Безеу (акне, безеулік бөртпе) – май бездері мен олардың өзектерінің дұрыс істемеуі салдарынан дамитын терінің қабынулық ауруы. Папула (қуысы жоқ бөртпе), пустула (іріңді бөртпе) және комедон (қара нүктелер) түрінде көрініс береді.
Қарапайым безеу пубертатты кезеңде (12-13 жас) бозбала мен қыздарға тән және 25-30 жасқа келгенде жойылады. Кеш жастағы безеу гормоналды бұзылыстар, әйелдерде аналық без поликистозының симптомы болуы мүмкін. Безеулік бөртпенің даму механизмі келесідей: май бездері өте көп мөлшерде тері майын бөледі, ол өз кезегінде терідегі тесіктерді бітейді. Осылайша қабыну үрдісін дамытатын Propionibacterium acnes, Malassezia бактерияларының көбеюіне идеалды орта қалыптасады. Қабыну үрдісін тоқтату мақсатында лейкоциттер бітелген тесіктерде жиналады, олар онда өледі, нәтижесінде ірің түзіледі. Ірің тері тінін кеңейтіп, дөңестіктің дамуын шақырады.
Дәрігер-дерматолог немесе косметолог қарап тексергеннен басқа анамнез жинайды. Бөртпе қашан пайда болғаны, тұқымқуалаушылық аурулары, жыныстық жетілудің басталу уақыты, әйелдерде бірінші етеккірдің келуі, басынан өткерген аурулары, созылмалы аурулары туралы сұрақ қою арқылы қажетті ақпарат алады.
Басқа аурулардан ажырату мақсатында дерматолог қанның жалпы және биохимиялық талдауын, жыныс гормондары деңгейіне сынаманы, әйелдерде кіші жамбас қуысы ағзаларының, ал ерлерде қуықасты безі мен аталық бездерінің УДЗ тағайындайды. Гипофиз ісігін жоққа шығару үшін бас сүйегінің рентгенін жасайды.
Әдетте безеулер бетте, иықта, кеуденің және арқаның жоғарғы бөлігінде пайда болады. Кеуде мен арқаның толық зақымдалуы сирек кездеседі. Қызғылт түйіндер, қара нүктелер, айырмалы басы бар конус немесе ұшы кепкен қабыршақ түрінде болады. Аса ауыр түрлеріне индурактивті (көптеген тығыз папулалар) және флегманозды безеулер жатады. Флегманозды безеулер индурактивті безеулердің орнында іріңге толы кистозды қуыс ретінде дамиды. Олар өзара қосылып, толық зақымданған аймақ қалыптастыруы мүмкін.
Жастық шақта қарапайым безеу барлық адамда болады. Дәрігерге қаралғанға дейін қалай көмек көрсетуге болады?
Біріншіден, пісіп-жетілген, басы ақ, қолмен тигенде ауырмайтын безеуді ғана сығуға болатынын білген жөн. Екіншіден, осы шараны жасар алдында қолды жуу керек, безеуді сыққанға дейін және одан кейін сутегінің асқын тотығымен немесе спиртпен өңдеу керек.
Сонымен қатар құрамында мырыш бар азық-түлікті (жемістер, жасыл көкөністер, жидектер, теңіз балығы, сүт, күріш, қызылша, қызамық, сарымсақ) және жақпаларды, лосьонды және т.б пайдаланған абзал. Мырышы бар арнайы дәрумендік кешендер сатылады.
Бейтарап заттарды пайдалана отырып жуыныңыз, теріңізді саз, сұлы, балдан жасалған маскалармен, скрабпен тазалаңыз, тазалаған соң теріңізді ылғалдандырыңыз.
Өнеркәсіптік өндірістің маскаларын, гель және лосьондарын қолданыңыз.
Безеудің емі емдәмнен басталады. Көмірсу, майлар аз қолданылатын, сонымен бірге ащы тағамдарды азайту керек. Иммунитетті көтеріп, безеудің себебі ішкі ағзалардың ауруы болса, онда оны емдеу қажет.
Дерматологтар безеудің ауыр түрінде жергілікті бактерицидтік заттар мен антибиотиктер курсын ішке қабылдауды және бөртпелерді сырттай өңдеуді тағайындайды.
Қазіргі таңда физиотерапияның әр түрі кеңінен қолданылады. Мысалы, криотерапия, лазерлік процедуралар, озонотерапия, фототерапия, әр түрлі пилингтер.
Акненің асқынуы – тыртықтардың, тұрақты пигментацияның қалыптасуы.
Безеулік бөртпенің себептеріне Propionibacterium acnes, Malassezia бактерияларымен инфицирлену, сонымен қатар гормональды фонның ерекшеліктері, эндокринді аурулар жатады.
Гигиена сақтамау, иммунды жүйенің бұзылыстары, кейбір дәрілік заттарды қолдану, аллергия, көмірсуға бай рацион безеудің түзілуіне әкеледі.
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен дерматологгтың кеңесіне жазылыңыз:
- сайтта өтінім қалдыру,
- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.
Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар: