Акушер-гинеколог, жоғары санатты дәрігер Галина Юрьевна Логданиди 2022 жылдың ақпан айының үздік дәрігері атанды. Галина Юрьевна әйелдердің жыныс жолдарының ауруларын емдеуге, сондай-ақ жүктілікті жүргізуге маманданған. Оның пациенттерінің пікірлері:
«Логданиди Галина Юрьевна керемет дәрігер гинеколог, оның қабылдауына өте ризамын, сауатты әрі кәсіби маман. Ұсынамын».
«Бұл дәрігер маған қатты ұнады. Ол өте мұқият болды. Мен оның біліктілігін де атап өте аламын».
Сонымен қатар дәрігер Логданиди қыздарға 5 жасынан бастап кеңес береді. Неліктен кішкентай қыздарға гинекологтың көмегі қажет болуы мүмкін? TopDoc.me байқау жеңімпазын құттықтай отырып, оған қыздардың жыныс мүшелері, синехия, алғашқы етеккір және жатыр мойны обырының негізгі себебі болып табылатын адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе туралы маңызды сұрақтар қойды.
- Көп жағдайда кішкентай қыздардың аналарын жыныс ернеулері, вульва маңындағы қызарулар және ақ жабынды алаңдатады. Кейде аналар бұл ақ жабындыны қарқынды түрде жуып, оны өңдей бастайды. Мұны істеудің қажеті жоқ. Бұл әрекеттерімен аналар қыздың вульвасының қалыпты флорасын бұзады, бұл дененің осы бөлігінде қабыну ауруларының пайда болуына ықпал етеді.
Сондай-ақ, қабылдауға бірінші баласы ұл болған жас аналар жиі келеді, олар қыздың жыныс мүшелерінің құрылымынан ұялуы мүмкін. Егер мұндай сұрақтар туындаса, онда барлық түсініктемелерді беретін балалар гинекологымен байланысудан тартынбаңыз. Әдетте мұндай үрей жалған болып келеді, өйткені қызды алғашқы тексеру перзентханада жүргізіледі.
Қыз бала өскенде, кез келген бала сияқты, өз денесін, оның ішінде жыныс мүшелерін зерттей бастайды. Аналар осы кезеңге дайын болу керек, қорықпау қажет, мұның не себепті болып жатқанын түсіну керек. Егер қызды жыныс ернеулерінің аймағындағы ыңғайсыздық алаңдатса, онда маманға, балалар гинекологына қаралған жөн. Біз жағынды жасаймыз, қоздырғыштарды анықтаймыз, ем жүргіземіз. Сондай-ақ, қыз балада қандай да бір психологиялық фактор рөл атқаруы мүмкін. Бұл кезде балалар психологы іске қосылады. Қалай болғанда да, алдымен дәрігердің қабылдауына бару керек, ол мәселенің бар-жоғын және оның немен байланысты екенін анықтайды.
Қыз өседі, жыныстық жетілу басталады, тағы басқа сұрақтар туындайды. Қызда екіншілік жыныстық белгілер пайда болады, гормоналды статус өзгереді. Бұл кезеңде қыздарды көптеген мәселелер алаңдатады, олар кейде интернеттен, құрбы қыздардан және тағы басқалардан қарама-қайшы ақпарат алады. Бұл жерде ананың рөлі де өте маңызды, анасы қызымен көп сөйлесіп, оның денесінің, жалпы жағдайының өзгеретініне дайындап, жеке бас гигиенасын сақтауға үйретуі керек.
Егер анасы мұндай сұрақтарды қалай дұрыс талқылау керектігін білмесе, балалар гинекологымен байланысқан жөн. Анасы бәрін дұрыс түсіндіргендей көрінеді, бірақ қыз үшін маман дәрігердің пікірін тыңдау маңыздырақ және тиімдірек. Гинекологтардың міндеті - қыздың физикалық денсаулығы ғана емес, сонымен қатар оған психологиялық көмек көрсету.
Қыз бала 16 жасқа толғанда, анасының қатысуынсыз гинекологқа баруға құқылы, бірақ 18 жасқа дейін кейбір ем-шаралар және манипуляциялар тек ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
- Кішкентай қыздардағы вульва аймағындағы ақ жабынды, негізінен, қалыпты болып саналады және өздігінен кетеді, бірақ мен айтқанымдай, аналар көбінесе мәселені өз қолдарына алады және бұл керісінше проблемалардың туындауымен аяқталады. Жабындының пайда болуына баланың, ананың тамақтануы, баланың жалпы иммундық статусы, асқазан-ішек жолдарының жағдайы, анасының жүктілік барысы сияқты факторлар әсер етеді.
- Өкінішке орай қазіргі таңда синехия өте кең таралған құбылыс болып табылады. Синехияның пайда болуында маңызды рөл атқаратын екі фактор бар: қыздың жыныс ернеулерінің бактериялық микрофлорасының бұзылу факторы және баланың гормоналды жетілмегендігі.
Егер микрофлора туралы айтатын болсақ, онда кейде анасы қызының жыныс мүшесінің гигиенасына жақсы мән бермейді немесе керісінше, жыныс мүшесін сабынмен, майлықпен және басқа да дезинфекциялық құралдармен шамадан тыс тазартады. Бұның екеуі де қалыпты микрофлораның бұзылуына әкеледі, қорғаныш қабаты бұзылып, кіші жыныс ернеулерінің бірігуі болады.
Бұны емдеу даму себебіне байланысты жүзеге асырылады. Анасына дұрыс күтім жасау бойынша ұсыныстар беріледі: балалардың жеке гигиенасы үшін сабын және басқа да тазартқыштар аптасына 2-3 реттен көп емес қолданылуы керек, ал күнделікті тазалау үшін қарапайым су жеткілікті. Бұл балалардың жыныс мүшелерінің табиғи микрофлорасын шамадан тыс құрғап кетуден, жарақаттанудан қорғауға мүмкіндік береді және патогендік флораның әсерінен қорғаныс тосқауылын сақтауға мүмкіндік береді.
Балаға жөргексіз жүруге уақыт беру керек, күндіз ауа, күн «ванналарын» қабылдаған жөн. Үйдің ішінде күн шуақты жылы орын тауып, баланы шешіндіріп, солай жатуға рұқсат етіңіз.
Синехия бірнеше рет қайталануы мүмкін, бірақ өсе келе жойылады.
- Кішкентай қыздарда жыныс мүшелерінің қабыну аурулары болуы мүмкін. Бұл әдетте кокк немесе ашытқы жұқпасы болып табылады. Көбінесе иммундық жүйенің әлсіреуіне байланысты дамиды. Мысалы, бала вирустық жұқпамен, жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларымен ауырды және осы аурудың фонында симптом ретінде вульвада қабыну дамуы мүмкін. Вульвада қызару, қышу, тітіркену байқалады, бала зәр шығару кезінде жылайды. Жасы үлкен балалар жыныс ернеулері аймағындағы ыңғайсыздыққа шағымдана алады. Қынаптық бөліністер (выделения) болуы мүмкін. Бұл жағдайда балалар гинекологына қаралу керек.
Дәрігер диагноз қою үшін жағынды алады. Мысалы, біздің «АЛГАМЕД» клиникамызда жағындыларды тез арада талдап, 10-15 минут ішінде қорытынды беретін зертхана бар. Талдау нәтижелеріне байланысты емдеу тағайындалады.
Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну аурулары кезінде паразиттерге сараптама жасау ұсынылады. Ағзада паразиттердің болуы кейде осындай жиі қайталанатын вульвитке, вульвовагинитке, синехияға, тітіркенуге, қышымаға әкеледі.
Сондай-ақ ата-аналарға баланың олардан бөлек ұйықтауын ұсынамын, оның жеке төсегі болуы керек. Егер ересектерде несеп-жыныс жүйесінің қабыну аурулары болса, бұл балалар үшін де қауіп факторы болып табылады. Баланың жеке жуыну жөкесі (мочалка), ваннасы, сүлгілері, төсек-орын жабдығы болу қажет.
- Егер қыз баласын еш нәрсе мазаламаса және қыздың анасымен қарым-қатынасы жақсы болса, онда дәрігерге барудың қажеті жоқ, анасының өзі бәрін түсіндіреді. Алайда қыздың денсаулығы жақсы болғанмен, бірақ анасы жауап бере алмайтын, әсіресе жыныстық тәрбиеге қатысты кейбір сұрақтар мазаласа, әрине, балалар немесе жасөспірімдер гинекологына барған дұрыс. Біз барлық маңызды шетін жағдайды сауатты түрде түсіндіреміз.
- Қарапайым және гипоаллергенді балалар сабынын қолданған дұрыс. Қазіргі уақытта интимдік гигиенаға арналған заттар өте кең таралған. Олардың артында фармацевтикалық компаниялардың маркетингі жатқанын түсіну керек. Маман ретінде айтарым, әйелдерге шынымен пайдалы және флораны жақсартатын сол интимдік гигиена заттары табиғи компоненттерге байланысты қымбат болады және әр дүкенде сатылмайды. Супермаркеттердің сөрелерінде толып тұрған заттарды ерте қолдана бастаған қыздарда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.
Сондай-ақ күнделікті төсемелерді (ежедневные прокладки) тым ерте пайдаланудың қажеті жоқ. Қыздарда аллергиялық реакциялар, шап аймағындағы дерматит, вульвит болуы мүмкін. Күнделікті төсемелерді, мысалы, етеккірдің алғашқы немесе соңғы күндерінде қолдануға болады. Бірақ мен оларды күн сайын пайдалануды ұсынбаймын, өйткені оларды ұзақ уақыт пайдалану кезінде «бу моншасы» әсері туындауы мүмкін, жергілікті температура мен ылғалдылық жоғарылайды, бұл патогендік флораның өсуіне әкеледі. Кәдімгі мақтадан жасалған іш киімін киіп, оны жиі ауыстырып, су процедураларын дұрыс орындаған жөн. Нәтижесінде қалыпты сау флора болады.
- Қазір етеккірдің басталу жасы жылжыды. Бұрынғы уақытта алғашқы етеккір немесе менархе 11-12 жаста келсе, қазір 10 жаста басталады. Цикл 1-1,5 жыл ішінде қалыптасады. Осы уақыт ішінде етеккір тұрақты емес, сирек, екі немесе үш айда бір рет, кейде керісінше, тым жиі, айына екі рет болуы мүмкін. Бұл жағдайда балалар гинекологына хабарласқан дұрыс, өйткені баланың шамадан тыс қан жоғалтуы анемияның даму қаупін тудырады. Біртіндеп цикл тұрақталады. Қалыпты етеккір - ай сайын шамамен бір уақытта келетін тұрақты етеккірлер, ұзақтығы - 7 күнге дейін.
- Бұл олардың ағзасында қауіпті мәселе бар дегенді білдірмейді. Бұл жай қыз баланың өзіндік ерекшелігі, онымен өмір сүруге тура келеді. Әдетте, мұндай ауырсынумен өтетін етеккір өсе келе, гормоналды жағдай қалыптасқанда, жиі алғашқы нәресте дүниеге келгеннен кейін басылады.
Кез келген жағдайда, егер қыздың етеккірі ауырсынумен өтсе, гинекологқа бару керек, дәрігер аурудың бар-жоғын немесе анатомиялық өзгерістерді анықтау үшін ультрадыбыстық тексеруді тағайындайды. Егер барлығы қалыпты болса, қыздың дамуы мен дене бітімі оның жасына сәйкес келсе, онда біз дәрумендік кешендерді қабылдау бойынша ұсыныстар береміз. Жалпы алғанда, бұл процесс жақсарады және әлдеқайда жеңіл өте бастайды.
- Тампондар - әйел гигиенасы үшін өте ыңғайлы және қажетті нәрсе. Бірақ мен оны жасөспірім қыздарға ұсынбаймын. Олар қарапайым, қазіргі таңда көптеген түрлері бар төсемелерді пайдаланғаны жөн.
Өкінішке орай, кейде қыздар тампонды шығара алмайды немесе оны ұмытып кетеді. Тампондарды қолдану қалыпты микрофлораның бұзылуына әкелуі мүмкін.
- Өкінішке орай, мұндай мәселе бар. Қыздар қыздық пердесі сақтала отырып, етеккірдің кешугіне шағымданып келеді. Әрине, аналардың бұған сенуі өте қиын. Бұл - ана мен қыз арасындағы сенімді қарым-қатынас мәселесі. Қыздарға толыққанды жыныстық қатынас болмаған жағдайда да, тіпті қыздық перде сақталса да, ұлдармен мұндай «ойындар» ойнау жүктілікке әкелуі мүмкін екенін түсіндіру керек.
- Тамақтануда ашыған өнімдердің көп болуы ішек микрофлорасын өзгертеді және бұл тиісінше қынаптың микрофлорасына әсер етеді. Қынапты бүкіл ағзадан бөлек қарастыру мүмкін емес. Әйелдің несеп-жыныс жүйесі денедегі барлық өзгерістерге дереу жауап береді.
Қабылдауға жас қыздар, бойжеткендер және әйелдер кандидозбен (молочница) келген кезде, біз міндетті түрде ішек, үлкен дәретпен проблемаларды анықтаймыз. Қынапты қалағаныңызша емдеуге болады, бірақ біз ішектерді қалпына келтірмейінше, мұның пайдасы болмайды.
- Жыныстық өмірді бастамас бұрын, Қазақстанда таралымы бойынша екінші орында тұрған жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарға АПВ-ға қарсы екпені алу керек, мен бұны толықтай қолдаймын. Сонымен қатар, ғалымдардың соңғы ғылыми еңбектеріне сәйкес, әйелдерге жыныстық өмір басталғаннан кейін және бұл вирус әйелдің ағзасында болса да, 45 жасқа дейін АПВ-ға қарсы екпе жасау ұсынылады. Елімізде екпе мәселесі жақын арада оң шешімін табады деп сенемін.
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтар қойыңыз, гинеколог Галина Юрьевна Логданидиге өзіңіз үшін ыңғайлы кез келген жолмен жазылыңыз:
МАҢЫЗДЫ!
TopDoc.me сайтында жарияланған ақпаратты өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу үшін пайдалануға болмайды. Егер сізді мазалайтын қандай да бір аурулар немесе белгілер болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. TopDoc.me сайтындағы ақпарат дәрігермен бетпе-бет кеңес беруді алмастырмайды және тек ақпараттық-анықтамалық мақсаттарға арналған.
Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:
Шаштың түсуі – себептері мен емі. 2021 жыл наурыз айының үздік дәрігері
Қазақстандағы гипотиреоз бен йодтапшылық. 2021 жыл мамыр айының үздік дәрігері
Көтеу (геморрой) дегеніміз не? 2021 жыл сәуір айының үздік дәрігері