• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Көктемгі D дәрумені: көңіл-күйді көтеріп, сергітіп, артық салмақтан арылуға көмектеседі

    Осының бәрі D дәрумені туралы айтылған. Бірақ оны тек дәрігер кеңесі мен сараптама жасаған соң ғана қабылдауға болады.   

    Қазіргі уақытта, көкөністер мен жеміс-жидектер жыл бойы  дастарханда болғанымен, көктемге таяу біз күшіміздің азайғанын, жабырқаңқы көңіл-күй, кейде бұлшықет пен сүйектердің ауыратынын сеземіз. Бұның себебі,  қыс мезгілі уақытында біздің ағзамызда күннің терімізге әсер етуінен  пайда болатын D дәруменінің  тапшылығы дамиды. D дәрумендері – биобелсенді заттар тобы. Олардың ішінен біз тек холекальциферол (D3) мен эргокальциферолды (D2)  ғана білеміз. 

    D дәрумені біздің ағзамызға қажетті ең маңызды заттардың бірі болып табылады. Ол сүйектердің беріктігіне жауап береді, иммунитетті көтереді, «қуаныш гормоны» деп аталатын серотониннің деңгейін бірқалыпты ұстап тұрады, тағамнан пайдалы элементтердің сіңуіне көмектесу арқылы ағзаны қуаттандырады, дені сау баланың дүниеге келуі мен артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді.  

    Барлығынан хабардар болыңыз.

    Біздің https://t.me/TopDocKz Telegram каналымызға жазылыңыз.

    Неліктен 30% артық тұрғындарда D дәруменінің тапшылығы байқалады? 

    • Балалар мен жасөспірімдерге көп мөлшерде D дәрумені қажет. Себебі олардың сүйектері жылдам өседі, ал кальций  D  дәруменісіз тағамдардан сіңірілмейді. Заманауи балалар таза ауада өте аз уақыт жүреді  және  дәруменнің табиғи жолмен түсуі жеткіліксіз болады .  
    • Кеңсе қызметкерлері және жалпы жабық бөлмелерде жұмыс істейтін адамдар күн көзіне сирек шығады. Сонымен қатар күн сәулесінің түсуіне қаладағы тұманды түтін де бөгет жасайды.   
    • Әйелдер ерекше осал болады. Себебі олар көп жағдайда УФ-сүзгісі бар иісмайын пайдаланады. Бұл күннің теріге онсыз да аз әсерін  одан әрі қиындатады. 
    • 50 жастан асқан әйелдер мен ерлерде кальций мен D дәруменінің сіңуі табиғи себептерге байланысты азаяды. Осы жағдай сүйектердің сыңғыштығы – остеопороз бен буын ауруларының дамуына әкеледі.  
    • Егде жастағы адамдар аз қозғалатынына байланысты далада сирек жүреді, бұл да D тобының дәрумендерінің жеткіліксіздігіне алып келеді.  

    Сонымен бірге, соңғы ғылыми зерттеулерге сәйкес, D дәруменінің тапшылығы артериалды гипертензия (гипертония), жүрек-қантамыр жүйесінің жеткіліксіздігі, метаболикалық синдром (семіздік), қант диабеті  сияқты аурулардың даму қаупімен байланысты.  

    D дәрумені тапшылығының белгілері қандай?    

    • Әлсіздік, шаршағыштық, шаршағандықты таңертеңнен сезіну;
    • Жабырқаңқы көңіл-күй, мұңды болу, депрессивтік жағдай;
    • Бас тершеңдігі;
    • Бұлшықет пен сүйектерде ауру сезімі;
    • Жиі вирустық жұқпалар;
    • Ішек проблемалары (іш қату, іш өту);
    • Артық салмақ;
    • Оқушыларда – сабақ үлгерімінің нашар болуы, шаршағыштық, есте сақтаудағы қиындықтар.

    D дәруменінің тапшылығы жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерде өте қауіпті. Бірақ болашақ ана мен нәрестені дәрігерлер бақылайды және рахит типті бұзылыстардың пайда болуына жол бермейді.  Ал оқушылар мен ересектер осындай маңызды заттың тапшылығы неге әкеліп соғатынын біле бермейді. 

    Егер сіз жоғарыда айтылған белгілерді өзіңізде байқасаңыз, мүмкін сізге дәрігер-эндокринологқа  қаралу керек. D ДӘРУМЕНІН ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ДӘРІГЕРДІҢ ТАҒАЙЫНДАУЫНСЫЗ ҚАБЫЛДАУҒА БОЛМАЙДЫ!  Бұл дәруменнің артық мөлшері өте ауыр салдарға, соның ішінде бүйректің қайтымсыз бұзылыстарына әкеп соғады.

    Дәрігердің қабылдауынан бұрын D дәруменінің мөлшерін анықтау үшін қан сараптамасын жасауға болады.   

    Сараптама жасау мен дәрігердің қабылдауына  тікелей TopDoc.me  сайты немесе мына телефон нөмірлері  +7 (727) 22-55-009+7 (708) 22-55-009 арқылы  жазылуға болады.   

    Сервис 39 жоғары мамандандырылған эндокринологтармен  бірге қызмет істейді.

    Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

    БАЛАДА ДЕНЕ ҚЫЗУЫ МЕН АУРУ СЕЗІМІ – НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

    АҒЗАМЫЗДА ПАРАЗИТТЕРДІҢ БАР-ЖОҒЫН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ ?

    ЖҮЙКЕ ТАМЫРЛАРЫ МЕН СІҢІРЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ: ТИІМДІ ОҢАЛТУДЫ ҚАЙДА ӨТУГЕ БОЛАДЫ

    «АҚЫРЫ МЕН ӨЗ ДӘРІГЕРІМДІ ТАПТЫМ!» Қыркүйек айының үздік дәрігері

    АЛМАТЫДА МРТ-НЫ ҚАЙДА ЖАСАҒАН ДҰРЫС?

    TOPDOC.ME ҰСЫНАТЫН КЕҢЕСТЕР: МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?