Бронхиалды демікпе (БД) – төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы қабынуы тән, кез келген уақытта және әр түрлі жағдайда туындайтын тұншығудың жедел ұстамаларымен көрінетін ауру. БДҰ-ның 2011 жылға жасаған есептеуіне сүйенсек, әлем бойынша 235 млн. ересектер мен балалар демікпемен ауырады және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.
Бронхиалды демікпе – тұншығудың жедел ұстамаларымен сипатталатын төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы қабынуы. Бронхиалды демікпе балалардың созылмалы ауруларының кең тараған түрі болып табылады.
Демікпенің 3 түрін ажыратады – аллергиялық (экзогенді), аллергиялық емес (эндогенді) және аралас.
Бронхиалды демікпенің даму себептері экзогенді және эндогенді факторлар болуы мүмкін.
Аурудың түрі мен ауырлық дәрежесіне байланысты клиникалық белгілері ерекшеленуі мүмкін.
Бұл симптомдар кез келген уақытта көрінуі мүмкін. Бірақ жиі түнде немесе таң сәріде күшейеді.
Тұншығудың ауыр ұстамасы демікпелік статус деп аталады. Мұндай ұстама кезінде науқас ерекше қалыпта болады: алдыға қарай еңкейіп, қолдарымен тізесіне немесе үстелдің қырына сүйеніп отырады. Осындай жағдай жедел дәрігерлік көмекті талап етеді.
Қазіргі уақытта бронхиалды демікпе айықпайтын ауру болып есептеледі. Барлық емдік және алдын алу шаралары науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту мен дұрыс тіршілік етуіне бағытталған.
Емдік және алдын алу шаралар кешеніне кіреді: науқасты ауру ағымын өз бетімен қадағалауға үйрету, аллергендер мен арандатушы факторлардан науқасты оқшаулау, фармакотерапия.
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен аллерголог-пульмонологтың кеңесіне жазылыңыз:
- сайтта өтінім қалдыру,
- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.