«Балаларыңыздың денсаулығы» акциясының жарты мерзімі өтіп кетті. Бұл қайырымдылық жобасын TopDoc.me сервисі Қабылдаушы ата-аналар қауымдастығы және Отбасыны қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырған.
45 баланың ішінен 23-і тегін дәрігерлік қабылдау және диагностикалық қызметтерді пайдаланды.
«Карудо» балалар орталығында невропатолог 10 баланы қабылдады, ЛОР-дәрігер мен офтальмолог 11 баланы, педиатр 5 баланы қарады.
StarMed медициналық орталығында педиатр, невропатолог, хирург, эндокринолог және УЗД маманы тегін қабылдауда. Әрқайсысы 6-8 кішкентай пациентті қабылдады.
Sapa Lab әлеуметтік медициналық зертханасында 14 бала қызмет алды.
Gastroclinic гастроэнтерологиялық клиникасында педиатр 5 баланы, УЗД маманы 6 баланы, ал бір қыз баланы гинеколог қарады.
Қабылдаулардың бәрі ата-аналар мен балалардың жағымды пікірлерін алды. Әсіресе акцияға қатысушылар Sapa Lab және Gastroclinic зертханасын кіші пациенттерге деген ерекше қарасыру мен кәсібилігі үшін алғыс айтады.
Бес жасар Варя мен екі жасар Ваняның анасының пікірін тыңдаңыз.