Артрит – қабыну, ауру сезімі және деформациямен сипатталатын буындардың бір топ ауруларының жалпы белгіленуі. Өздігінше ауру (спондилит) немесе басқа аурулардың (ревматизм, туберкулез) белгісі ретінде болуы мүмкін. Егер бірнеше буындар зақымданса полиартрит деп атайды.
Адамның жұмысқа қабілеттілігін жоғалтуы мен мүгедекке айналуының басты себебі артриттер болып табылады. 60 жастан асқан адамдар арасында артриттер мен артроздар 60-80%-да анықталады. Артроз (остеоартроз) — қабыну үрдісіне буын шеміршегі қатысатын ауру түрі. Артроз кезінде буындардың формасы өзгереді.
Біріншілік артрит және басқа аурудың белгісі ретіндегі артрит деп ажыратылады. Біріншілік артритке остеоартроз, ревматоидты және сепсистік артрит, спондилит, подагра (несеп қышқылы тұздарының жиналуы) мен жалған подагра (кальций пирофосфат тұзының жиналуы) жатады. Жүйелі қызыл жегі, псориаз, гепатит, боррелиоз және басқа да аурулардың артрит ретінде белгілері болады.
Барлығынан хабардар болыңыз. Біздің https://t.me/TopDocKz Telegram каналымызға жазылыңыз.
Артриттің себебі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл кей жағдайда диагноз қоюға қиындық туғызады. Дәрігер (ревматолог, ортопед, травматолог немесе хирург) науқасты қарап тексеріп, мұқият анамнез жинап, буындардың зақымдануы мен аллергиялық, жұқпалы аурулар, жарақаттар арасында мүмкін байланысты анықтайды. Диагностикалық мақсатта қабыну белгілерін және несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауын анықтайтын зертханалық талдаулар, рентген, УДЗ, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография тағайындалады. Диагностиканың салыстырмалы жаңа әдісі – артроскопия. Бұл әдіс буын қуысын қарауға және сараптамаға синовиалды сұйықтықты (буын қуысын толтыратын қою масса) алуға мүмкіндік береді.
Артритпен ең алғаш қол саусақтарының буындары зақымданады.
Алғашқы көмек. Артрит біртіндеп жалпы дімкәстік пен шаршағыштықтан басталатындықтан, алғашқы көмек алдын алуға және ауруды ерте анықтауға бағытталғаны жөн. Өршу кезінде дәрігер тағайындаған стероидты емес немесе стероидты қабынуға қарсы препараттарды қабылдау, ұсынылған емдік дене шынықтыру жаттығуларын орындау қажет.
Егер ауру сезімі, қозғалыстың шектелуі немесе буындардың ісінуі кенеттен, қысқа уақыт аралығында пайда болса, онда шұғыл жедел жәрдемді шақырту немесе дәрігерге қаралу керек. Себебі мұндай белгілер аллергиялық реакция, тромбоз, инсульт және тағы басқа қауіпті аурулар кезінде болуы мүмкін.
Аурудың екіншілік түрін емдеу үшін ең алдымен негізгі ауруды емдеумен айналысады.
Біріншілік артрит емін стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, емдік гимнастика, массаж, физиотерапиядан бастайды. Жаттығуларды күш салмай, ауру сезімін туындатпай жасаған маңызды. Аурудың ауыр ағымында буын ішіне кортикостероидтарды енгізеді. Қатты ауру сезімі мен жоғары температура кезінде гормоналды препараттар тағайындайды.
Артриттің алдын алуын бірінші белгілер басталмай тұрып жастық шақтан бастаған жөн. Өйткені бұл - жазылмайтын ауру. Салмақты бақылау, дұрыс тамақтану (көмірсуларды шектеу, магнийге бай азық-түлікті, балық, сүт өнімдерін қолдану), физикалық жаттығуларды тұрақты жасау, жаттығулар мен демалу үшін аз қозғалатын жұмыстағы үзілістер, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру (арқа мен мойынға күш салмау үшін ыңғайлы орынның болуы) артриттің алдын алуына септігін тигізеді.
Ем жүргізілмеген жағдайда артрит панартрит (іріңді артрит), флегмона (іріңді қабыну), остеомиелит, сепсис сияқты аурулармен асқынуы мүмкін. Контрактура (аяқ-қолды бүгіп жаза алмау) мен буынның патологиялық шығуы (буын басының ығыстырылуы немесе буын қалтасынан шығуы) артриттің асқынуы болып есептеледі. Ревматоидты артрит тері, көз, өкпе, жүрек-қан тамыр жүйесінің қабынуын, анемия, депрессияны шақырады.
Артриттің біріншілік түрінің дамуына зат алмасудың, жүйке және иммунды жүйелерінің бұзылыстары, жұқпалы аурулар, жарақат салдары, артық салмақ себепші болады. Артриттің себебі ретінде жиі ауыр физикалық жүктемелерді есептейді. Ревматоидты артрит аутоиммунды ауру болып табылады. Кәсіби артриттер тұрақты микрожарақаттар негізінде дамиды. Мысалы, массаж жасаушы мамандарда, тігінші, шаштараз, еден, көлік жуушыларда жиі кездеседі.
Жұқпалы артриттің кейбір түрлерінің даму себебі аллергиялық реакциялар, ал басқаларының – әйел менопаузасы кезіндегі эндокринді бұзылыстар болып табылады.
Подагра сияқты артриттің түрі дұрыс тамақтанбау, генетикалық факторлар және артық салмақ салдарынан болады.
Артриттің екіншілік түрінің басты себебін негізгі ауру қалыптастырады.
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен ревматологтың кеңесіне жазылыңыз:
- сайтта өтінім қалдыру,
- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.