Ұйқысыздық (инсомния) – бұл ауру емес, жүйке жүйесінің қозуымен шақырылған ұйқының бұзылу жағдайы. Әр түрлі аурулар мен синдромдардың белгісі болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері
- ұзақ уақыт ұйқыға кету,
- ерте ояну,
- қысқа аралықпен ұйқы,
- беткей ұйқы,
- ұйқы үшін қажетті жағдай бола тұра тәулік бойы ұйқының толық болмауы.
Диагностикасы
- анамнез жинау
- ұйқы күнделігін жүргізу
- қарап тексеру
- сараптамалар (көрсеткіштер бойынша)
- полисомнография
Емі
- соматикалық немесе психологиялық себептерді (аурулар, күйзеліс және т.б.) жою,
- физикалық себептерді (ыңғайсыз орын, жарық сәуле, шу) жою,
- дәрілік заттар мен шөптерді (дәрігер тағайындауы бойынша) қабылдау,
- мелатонинді қабылдау (дәрігер тағайындауы бойынша).
Себептері
- аурулар — жедел және созылмалы.
- күйзеліс;
- артық физикалық жүктеме;
- депрессивтік жағдай;
- дәрілік заттардың жанама әсері;
- әйелдерде климакс жағдайы;
- жарақаттар;
- гормоналды баланстың бұзылысы,
- ауысым бойынша жұмыс,
- басқа сағаттық белдеуге ұшу және т.б.
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен невролог немесе сомнологтың кеңесіне жазылыңыз:
- сайтта өтінім қалдыру,
- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.