16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Дұрыс тамақтану: академиктің бес кеңесі

    Төрегелді Шарманов — әлемге әйгілі қазақ ғалымы, Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі, тамақтану мәселелері жөніндегі маман. 460-тан астам ғылыми еңбектер мен 40 өнертабыстың авторы, кезінде КСРО Медицина ғылымдары академиясының аймақтық тамақтану мәселелері институтын басқарып, қазір Қазақ тағамтану академиясы мен Ұлттық денсаулық сақтау орталығын басқарады.

    Өздеріңіз де көріп отырғандай, диеталар мен салауатты өмір салтына қатысты ең білікті сарапшыны табу қиын.

    2016 жылдың 5 желтоқсанында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Төрегелді Шарманов дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты сақтауға көмектесетін қарапайым қадамдар туралы айтты.

    Дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар

    Біз академик Шармановтың ұсыныстарын бес тармаққа бөлдік:

    1. Түскі асқа отырар алдында, тамақтарды мөлшерлеп тарелкаларға салып алыңыз, әркім өзіне қажеттісінен көп алмас үшін бір үлкен табаққа салып қоймаңыз.

    2. Күніне үш реттен кем емес жаңа піскен көкөністер мен жемістерді тұтыныңыз.

    3. Тоңауызыңызда көкөністер мен жемістерге арналған бөлек сөре бөліңіз, олар бірден көзге түсетіндей болсын. Зиянды тағамдар (кондитерлік бұйымдар, чипстер және басқа да өңделген өнімдер) үшін шкафтың көзден жасырылған арнайы сөресін бөлгізіңіз.

    4. Спорттық жабдықтар (жүгіру жолы, велотренажер және т.б.) алыңыз, үй өсімдіктерін өсіріңіз, идеалда - бақша немесе бау-бақша өсіріңіз, теледидардың пультінен бас тартыңыз. Күніне кем дегенде 20-30 минут ұзақ дене жүктемесін беріңіз, сонда аздап демалыс пайда болып, терлеу басталады.

    5. Едендік таразыны сатып алып, көзге түсетін жерге қойыңыз.

    Сонымен қатар тағы бір кеңес — TopDoc.me сайтынан: диетолог қабылдауына жазылыңыз, сонда өзіңізге қажетті жеке тамақтану режимі бойынша ұсыныстар аласыз.