• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Жоғары қан қысымы (гипертония) туралы бізге мынаны білу міндетті

    Жоғары қан қысымы дегеніміз не?

    Жоғары қан қысымы немесе гипертония сіздің қан қысымыңыз қалыпты деңгейден жоғарылағанда дамиды.  Артериалдық қан қысымын өлшегенде қан тамырлары арқылы қанша қан өтетіні және жүрек жұмысы барысында қан қандай кедергіге тап болатыны есепке алынады. Ұзақ мерзімді келешектегі жоғары қан қысымы денсаулықтағы кінәраттың, соның ішінде жүрек ауруының дамуына әкелуі мүмкін. 

    Гипертония өте жиі кездеседі. Әдетте гипертония бірнеше жылдар ішінде дамиды. Сіз ешқандай белгілерді байқамауыңыз да мүмкін. Алайда еш белгісіз жоғары қан қысымы қан тамырлары мен ағзаларды, соның ішінде ми, жүрек, көз бен бүйректі зақымдауы мүмкін. 

    Омаров Бауржан Майданович
    22 года стажа работы, Аритмолог, Кардиолог
    4.9 Рейтинг
    93 отзыва
    22 года стажа работы
    Online консультация

    Гипертонияны ерте анықтау өте маңызды. Қан қысымын тұрақты өлшеп тұру дәрігерге кез келген өзгерістерді анықтауға көмектеседі. Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, онда дәрігер қан қысымын бірнеше апта бойы өлшеп тұруыңызды сұрауы мүмкін. Бұл қан қысымының қалыпты деңгейге түсуін немесе жоғары деңгейде тұрақты сақталуын көруге мүмкіндік береді.

    Гипертонияны емдеуге дәріқағаз бойынша дәрілік заттарды қабылдау мен салауатты өмір салтын өзгерту кіреді. Егер ауруды емдемесе, онда денсаулықта әр түрлі проблемалар, соның ішінде жүрек талмасы мен инсульт дамуына әкелуі мүмкін.

    Қан қысымының жоғарылауын не шақырады?

    Гипертонияның екі түрі бар. Әр түрінің өз себебі болады. 

    Біріншілік гипертензия

    Біріншілік гипертензия эссенциалды гипертензия деп те аталады. Гипертонияның бұл түрі себебін анықтаусыз уақыт өте келе дамиды. Көптеген адамдарда осындай жоғары қан қысымы болады. 

    Артериалдық қан қысымының баяу жоғарылауының механизмі әлі күнге дейін зерттеушілерге түсініксіз. Бірнеше факторлардың бірлесуі маңызды рөл атқаруы мүмкін. Бұл факторларға жатады:

    • Гендер: кейбір адамдардың гипертонияға генетикалық бейімділігі болады. Бұл ата-аналарыңыздан қабылдаған гендердің ақауы немесе мутациясының салдары болуы мүмкін.
    • Физикалық өзгерістер: егер сіздің денеңізде бірнәрсе өзгеріске ұшыраса, онда сіздің бүкіл денеңізде проблемалар туындауы мүмкін. Жоғары қан қысымы осындай проблемалардың бірі болуы мүмкін. Мысалы, қартаюға байланысты бүйрек қызметінің өзгерісі ағзадағы сұйықтық пен тұздың табиғи тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Бұл өзгеріс сіздің ағзаңыздағы қан қысымының жоғарылауын шақырады.
    • Қоршаған орта: физикалық белсенділіктің болмауы мен дұрыс емес тамақтану сияқты зиянды өмір салты уақыт өте келе сіздің денсаулығыңызға әсер етуі мүмкін. Зиянды өмір салтын таңдау салмақпен проблеманың туындауына әкеледі. Артық салмақ немесе семіздік гипертонияның даму қаупін жоғарылатады.
    Китуев Болатжан Балгазиевич
    16 лет стажа работы, Аритмолог, Кардиолог
    5.0 Рейтинг
    5 отзывов
    16 лет стажа работы

    Екіншілік гипертензия

    Екіншілік гипертензия  жиі өте тез дамиды және біріншілік гипертензияға қарағанда қауіптірек болуы мүмкін. Екіншілік гипертензияны шақыратын бірнеше жағдайлар:

    • бүйрек ауруы
    • ұйқы кезіндегі обструктивті апноэ
    • жүректің туа біткен ақаулары
    • қалқанша безінің проблемалары
    • дәрілердің жанама әсерлері
    • тыйым салынған есірткілерді пайдалану
    • ішімдікті артық немес ұзақ ішу
    • бүйрек үсті безінің проблемалары
    • кейбір эндокринді ісіктер
    Гараева Лилия Айратовна
    14 лет стажа работы, Аритмолог, Кардиолог, Реабилитолог
    4.9 Рейтинг
    15 отзывов
    14 лет стажа работы
    Для детей и взрослых

    Гипертонияның белгілері қандай?

    Әдетте гипертония ешқандай белгісіз өтеді. Көптеген адамдар ешқандай сиптомдарды басынан кешпейді. Симптомдары анық болуы, ауру қауіпті деңгейге жетуі үшін бірнеше немесе ондаған жылдар қажет болады. Тіпті мұндай жағдайда сипмтомдар басқа проблемалармен байланысты болуы мүмкін. 

    Гипертонияның ең басты белгісі бас ауруы болып табылады. Бұл бас миы тамырларының тарылуы, спазмы салдарынан болады. Сонымен қатар гипертонияның ең жиі белгілеріне жатады:

    • Құлақтағы шу
    • Көз алдында «шіркейлердің» ұшуы
    • Жалпы әлсіздік
    • Ұйқының бұзылысы
    • Бас айналу
    • Бастың ауырлау сезімі
    • Жүректің қатты қағуы

    Ауыр гипертонияның симптомдары:

    • бас ауруы
    • ретсіз тыныс алу
    • мұрыннан қан кету
    • бас айналу
    • кеудедегі ауру сезімі
    • көру қабілетінің өзгеруі
    • құлақтағы шу
    • зәрде қанның болуы

    Бұл белгілер шұғыл медициналық көмекті талап етеді. Олар гипертониясы бар адамдардың бәрінде бола бермейді. Алайда бұл симптомдардың пайда болуын күту өте қауіпті болады. 

    Сізде гипертонияның бар-жоғын білудің ең жақсы әдісі – артериалды қан қысымын тұрақты өлшеу. Әдетте артериалды қан қысымы кез келген дәрігердің қабылдауында өлшенеді. Жылына 1 рет медициналық бақылаудан өтуге кеңес береміз.

    Ким Зинаида Григорьевна
    41 год стажа работы, Аритмолог, Кардиолог
    4.9 Рейтинг
    369 отзывов
    41 год стажа работы
    Online консультация

    Жоғары қан қысымының диагностикасы 

    Артериалды қан қысымын өлшегендей гипертонияны анықтау өте оңай. Көптеген дәрігерлер кабинетінде артериалды қан қысымы әдеттегі қаралу кезінде тексеріледі.

    Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, дәрігер бірнеше күндер немесе апта  ішінде қосымша көрсеткіштерді  жазып алуды сұрауы мүмкін. Гипертония диагнозы сирек 1 реттік өлшеуден кейін қойылады. Дәрігерге тұрақты мәселенің  бар екеніне дәлел керек. Өйткені сіздің айналаңыздағы көптеген факторлар, мысалы, дәрігер қабылдауында болатын стресс қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар артериалды қан қысымының деңгейі тәулік ішінде өзгеріп тұруы мүмкін. 

    Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары деңгейде сақталып тұрса, онда дәрігер негізгі ауруларды жоққа шығару үшін қосымша талдаулар тағайындауы мүмкін. Бұл сынамаларға зәр талдауы, холестерин скринингі мен қанның басқа да талдаулары, ЭКГ, жүректің, бүйректің  УДЗ жатады.

    Осы сынамалар дәрігерге қан қысымының жоғарылауын шақыратын екіншілік проблемаларды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл зерттеулер жоғары қан қысымының сіздің ағзаларыңызға қаншалықты әсер еткенін анықтауға мүмкіндік береді.

    Осы мезеттен бастап дәрігер гипертонияны емдеуді бастайды. Ауруды ерте емдеу тұрақты бұзылыстардың даму қаупін азайтады.

    Ищанова Бахытгуль Хайбрахмановна
    18 лет стажа работы, Гастроэнтеролог, Кардиолог, Семейный врач
    5.0 Рейтинг
    36 отзывов
    18 лет стажа работы
    Для детей и взрослых
    Online консультация

    Жоғары қан қысымының көрсеткіштерін қалай түсінуге болады 

    Артериалды қан қысымының көрсеткіштерін екі сан құрайды:

    Систолалық қысым: бұл бірінші немесе жоғарғы сан. Ол сіздің жүрегіңіз соғып, қанды айдаған кезде, яғни жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы кезінде артериялардағы қысымды көрсетеді.   

    Диастолалық қысым: бұл екінші немесе төменгі сан. Бұл жүректің соққылары арасындағы, яғни жүрек бұлшықеттерінің босаңсуы кезінде артериялардағы қысым көрсеткіші болып табылады. 

    Ересектер үшін артериалды қан қысымы көрсеткіштерін 5 категория айқындайды:

    Қолайлы: Қалыпты қан қысымы 120/80 миллиметр сынап бағанасынан төмен  (мм с. б.) көрсеткішті құрайды.  

    Қалыпты: Систолалық сан 120-дан 129 мм с. б. дейін, ал диастолалық сан - 80 – 84 мм с.б. құрайды. Дәрігерлер әдетте мұндай қысымды дәрілік заттармен емдемейді. Мұның орнына дәрігер бұл көрсеткіштерді төмендету үшін өмір салтын өзгертуді ұсынуы мүмкін. 

    Жоғары қалыпты: систолалық сан 130-дан 139 мм с.б. дейін, диастолалық сан 85-ден 89 мм с.б. дейін құрайды.

    1-ші дәрежелі артериалды гипертензия: систолалық сан  140 – 159 мм с. б., диастолалық сан 90 - 99 мм с. б. тең.

    2-ші дәрежелі артериалды гипертензия: систолалық сан 160 - 179 мм с. б., диастолалық сан 100 - 109 мм с. б. тең.

    3-ші дәрежелі артериалды гипертензия: систолалық сан 180 мм с. б. жоғары, диастолалық сан 110 мм с.б. жоғары болады. Осы ауқымдағы артериалды қан қысымы шұғыл медициналық көмекті талап етеді. Егер осындай жоғары артериалды қан қысымы кезінде кеудедегі ауру сезімі, бас ауруы, ентігу немесе визуалды өзгерістер болса, онда медициналық көмек жедел көмек беру бөлімшесінде көрсетілуі керек.  

    Жоғары қан қысымын емдеу нұсқалары

    Сіз үшін тиісті ем нұсқасын анықтау үшін дәрігерге бірнеше факторлар көмектеседі. Бұл факторларға гипертония түрі мен анықталған себептер жатады. 

    Біріншілік гипертонияны емдеу нұсқалары

    Егер дәрігер біріншілік гипертонияны анықтаса, онда өмір салтын өзгерту жоғары қан қысымын төмендетуге көмектеседі.  Егер өмір салтын өзгерту жеткіліксіз болса немесе тиімділігі төмендесе, онда дәрігер дәрілік препараттарды тағайындауы мүмкін. 

    Екіншілік гипертонияны емдеу нұсқалары

    Егер дәрігер гипертонияны шақырған негізгі мәселені анықтаса, онда ем осы анықталған мәселені шешуге бағытталады. Мысалы, сіз қабылдай бастаған дәрі қан қысымының жоғарылауын шақырса, дәрігер осындай жанама әсері жоқ басқа препаратты тағайындауға тырысады. 

    Кейде негізгі мәселені емдеуіне қарамастан гипертония сақталуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер өмір салтын өзгерту және артериалды қан қысымын төмендетуге көмектесетін дәрілерді тағайындау үшін сізбен бірге жұмыс жасайды.

    Гипертонияны емдеу жоспары жиі өзгеріп тұрады. Ем басында көмектескен дәрілер кейінірек пайдасыз болып мүмкін.

    Морозова Лариса Федоровна
    31 год стажа работы, Кардиолог
    5.0 Рейтинг
    39 отзывов
    31 год стажа работы

    Жоғары қан қысымын емдеу кезінде қолданылатын дәрілер

    Көптеген адамдар жоғары қан қысымын емдеуде қолданылатын дәрілерді таңдау және қателесу кезеңдерін бастан кешеді. Сізге шипа болатын дәріні немесе оның комбинациясын тапқанға дейін бірнеше дәрілерді ішуіңізге тура келуі мүмкін.  

    Гипертонияны емдеу үшін қолданылатын бірнеше препараттарға жатады:

    Бета-адреноблокаторлар: сіздің жүрегіңіздің баяу және аз күш жұмсаумен жұмыс істеуін шақырады. Бұл жүректің әр соққысы кезінде артерия арқылы өтетін қан көлемін азайтады. Нәтижесінде қан қысымы төмендейді. Бета-адреноблокаторлар сіздің ағзаңыздағы қан қысымын жоғарылататын кейбір гормондарды тежейді.    

    Зәр айдағыштар: натрий деңгейінің жоғары болуы мен ағзадағы артық сұйықтық қан қысымын жоғарылатуы мүмкін. Зәр айдағыштар  бүйректерге ағзадан артық натрийді шығаруға көмектеседі.  Натрий сыртқа шыққанда, қан айналысындағы артық сұйықтық зәрмен шығып, қан қысымының төмендеуіне әкеледі. 

    АПФ ингибиторлары: ангиотензин – қан тамырларының тарылуын шақыратын химиялық зат. АПФ ингибиторлары (ангиотензин айналдырушы фермент) ағзаның осы химиялық затты көп мөлшерде түзуіне мүмкіндік бермейді. Бұл қан тамырларының босаңсуына көмектеседі және қан қысымын төмендетеді. 

    Ангиотензин II рецепторларының тежегіштері: АПФ ингибиторлары ангиотензин түзілуін тежеп жатқан уақытта ангиотензин II рецепторларының тежегіштері ангиотензиннің рецепторлармен байланысуын тежейді. Осы химиялық зат болмаса, қан тамырлары тарылмайды. Бұл қан тамырларын босаңсытады және қан қысымын төмендетеді.  

    Кальций каналдарының тежегіштері: бұл дәрілер  сіздің жүрегіңіздің бұлшықетіне кальцийдің белгілі бір бөлігінің түсуін тежейді. Осы жағдай жүректің баяу соғуына және төмен қан қысымына әкеледі. Бұл  дәрілер қан тамырларына да әсер етеді. Олардың босаңсуын шақырып, қан қысымының одан әрі төмендеуіне әкеледі. 

    Альфа-2 агонистері: дәрілердің бұл түрі қан тамырларының тарылуын шақыратын жүйке импульстарын өзгертеді. Нәтижесінде қан тамырлары босаңсып, қан қысымы төмендейді. 

    Алматы, Астана және Семей қалаларының үздік кардиологтарына тікелей TopDoc.me сайтында немесе +7 (707) 22 55 009 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.