сайтында қабылдауға жазылу,
    3. Дәрігерге бару,
    4. Пікір қалдыру.

    Сіздің бағалауыңыз жеңімпазды анықтауда автоматты түрде ескеріледі.

    Сұрақ: Менің дәрігерім неге TopDoc.me сайтында жоқ?

    Жауап: Біз 70 медициналық орталықтармен және 400-ден астам дәрігермен жұмыс істейміз. Алайда Қазақстанда 60000-нан астам дәрігер бар. Дәрігеріңізге біздің сайтта өзінің профилін орналастыруды ұсыныңыз - бұл оңай және тегін!

    Сұрақ 3. Мемлекеттік мекемелер дәрігерлері байқауға қатыса ала ма?

    Жауап: Мемлекеттік емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер, егер олар ақылы қызмет көрсетсе және TopDoc.me сервисінің шарттарын қабылдаса, өз профилін сайтқа орналастырып, байқауға қатыса алады.

    Қазіргі уақытта үздік балалар дәрігері атағына үміткер болып, 26 жылдық жұмыс тәжірибесі бар медициналық университеттің профессоры, невропатолог Гүлнара Әмірзаевна Мұхамбетова көш бастап тұр. Барлық дәрігерлер арасындағы көшбасшы кім екенін білгіңіз келе ме? https://www.topdoc.me/almaty/best-doctor-2017/ сайтынан қараңыз.

    Ең жақсы дәрігерді бірге таңдайық!