Не себепті әлсіз болғанда эндокринологқа қаралу қажет? Гипотиреоз бен асқазан-ішек жолдарының арасында қандай байланыс бар? Қалай гипотиреоз депрессия бетпердесімен жасырынады? 2021 жыл мамыр айының үздік дәрігері осы сұрақтарға жауап береді.
TopDoc.me қолданушылары мамыр айының үздік дәрігері ретінде эндокринологты таңдады. Дәрігер Хайбулина Альбина Камильевна 25 жыл бойы эндокринді жүйенің әр түрлі бұзылыстары бар балалар мен ересектерді емдейді.
Ол туралы науқастар былай дейді:
«Дәрігер баламен жақсы тіл табыса алады. Оның қабылдауына ризамын. Білікті, зейінді, өте жақсы дәрігер!»
«Өте жақсы дәрігер. Барлығын тексеріп, өз кеңесін берді. Мен бұл дәрігерге бірінші рет келіп тұрғаным жоқ. Оның қабылдауына әрқашан ризамын. Дәрігерге алғыс білдіремін!»
Дәстүр бойынша байқауымыздың демеушісі, Labor Medical танымал түрік өндірушісінің сапалы медициналық киімін жеткізушісі RayMed компаниясының атынан жеңімпаз дәрігерге сыйлық сыйлап, эндокринология мамандығы бойынша бірнеше аса маңызды сұрақтарды қойдық.
Біздің Telegram каналға https://t.me/TopDocKz жазылыңыздар.
- Альбина Камильевна, Қазақстанда йодтапшылық бар ма, әлде жоқ па? Тіпті біздің ең беделді ғалым-дәрігерлердің пікірлері әр түрлі.
- Қазақстанда йодтапшылық әлбетте бар деп есептеймін. Себебі йодтың ең үлкен қоры мұхитта, ал біз теңіздерден георгафиялық тұрғыда алшақпыз, йодқа бай теңіз өнімдерін жемейміз. Сондықтан осы микроэлемент біздің ағзамызда қажетті мөлшерде болмайды. Топырақ, су, азық-түліктердегі йодтың тапшылығы Қазақстан аумағының жартысын қамтыған, ал эндемиялық жемсау еліміздің оңтүстік және шығыс аймақтарында кең тараған.
Қазақстанда тұз йодталады, ал егер тұз ұзақ уақыт ашық күйде тұрса, онда йод ауаға тарап, жоқ болуы мүмкін. Жалпы тамақ арқылы біз 50 микрограмм йод қабылдаймыз, яғни йодтың қажетті мөлшерінің орнын толтыру үшін тәулігіне бір салым тұзды пайдаланған жеткілікті. Әрине, бұл жағдайда тұздың құрамында расында йод болу қажет. Бұдан басқа тәулігіне балдырдың үш жолақшасын жесе де жеткілікті. Себебі балдырдың құрамында жеткілікті мөлшерде йод бар.
Кейде йодтың қарапайым спирттік ертінідісінің бірнеше тамшысын суға тамызып ішу керек деген ұсыныстарды кездестіруге болады. Алайда бұл дұрыс емес. Адам әр жолы бірдей мөлшерді өлшей алмайды, ал бұл нәтижесінде қалқанша безінің гиперфункциясына алып келеді. Йод барлығына қажет, бірақ барлығына ұсынылмайды. Адам тексеруден өтпей өз-өзіне йодты тағайындай алмайды. Себебі йод қарсы көрсетілген қалқанша безінің кейбір аурулары бар.
Негізінен адамға мөлшерлеп айтқанда жылына 1 шәй қасық йод жеткілікті болады. Сондықтан өздігімен диагностика жасап, өздігімен емделуге болмайды деп қайталап айтқым келеді!
- Қазіргі уақытта барлық зертханалар қалқанша безінің (ҚБ) (щитовидная железа) гормондарын тексеруді ұсынады. Қалқанша безінің қызметін расымен тексеру қажет пе?
- Өмірдің заманауи ағымы адамдардың көбірек және жиі шаршауына әкелді. 22.00-ден де кеш ұйықтайды және психологиялық тұрғыда қайта қалпына келіп үлгермейді. Тынықпаған адам өте ашушаң болады, күш-жігері болмайды. Ол осының себебін еріксіз ойлай бастайды.
Көптеген зертханалардың ҚБ жағдайын тексеру бойынша кең тараған жарнамасы адамды гормондарын тексеруге итермелейді.
Гипотиреоздың негізгі маркері – ТТГ гормоны. Ол мидың кішкентай аймағында, көптеген пайдалы және қажетті гормондарды түзетін гипофизде өндіріледі. ТТГ-ның деңгейі қалыпты мөлшерінен әлдеқайда жоғары болса, дәрігер эндокринолог гипотиреозға алып келетін негізгі себептердің бірі ТПО-ға қарсы антиденелер мен йод атомының құрамын көрсететін бос Т3 пен Т4 тексеруді тағайындайды. ҚБ гормондары бойынша бұл пакет расында өте ақпаратты және қажет болып табылады.
- Гипотиреоз туралы әңгімелесейік. Бұл не ауру?
- Гипотиреоз сөзі өзі айтып тұрғандай: гипо – аз, тирео – бұл қалқанша без (ҚБ) (щитовидная железа). Ол жұмысын тоқтатады, солғын болып, қызметі төмендейді. Сәйкесінше адам әлсіз, ұйқышыл, тез шаршағыш болады, шаштары түседі, терісі құрғайды, дененің температуралық режимі төмендейді. Өйткені температура ҚБ-мен бақыланады. Ісінулер пайда болады – зат алмасу үрдістері тежелген; ішек босаңсып, нәтижесінде іш қатулар байқалады, тіпті жүрек те баяу соғады.
Гипотиреоз дамуының ең жиі себептерінің бірі - аутоиммунды тиреоидит немесе Хашимото тиреоидиті. Бұл кезде әр түрлі себептерге байланысты адамның иммунды жүйесі қалқанша безін бөтентекті деп біліп, оған қарсы антиденелер (ТПО қарсы антиденелер) синтездейді. Олар ҚБ-нің қатты қабынуын шақырады. Без толығымен өзгеріп, ол не ұлғаяды, не кішірейеді немесе ол жерде түйіндер пайда болады. Бұл аутоиммунды үдеріс ҚБ гипофункциясына әкеледі.
Сонымен бірге гипотиреоз дамуын іске қосушы механизмдерінде асқазан-ішек жолдарының жағдайы маңызды рөл атқарады. Егер белгілі бір себептерге байланысты, мысалы, дұрыс емес тамақтану нәтижесінде пайдалы микроэлементтер (мырыш, селен, темір), L-тирозин аминқышқылы сіңірілмесе және ағзада D дәруменінің деңгейі төмен болса, онда ҚБ-нің қызметі төмендейді. Өйткені бұл микроэлементтер ҚБ гормондарының синтезіне қатысады. Кейде тамақтануды реттеу, АІЖ ауруларын емдеу, микроэлементтерді толтырудың өзі гипотиреоз сияқты мәселеден құтылуға жеткілікті болады.
Гипотиреоздың тағы бір себебі – бұл ҚБ-не жасалған оталар, радиобелсенді йодпен емдеуден кейінгі жағдай; экологиялық қолайсыз аймақтарда тұратын немесе қауіпті өндірісте жұмыс істей отырып сәулеленуге ұшырайтын адамдар қауіп-қатер тобына кіреді.
- Гипотиреозбен кімдер жиі ауырады?
- Көбінесе әйелдер ауырады. Мұнда мынаны ескерген жөн: егер әйелде гипотиреоз болса және ол ауруы туралы білмесе, онда баласына бейімділіктің берілу ықтималдығы өте жоғары болады. Туа біткен гипотиреоз сирек жағдай емес. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, 1992 жылы Қазақстанның оңтүстік аймағында туа біткен гипотиреоздың кездесу жиілігі 6-7% құраған. UNICEF және дәрігерлер біліктілігін арттыру институты эндокринология кафедрасының мәліметтері бойынша 90-шы жылдары неонатальды гипотиреоз жиілігі 7,2 % болған. Бұл өте үлкен көрсеткіштер болып есептеледі. Алайда барлық жаңа туған нәрестелерді ҚБ гормондарына міндетті түрде тексеру іс-шарасын енгізгеннен кейін бұл пайыз азайды. Нәрестелер дүниеге келген соң бірден табандарынан қан алып, ТТГ деңгейін тексереді. Сонымен қатар тұзды міндетті түрде йодтау да оң әсер етті.
- Қандай симптомдар кезінде эндокринологқа қаралу керек?
- ҚБ қызметінің төмендеуі кезінде барлық зат алмасу үдерістері төмендейді және ол мынадай симптомдармен көрінуі мүмкін:
Гипотиреоз басқа аурулармен жасырынуы мүмкін. Адам шаршап, көп жұмыс істеп қойдым деп ойлайды. Ал әйелдер етеккір циклы өзгергенде 45 жаста дамыған ерте менопауза немесе көп ашуландым деп ойлауы мүмкін. Гипотиреоздың мұндай бетпердесі өте көп.
ҚБ құрылымдық өзгерістер бостан бос пайда болмайды. Міндетті түрде оның себептерін іздеу керек. Мысалы, мойын құрылымының анатомиялық ерекшеліктері кезінде тамырлардың бұлшықетпен қысылуы, сколиоз, отырыңқы жұмыс. Осының барлығы ҚБ-де қан айналымын бұзады.
Сонымен бірге жоғарыда айтып өткенімдей, АІЖ, өт қапшығымен проблемалар болған кезде, мысалы, көптеген адам мән бере бермейтін холецистит. Бірақ мұның өзі іске қосушы механизм ретінде болуы мүмкін. Себебі асқорытудың қалыпты үдерісі бұзылады. Бұл гормондар синтезіне қажетті дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығына әкеледі.
Себептерді іздеу барысында ағзада паразиттердің бар болуын тексеру артық болмайды. Олардың тіршілік өнімдері адам ағзасында әр түрлі бұзылыстарды шақырады, сондықтан гельминтоз ҚБ гипофункциясының дамуын жанамалап шақыруы мүмкін. Мен осындай барлық жағдайларға аса назар аударып отырмын, себебі гипотиреоздың әрбір жағдайында оның себебін немесе іске қосушы механизм ретіндегі факторларды анықтау керек.
Гипотиреоздың даму қаупі барлық жастағы адамдарда бар. Сондықтан эндокринолог кеңесі мыналарға міндетті түрде қажет:
- Гипотиреоздың диагностикасы қандай?
- Гипотиреоз диагностикасы күрделі емес. Қалқанша безі қызметінің төмендеуін анықтау қажет. Бұл бірінші кезекте ТТГ, бос Т3 пен Т4 гормондарының деңгейін анықтау болып табылады.
ТТГ-ның жоғары деңгейі мен Т3 және Т4-тің қалыпты деңгейі - бұл субклиникалық гипотиреоз жағдайы.
ТТГ-ның жоғары деңгейі мен Т3 және Т4 деңгейінің төмендеуі – манифесттік гипотиреоз. Осы жағдайда гипотиреоздың клиникалық белгілері байқалады.
Бұл ауру баяу және байқатпай дамитынын, ұзақ уақыт клиникалық белгілерінің болмауын айта кеткен жөн. Адамдар пайда болған шаршағыштықты басқа факторлармен байланыстырады.
Біздің Instagram-ға жазылыңыздар
- Гипотиреоздың депрессиямен байланысы бар ма?
- ҚБ гипофункциясы депрессия бетпердесімен жасырынуы мүмкін. Оның қызметінің жетіспеушілігі барлық зат алмасу үдерістерінің баяулауына, температуралық режимнің, қан айналымының төмендеуіне, әлсіздікке, ұйқышылдыққа әкеледі. Адам өзін тұманда жүргендей сезініп, оның белсенді өмір сүріп, жұмыс істеуіне қуаты болмайды. Нәтижесінде адамның өз өзін бағалауы төмендейді.
Маған көптеген науқастар үрейлік жағдаймен келеді. Мысалы, дұрыс емес тамақтану ағзаға магнийдің түспеуіне әкеледі. Ал магний мелатониннің негізгі құрауші бөлігі. Мелатонин жоқ болса, үрейлік, шекаралық жағдайлар мен үрейлік шабуылдар болады. Осындай барлық проблемаларды микроэлементтерді толтыру арқылы шешуге болады. Мұндай науқастар маған психолог және психотерапевтке барған соң, өкінішке орай, жағдайы жақсармаған соң келеді.
Гипотиреоздың қарама-қарсы жағы – ТТГ деңгейі төмен, ал Т3 пен Т4 деңгейі жоғары болатын гипертиреоз. Мұндай адамда үрей, қорқыныш, денесінің түршігуі, тершеңдік болады. Сонымен қатар балаларыңыз бен өздеріңіз уақытылы ұйықтағандарыңыз жөн деп айтқым келеді. Кешкі 22.00 сағаттан кеш жатпау керек! Толыққанды емес ұйқы біздің психикалық денсаулығымыздың қайта қалпына келіп үлгермеуіне әкеледі. Осыған байланысты адамдарда үрейлік жағдай, тіпті депрессия дамуы мүмкін.
Өте кеш ұйықтау – бұл ағзадағы барлық үдерістердің бұзылыстары, күйзеліс гормоны болып есептелетін кортизолдың артық өндірілуі. Міндетті түрде қараңғы бөлмеде ұйықтау керек. Өйткені тек сол кезде ғана қызметті қалыпты атқаруға қажетті гормондар өндіріледі. Мелатонин кешкі 20.00-ден 22.00-ге дейін түзіледі. Егер біз оны қажетті мөлшерде алмасақ, онда қуаныш пен бақыт гормоны – дофаминнің мөлшері төмендейді. Ал егер дофамин болмаса, онда адамдар тәтті азық-түліктер, көмірсулар жей бастайды. Нәтижесінде асқорыту жүйесінде әр түрлі проблемалар туындайды. Осылайша тұйықталған шеңбер болады.
Ал шын мәнінде барлығы өте оңай – үйлестірілген тамақтану бойынша ережелерді сақтау және ұйқы, демалыс және жұмыста дұрыс тепе-теңдікті сақтау.
- Гипотиреозды қалай емдейді?
- Гипотиреозды емдеуге салмақ, жас және қосымша ауруларды ескере отырып, индивидуальды мөлшерді есептеп, гормоналды орынбасушы терапияны тағайындау кіреді. Тироксин гормоны тағайындалады.
Субклиникалық гипотиреозды (ТТГ жоғары, ал Т3 пен Т4 деңгейі қалыпты) емдеу керектігі бойынша әлі күнге дейін нақты бір пікір жоқ. Мұнда барлығы индивидуальды. Әрине, егер науқаста гипотиреоздың клиникалық белгілері болса, онда орынбасушы гормоналды терапияны тағайындау туралы сұрақ туындайды. Алайда менің тәжірибем бойынша көп жағдайда субклиникалық гипотиреозды динамикалық бақылау керек, гормоналды терапияны тағайындауға асықпау қажет. Керісінше ҚБ гипофункциясына алып келуші себепті, іске қосушы механизмді табуға тырысу керек. Содан кейін зерттеу нәтижелері бойынша одан арғы ем туралы шешім қабылдау қажет.
Туа біткен гипотиреозды да гормондармен емдеу керек. Себебі ҚБ гормондарының тапшылығы бала дамуында көптеген аса қауіпті бұзылыстарды шақыруы мүмкін.
Айдың үздік дәрігеріне Хайбулина Альбина Камильевнаға 3 әдіспен жазылуға болады:
- сайтта өтінім қалдыру,
- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
- +7(707)2255009 нөмір бойынша өз бетімен хабарласу.
Байқауымыздың серіктесі Labor Medical-ге дәрігерге ұсынған сыйлығы, яғни медициналық киім жинақталымын таңдау мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз. Бұл бренд жоғары сапа, ыңғайлылық пен стильді өз бойына сыйғызған. Осыған орай бұл толық жұмыс күні уақытында дәрігерге өзін жайлы сезінуге мүмкіндік береді.