• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Эндометриоз (қазақша)

    Эндометриоз – эндометрийдің (жатыр қуысының ішкі тіні) жатырдың ішкі қабатынан тыс өсуі. Эндометрий жасушасы  етеккір кезінде қанталайды. Бұл қабыну ошақтарын туғызады. 

    Гениталды (жатыр, аналық без) және экстрагениталды эндометриоз деп ажыратылады. Жыныс мүшелерінен тыс эндометрий жасушалары ішекте, іш қуысында, кеуде қуысы ағзаларында, жас каналында анықталуы мүмкін. 

    Эндометриоз негізінен 10%-ға жуық репродуктивті жастағы әйелдерде анықталады. 

    Диагностикасы 

    Эндометриоздың нақты диагностикасы үшін дәрігер-гинеколог науқас әйелдерден клиникалық белгілерін, ауру сезімінің орнын және күштілігін, ауру сезімінің етеккірге қатысы бар-жоғын анықтап біледі. Басынан өткерген аурулар, оталар, түсіктер, босанулар, тұқымқуалаушылық туралы анамнез жиналады.

    Жалпы қан талдауында анемия болуы мүмкін.

    Гинекологиялық қарап тексеру кезінде жатыр, оның қосалқылары және Дугласов кеңістігі маңында тырысу (напряжение) анықталады.

    УДЗ-диагностикасы "эндометриоз" диагнозын 100% растауға мүмкіндік бермейді.  Алайда басқа ауруларды жоққа шығару үшін қолданылады.  

    Компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияның ақпараттылығы жоғары. 

    Диагнозды түпкілікті растау үшін  эндоскопиялық және лапароскопиялық зерттеу жүргізіледі.  

    Клиникалық белгілері

    • етеккірдің ауырсынып келуі және іштің төменгі жағы, сегізкөз аймағында ауру сезімінің болуы;
    • үлкен дәретке отыру және жыныстық қатынас кезінде ауру сезімі;
    • гемоглобиннің төмен болуы;
    • бедеулік.

    Экстрагениталды түрінде зәрде, нәжісте, қақырықта, жаста қанның болуы байқалады. 

    Алғашқы көмек

    Егер "эндометриоз" диагнозы қойылса және расталса, онда науқас тағайындалған дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек. Өйткені қатты ауру сезімі немесе басталған етеккір кезінде дәрілерін қабылдауы қажет. Науқасқа жақындары тыныштық жағдайын қамтамасыз ету керек. Егер жағдайы нашарласа, үйге дәрігерді шақырту қажет.   

    Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

    Ашытқы инфекциясының алдын алудың 10 әдісі

    Бактериялық вагиноз дегеніміз не және ол өздігінен кетуі мүмкін бе

    Емі

    Гормоналды және ауру сезімін басатын дәрілік заттармен консервативті және хирургиялық ем (жатырды толық алып тастау) қолданылады.

    Асқынулары

    • бедеулік
    • анемия,
    • жабыспа ауруы,
    • ауыр қан кетулер,
    • зақымданған аймақтардың қатерлі ісікке айналуы, 
    • зақымданған мүшелердің жарылуы.

    Алдын алу

    • үнемі гинекологтың қарауында болу
    • отбасын сауатты жоспарлау,  түсік жасатпау;
    • гормоналды бұзылыстарды, қабыну үдерістерін дер кезінде анықтау және емдеу;
    • етеккір бұзылыстарын емдеу;
    • етеккір кезінде артық физикалық жүктемелер мен жыныстық қатынастан бас тарту.

    Себептері

    Эндометриоздың нақты себептері белгісіз. Эндометриоз мынадай факторлармен шақырылуы мүмкін деген болжамдар бар:

    • кіші жамбастағы хирургиялық оталар;
    • түсіктер;
    • гормоналды бұзылыстар;
    • туа біткен ақаулар;
    • жатыр мойынының диатермокоагуляциясы.

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен гинекологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.