• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Құлаққа суық тигенде не істеу керек?

    «Құлаққа суық тию» деген не?

    «Құлаққа суық тиіді» дегеніміз – адамның суық ауа, жел немесе азынаққа ұшырап, құлақтың сыртқы, ортаңғы немесе ішкі қабаттарының қабынуына себеп болатын жағдайы. Бұл күйде жағымсыз сезімдер, дискомфорт және ауырсыну байқалып, жиі отиттің — құлақ қабынуының — дамуына алып келеді.

    Құлақтың қабыну қаупін арттыратын факторлар

    Құлақ қабынуының қаупін арттыратын жағдайлар:

    • Суықта немесе желде бас киімсіз ұзақ уақыт жүру.
    • Құлаққа су кіріп, салқындағанда инфекцияның дамуы.
    • Су процедураларынан кейін құлақты жақсылап құрғатпау.
    • Әлсіреген иммунитет, бұл жағдайда ағза қабынуларға бейім келеді.
    • Аллергиялық реакцияларға бейімділік, бұл мұрын мен құлақтың шырышты қабығына әсер етіп, қабынуға алып келуі мүмкін.

    Құлаққа қайда суық тиюі мүмкін?

    Құлаққа суық тию келесі жағдайларда орын алуы мүмкін:

    • Сыртта қатты желде, әсіресе суық маусымда.
    • Көлікте терезе ашық болғанда немесе кондиционердің суық режимінде.
    • Сквозняк бар немесе кондиционер қосылып тұрған бөлмеде.
    • Ашық ауада суға түскеннен кейін, құлақтар желден немесе суықтан қорғалмаған болса.

    Ересектердегі құлақтың қабынуының белгілері

    Ересектердегі құлаққа суық тигендегі белгілер мыналарды қамтуы мүмкін:

    • Басты қозғалту кезінде күшейетін тамыр соққандай немесе сыздаған құлақтың ауырсыну.
    • Құлақтың бітелуі, бұл есту қабілетінің төмендеуімен қатар жүруі мүмкін.
    • Құлақта қысым немесе толғандай сезім.
    • Қабыну күшейсе, температураның көтерілуі.
    • Инфекция дамыған жағдайда құлақтан бөлінділердің шығуы мүмкін.

    Балалардағы құлақтың қабынуының белгілері

    Бала сезімін түсіндіре алмайтын кезде мына белгілерге назар аудару керек:

    • Құлаққа тигенде немесе басты еңкейткенде мазасыздану немесе жылау.
    • Құлағын жиі уқалап, тартып тұру.
    • Ұйқы мен тәбеттің бұзылуы.
    • Температураның көтерілуі және ашушаңдық.

    Құлаққа суық тигенде қандай дәрігерге қаралу керек?

    Егер құлағыңызға суық тиді деп күмәндансаңыз, ең дұрысы – оториноларингологқа (ЛОР дәрігерге) қаралу. Бұл маман қабынуды анықтап, қажетті емдеуді тағайындай алады. Егер мәселе балада болса, алдымен педиатрмен кеңесіп, кейін қажет болса ЛОР дәрігерге жүгінуге болады.

    Емдеу

    Емдеу қабынудың ауырлығына байланысты және әдетте мыналарды қамтиды:

    1. Ауырсынуды басатын дәрілер ауырсынуды жеңілдету үшін.

    2. Қабынуға қарсы тамшылар ісінуді азайтып, дискомфортты кетіруге көмектеседі.

    3. Бактериалды инфекция анықталған жағдайда антибиотиктер (тек дәрігер тағайындайды!!!).

    4. Физиотерапия процедуралары — мысалы, құрғақ жылу немесе УВЧ — қабынуды басуға көмектеседі (тек дәрігердің нұсқауы бойынша!!!).

    Маңызды: өзіндік емдеу асқынуларға алып келуі мүмкін, сондықтан емдеуді дәрігер таңдағаны дұрыс.

    Құлаққа суық тигенде мыналарды жасауға болмайды!!!

    • Дәрігердің тағайындауынсыз спирттік ерітінділер мен тамшыларды қолданбаңыз. Кейбір заттар күйікке немесе қабынудың өршуіне себеп болуы мүмкін.
    • Дәрігердің кеңесінсіз құлақты жылытуға болмайды, әсіресе іріңді процесс күдігі болса. Жылыту инфекцияның таралуына, тіпті қауіпті асқынуларға алып келуі мүмкін.
    • Құлақты тазалауға мақта таяқшаларын қолдану барабан жарғағына зақым келтіріп, қабынуды күшейтуі мүмкін.
    • Дәрігердің тағайындауынсыз антибиотиктерді қолданбаңыз. Антибиотиктерді өз бетімен қабылдау бактериялардың төзімділігін арттырып, асқынулар тудыруы мүмкін.
    • Симптомдарды олар өздігінен кетеді деген үмітпен елемеңіз, бұл асқынуларға алып келуі мүмкін.

    Қабыну белгілері байқала салысымен, дәрігерге қаралып, емдеуді ертерек бастаған жөн. Суықтан және азынақтан, әсіресе суық маусымда құлақты сақтаңыз!

    - - - - - - - - - - - - - 

    Білікті дәрігерді іздеп жүрсіз бе?

    Біздің сервис сізге көмектеседі!

    TopDoc.me сайтында сіз кез келген мамандық дәрігерін орналасқан жеріне, қабылдау құнына және тәжірибеге байланысты таба аласыз. Дәрігер қабылдауына өтінім қалдырыңыз немесе +7(707)2255009 байланыс орталығына хабарласыңыз.

    Біз күнделікті жүздеген науқастарға сәйкес дәрігерді немесе медициналық қызметті табуға көмектесеміз.   

    - - - - - - - - - - - - - 

    МАҢЫЗДЫ!

    TopDoc.me сайтында жарияланған ақпаратты өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу үшін пайдалануға болмайды. Егер сізді мазалайтын қандай да бір аурулар немесе белгілер болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. TopDoc.me сайтындағы ақпарат дәрігермен бетпе-бет кеңес беруді алмастырмайды және тек ақпараттық-анықтамалық мақсаттарға арналған.