• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Көтеуді (геморрой) алдын алудың бес қарапайым әдістері

    Көтеу. Геморрой алдын алудың бес әдістері  Көтеу (геморрой) – бұл ыңғайсыз және қатты ауру сезімі болатын жағдай. Сіз өмір салтын өзгерту арқылы бұл жағдайдан аулақ бола аласыз.

    Көтеу (геморрой) - анал каналындағы ісінген, қабынған веноздық түйіндер. Олар кейде ауырсынып, қышуы мүмкін. Сонымен бірге қан кетуді шақыруы мүмкін. Бірақ сіз өмір салтын өзгерту арқылы бұл өте жағымсыз белгілерден аулақ бола аласыз.

    Нуспекова Динара Тулендиевна
    19 лет стажа работы, Колопроктолог, Проктолог, Хирург
    5.0 Рейтинг
    547 отзывов
    19 лет стажа работы

    Көтеудің алдын алуға болады ма?

    Барлық адамдарда көтеу бар. Бұл анустың жанында орналасқан және бүкіл аймақты қанмен қамтамасыз ететін бірнеше ішкі және сыртқы қан тамырлары болып табылады. Осы қан тамырлары ісініп, қабынған кезде ғана ауру сезімімен өтетін үлкен мәселені тудырады. 

    Егер сізде тік ішек аймағында ауырсыну, қышу болса немесе үлкен дәрет кезінде қанды байқасаңыз, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз, проктологқа хабарласыңыз. 

    Осы қан тамырларының ісінуін алдын алуға көмектесетін бірнеше кеңестер ұсынылады.

    1. Қажет кезде дәретханаға барыңыз

    Бұл ақылға қонымды кеңес сияқты естіледі, бірақ тым көп адамдар оны елемейді. Егер сіз үлкен дәретке баруды қаласаңыз, бірақ үнемі дәретханаға баруды кейінге қалдырсаңыз, нәжіс ішекте қатты және құрғақ болуы мүмкін, бұл ішектің қозғалысын қиындатады. Егер сіз одан кейін үлкен дәретке отыру үшін күшеніп   тырыссаңыз, көтеудің даму қаупі артады.

    Керісінше, сіз үлкен дәретке барғыңыз келмейді, бірақ соған қарамастан дәретханаға барып, нәжісті шығару үрдісін тездетуге тырысасыз. Күшену көктамырлық түйіндерге қысымды арттырады, бұл көтеудің дамуына әкеледі.  Күшену ішкі көтеудіғ сыртқы түріне ауысуына әкелуі мүмкін.

    2. Дәретхананы оқу залына айналдырмаңыз

    Дәретханадағы уақытыңызды ұзақ әрі бос өткізу емес, қажеттілік ретінде қарастырыңыз. Дәретханада журналдар мен кітаптарды сақтамаңыз. Телефонды дәретханаға апармаңыз, Instagram, Telegram, TikTok, YouTube сайттарын қарамаңыз, ойын ойнамаңыз.

    Неліктен? Дәретханада неғұрлым көп уақыт өткізсеңіз, соғұрлым дәрет шығаруға тырысуыңыз мүмкін. Сонымен қатар, отыру қалпы анальды қан тамырларына қосымша жүктеме береді. Бұл екі фактор да көтеудің даму қаупін арттырады.

    Геморрой алдын алу кенестери

    3. Өз рационыңызды қайта қарап шығыңыз

    Көтеудің  алдын алу үшін жұмсақ және жеңіл нәжіс қажет. Сусызданудың алдын алу үшін  көп су ішу және дұрыс емдәмді таңдау арқылы нәжістің қажетті консистенциясына қол жеткізуге болады.

    Жасұнықтың жеткіліксіздігі нәжіс проблемаларының ең көп тараған себебі болып табылады. Мысалы, егер сізде іш қату болса, жасыл көкөністерден, жемістерден және тұтас дәндерден көбірек жасұнық алуға тырысыңыз. Жасұнық іш қатудан аулақ болуға көмектеседі, ал күшенуге әкелетін іш қату көтеудің қауіп факторы болып табылады.

    Көтеуді (геморрой) алдын алудың бес қарапайым әдістері

    4. Жаттығулар арқылы өзіңізді қозғалыста ұстаңыз

    Бірқалыпты жаттығулар ішек пен ас қорыту жүйесінің, соның ішінде көтеуге қатысты  көптеген мәселелерді жақсартуға немесе болдырмауға көмектеседі. Сіз отырықшы өмір салтын ұстанғанда, барлығы баяулайды, соның ішінде ішектердің қызметі де баяулайды.

    Жаттығулар нәжістің ішек жолымен қозғалуына көмектеседі. Бұл өз кезегінде іш қату және құрғақ, қатты нәжістің алдын алуға көмектеседі. Жаяу жүру, қысқа қашықтыққа жүгіру, велосипед тебу, йога, жүзу - өз таңдауыңызды жасаңыз, бірақ белсенді өмір салтын таңдаңыз.

    Бірақ егер сізде көтеу болса, мынаны ескерген жөн: ауыр заттарды көтеру арқылы отырып тұру және іштегі қысымды арттыратын осыған ұқсас қозғалыстардан аулақ болыңыз. Егер сіз көтеуді алдын алуға тырыссаңыз, бұл жаттығулардың пайдасынан гөрі зияны көбірек болады.

    Геморрой казакша, котеу алдын ала

    5. Дәрігерге қаралыңыз

    Егер сіздің симптомдарыңыз үдесе немесе қан кету пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер проктолог сіздегі симптомдардың ауырлығын бағалайды және тиісті емдеуді таңдайды.

    Ким Александр Михайлович
    39 лет стажа работы, Колопроктолог, Проктолог, Хирург
    5.0 Рейтинг
    137 отзывов
    39 лет стажа работы

    Көтеудің алдын алуға көмектесетін өмір салты бойынша басқа да кеңестер

    Күнделікті жасауға болатын қарапайым нәрселер:

    • Көбірек су ішіңіз. Су болмаса жасұмық нәжісті қатты етеді.
    • Ұзақ отырудан аулақ болыңыз.
    • Жасұмық қосылған тағамдық қоспаларды қабылдау туралы өз дәрігеріңізбен ақылдасыңыз.
    • Жамбас қуысының түбіндегі қысымды жеңілдету үшін дәретханаға барған кезде аяқтарыңызды аласа орындыққа көтеріңіз.

    Көтеуді (геморрой) алдын алудың бес қарапайым әдістері

    Біздің сайтта тәжірибелі проктологтар мен гастроэнтерологтар ұсынылған. Пікірлерді оқыңыз, сұрақтар қойыңыз, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен дәрігерлерге жазылыңыз:

    • сайтта өтінім қалдыру,
    • WhatsApp арқылы бізге жазыңыз, біздің кеңесшілер сізге міндетті түрде жауап береді немесе сізге қайта қоңырау шалады,
    • +7 (707) 22 55 009 телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз
    Сибаева Эльмира Омаровна
    21 год стажа работы, Колопроктолог, Проктолог, Хирург
    5.0 Рейтинг
    262 отзыва
    21 год стажа работы
    Для детей и взрослых

    МАҢЫЗДЫ!

    TopDoc.me сайтында жарияланған ақпаратты өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу үшін пайдалануға болмайды. Егер сізді мазалайтын қандай да бір аурулар немесе белгілер болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. TopDoc.me сайтындағы ақпарат дәрігермен бетпе-бет кеңес беруді алмастырмайды және тек ақпараттық-анықтамалық мақсаттарға арналған.

    Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

    Көтеу (геморрой) дегеніміз не? 2021 жыл сәуір айының үздік дәрігері

    Семисбаева Алина Жумажановна
    13 лет стажа работы, Колопроктолог, Проктолог, Хирург
    5.0 Рейтинг
    24 отзыва
    13 лет стажа работы