• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Сүт безі рагы (Рак молочной железы қазақша)

    Сүт безі рагы – сүт безінің бездік тінінің қатерлі ісігі. Рактың бұл түрі кең тараған онкологиялық аурулардың бірі болып табылады, жыл сайын әлемде 1 миллионға жуық жаңа жағдайлар тіркеледі. Сүт безі рагы әйелдерде де, ерлерде де кездесуі мүмкін. Алайда ерлер арасында кездесуі тек 1%-ға тең.   

    СЕБЕПТЕРІ

    Сүт безі рагы дамуының ең басты себебі тұқымқуалаушылық болып есептеледі. Сонымен қатар эстрогеннің жоғары деңгейі рактың осы түрінің дамуына әкелетіні дәлелденген. 

    Сүт безі рагының даму қаупіне әсер ететін факторлар:

    • алғашқы етеккірдің ерте келуі (12 жасқа дейін);
    • кеш менопауза (55 жастан кейін);
    • бездер гиперплазиясының болуы;
    • жатыр қосалқыларының қабынуы;
    • әйелдер жыныс мүшелерінің рагы;
    • сүт бездерінің жарақаты;
    • қант диабеті;
    • темекі шегу мен ішімдік ішу;
    • 10 жылдан аса экзогенді гормондарды қабылдау;
    • гипертония;
    • семіздік;
    • әр түрлі химикаттар немесе сәулелендірудің әсері.

    КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

    Сүт безі рагы ерте кезеңде ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін. Сүт бездерін пальпациялау арқылы ракты анықтауға болады. 

    Рак белгілеріне жатады:

    • кеуде немесе қолтық асты аймағында кішігірім қатаю;
    • сүт безінің формасы мен көлемінің өзгеруі;
    • сүт безінде шұңқыр немесе әжімнің анықталуы;
    • сүт безінің терісі, оның ұшы немесе ареоланың жарылуы, қызаруы немесе ісінуі;
    • сүт безі ұшынан бөлінділердің болуы, сүт безі ұшы тінінің қатаюы;
    • қолтықасты немесе мойын аймағындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
    • кеуде аймағындағы ауру сезімі.

    Жоғарыда аталған белгілердің біреуі анықталса, дереу дәрігерге қаралу қажет. 

    ДИАГНОСТИКАСЫ

    Диагностиканы маммолог пен онколог жүргізеді. 

    Диагностикалық шаралар кешеніне кіреді:

    • науқасты қарап тексеру мен анамнез жинау;
    • цифрлік маммография, УДЗ, сүт бездерінің МРТ жүргізу; 
    • эластография («фиброскан»);
    • тіндер биопсиясы мен лабораторлық зерттеулер;
    • гормоналдық фонды тексеру.

    ЕМІ

    Сүт безі рагын емдеуге хирургиялық, сәулелік, гормонотерапия, химиотерапия сияқты дәрілік ем және таргеттік ем кіреді. Емдеу әдісі ісік түріне және науқастың жағдайына байланысты таңдалады. Емнің ең тиімді түріне хирургиялық кірісулер мен сәулелік немесе медикаментозды терапияны қатар жүргізу жатады.  Хирургиялық кірісулер кезінде мастэктомия (сүт безін толық алып тастау) немесе мүшені сақтап қалу отасы жасалады. 

    АСҚЫНУЛАРЫ

    Сүт безінің рагы әкелуі мүмкін:

    • метастаздануға;
    • рактық кахексияға;
    • жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларына;
    • өлімге.

    АЛДЫН АЛУ

    Рактың дамымауына ешқанда жағдай толық кепіл бере алмайды. Алайда үнемі өзін-өзі тексеріп тұру, дәрігер-маммологқа қаралу, жылына 1 рет маммография өту ракты ерте кезеңінде анықтауға және өлімнің дамуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әйелдердің жыныс мүшелері мен сүт бездері ауруларын дер кезінде емдеу, ағзаның гормоналды тепе-теңдігін бақылау, қалыпты дене салмағын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану ұсынылады. 

    Мүмкін сізге осы мақала пайдалы болар:

    Сүт безінің қатерлі ісігі: маммологтан қорқудың қажеті жоқ!

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен онколог-маммологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.